Біздің оқырмандар

ТӘУЕЛСІЗДІК ШҚО, Жарма ауданы, Әди ауылы Бастауыш сынып мұғалімі: Искакова Эльмира Ерлановна

20161214_172545

Мерекелік іс шараның көрінісі

Тәрбие сағаты: «Тәуелсіз елім, Қазақстан!»

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім, Қазақстан!»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға Қазақстан туралы, оның тәуелсіздігі туралы мәлімет беру. Тәуелсіздікке қалай жеткендегін баяндау, көрсету.
Білімділік: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: танымдық сағат
Тәрбие сағатының типі: өнеге сабақ
Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, ҚР-ның рәміздері: Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті. «Туған ел» суреті
Нақыл сөздер, слайд.
Тәрбие сағатының жоспары:
І. Кіріспе бөлім
Топтастыру
ІІ. Негізгі бөлім
Әдеби монтаж
ІІІ. Қорытынды бөлім
Қорытынды сөз
Тәрбие сағатының барысы:
І. Кіріспе бөлім

Мұғалім сөзі. Қазақстан туралы не білеміз?

демократиялы зайырлы

құқықты көпұлтты

әлеуметті біртұтас

Тәуелсіз елімізге биыл 25 жыл. Осы жылдар ішінде Қазақстан талай жетістіктерге қол жеткізді. (слайдқа назар аудару). Міне, оқушылар, біздер елімізбен мақтанамыз.
1991 жылы желтоқсанның 1-інде Республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
1991жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы жоғарғы сессиясы елімізді «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жариялады.
1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады. 4 маусымда Президент ҚР –ның мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы ҚР –сы заңдарына қол қойды.
1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
1994 жылы 10 маусымда қазақ халқының екінші қыраны, ғарышкер – Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.
1998 жылы 20 мамырда Қазақстан Республикасының астанасы –Астана (Ақмола) қаласы болып бекіді. Ал10 маусымда жаңа кіндік қала ретінде Астананың тұсаукесері болды.
2006 жылы Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы болды.
2008 жылы Астанаға 10 жыл.
2010 жылы ҚР Европа Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы Саммитіне төрағалық етті.
2011жылы Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл.
2011 жылы Қазақстанда тұңғыш рет 7-қысқы Азиада ойындары өтті.
2015жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы тойланды
2015 жылы қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты.
2015жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясына 20 жыл
2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланып жатыр
2015 жылы ҚР Конституциясына 20 жыл
2015 жылы Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жылдығы тойланды.

Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
Нұрай:16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Әділет: Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
«Тәуелсіздік жарығы» атты шағын көріністі тамашалаңыздар.
Немересі: Әже, әже далада адамдар салют атып, қуанып жатыр, ол ненің мерекесі?
Әже: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой, балам.
Немересі: Онда маған өткен өміріңізді айтып бересіз бе?
Әже: Мен өткен өмірімді айтсам, басым ауырады.
Немересі: Онда тынығып алайық. (немересі түс көреді)
Немересі: Әже, әже мен түсімде жарық күннің көзін көрдім.
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой.
Немересі: Онда мен достарымнан сүйінші сұрап келейін. Сүйінші, сүйінші тәуелсіздіктің жарық күні шықты.

Тілек: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Маржан: Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

Аяулым: Бостандық құтты болсын ерікті ел,
Айдын көл, көк майсалы көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
Батырхан: Тәуелсіз ел азаттығың құтты болсын !
Ынтымақ пен бірлігің мықты болсын .
Өрлесін ұлылық пен қазақтығың,
Басыңнан арылмасын шуақты күн .

Данель:Тәуелсіз ел атандық,
Биік даңқың .
Бар әлемге әйгілі
Мәлім атың .

Жанель: Ата-баба қанымен,
Келген бізге .
Тәуелсіздік құт болып,
Қонды еліме.

Шуақ: Қорғап сені өтетін
Өле-өлгенше ,
Мақтанамын әлемге
Мен –азатпын.

Айша: Тәуелсіздік –достығымыз
Ынтымағы жарасқан.
Тәуелсіздік –ел бірлігі
Асқақ арман таласқан.

Талас: Тәуелсіздік өткеніміз
Саулардан сан асқан .
Тәуелсіздік-ертеңіміз.
Арайланып таңы атқан .

Естай: Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын елге ашқан
Көк байрақ, көк аспан
Алтын күн нұр шашқан.

Азамат: Әлемге танылған,
Тәуелсіз Қазақстан!
Менің туған жеріме,
Бақыт құсы қонды ғой.
Би: «Қазақ биі»
Ернұр: Тәуелсіздік ардагерім
Ұрпақтармен жалғасқан .
Тәуелсіздік –аға жолы
Болашаққа нық басқан.

Шұғыла: Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма
Оқу оқы, білім ал, елің үшін
Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.
Нұрай: Жаңарған берекелі еліміз бар,
Даласы гүлге толы жеріміз бар.
Кең өлкем байлығы мол, ынтымақты,
Шалқыған айдын-шалқар көліміз бар.

Ләззат: Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Жайдар:Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып
Қойнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

Ұлағат: Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің – Қазақстан!

Хор «Жаса Қазақстан»

Нұрхат: Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз
Ел намысын ешбір жанға бермейміз,
Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.

Көрініс: Атасы мен немересі. (Тілек, Олжас)
Атасы: Міне, балам, егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.
Немересі: Ата, «Егемендік» деген не?
Атасы: Егемендік «иесі» мен деген сөз
Көптен бері естімеген ерең сөз
Егемендік ел болудың белгісі.
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
Немересі: Күн болды бұл керемет,
Ақ түйе қарны жарылған.
Ел болдық шүкір не керек,
Әлемге аты танылған.
Атасы:
-Енді, міне желбіреген Көкбайрағымыз, айбынды Әнұранымыз, жарқыраған Елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік еліміздің кешегісін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар, айналайын ұрпағым!
Немересі:
Мереке бүгін ұлы күн-
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлы мен
Теңескен төбем көкпенен.
Тұрағым Қазақстан елді мекен,
Сүйгем жоқ, сүйе алмаймын жерді бөтен.
Танытқан бар әлемге қазақ атын,
Туымды асқақтата желбіретем.
Хор: «Көк тудың желбірегені»
Олжас: Бабам тұлпар жаратты
Құлынын да танып-ақ
Тұлпар барда қанатты
Шайқалмасын шаңырақ.

Аяулым: Тәуелсіздік көркі ол да,
Өрке ниет өрінде
Нұр төгеді Елтаңба
Ақ Орданың төрінде.

Ернұр: Енді бүгін өлген Туым тірілді
Әнұраным жалғап алды ғұмырды
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.

Нұрай: Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр…
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

Ләззат: Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім
Самғап жүрсек бостандықта, биікте
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.
Хор «Әрқашан күн сөнбесін»
Қорытынды:
Құттықтау сөз мектеп директоры Сембинов Есен Қалиасқарұлына беріледі. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! — дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз!
%d1%82%d3%99%d1%83%d0%b5%d0%bb%d1%81%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР

13-желтоқсан 2017 жылы «Өрлеу» АҚФ  ББЖ ҚБАРИ республикалық институтының тренерлерін шақыртумен  Алматы облысы, Талғар ауданы, Кеңдала ауылы, №38 орта мектепте «Тәжірибедегі рефлексия» тақырыбында республикалық семинар өтеді.

%d0%b1%d0%b0%d2%93%d0%b4%d0%b0%d1%80%d0%bb%d0%b0%d0%bc%d0%b0-38-%d0%bc%d0%b5%d0%ba%d1%82%d0%b5%d0%bf

«Бала Сұлтан» байқауы Искакова Эльмира Ерлановна ШҚО, Жарма ауданы, Әди ауылы Бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы:  «Бала сұлтан »

Мақсаты: Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттермен таныстыру.
Міндеттері:

Білімділік: Сұрақтар қоя отырып білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Әр баланың бойындағы қабілеттерін, ойлау әр түрлі жағдайлардан шыға білу,өнерін көрсету, тапқырлық , сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
Тәрбиелік: Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын, СТО
Көрнекілігі: Топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаздар, интерактивті тақта.
Құрылымы:

І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық

ІІ. Негізгі бөлім

І. «Тегімді менің сұрасаң» өзін таныстыру.

ІІ. «Көркіне ақылы сай» (сұрақ- жауап сайысы)

ІІІ. «Жігітке жеті өнер аз» (өз өнері)

IV. «Мен суретшімін» (көзді жұмып портрет салу)

V. «Қындық сандық»

VI. «Полиглот» (жұмбақ шешіп, жауабын 2 тілде айту)

VII. «Мен мергенмін»  (дәл тигізу)

VIII. «Тартыс»

IX. «Қол күрес»

ІІІ. Қорытынды. Жеңімпазды анықтау

Барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. (ұлттық музыка әуені ойналып тұрады.)

Әділдікпен баға берер жігітке,

Әділдікпен қара қырды жаруға.

Алқасын қазылардың біз сайлайық

Нағыз жігітті талдап бүгін алуға-деп бүгінгі «Бала сұлтан» байқауына қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Директор: Сембинов Е.Қ.

Оқу ісінің меңгерушісі: Искакова Р.А.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Оспанова Н.А.

Мұғалім:

Ортаға «Бала сұлтаны» байқауына қатысушыларды , сайып қырандарды шақырайық! Қарсы алайық !

Мұғалім:

Ақылы-көркі бойларына жетеді.

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызды өзімен,

Тез арада таныстырып өтеді, — деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң…» деп аталады.

 

Сайысқа қатысушы бала  сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер.

Келді кезек тапқырлықты танытар.

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,

Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көркіне ақылы сай» деп аталатын сайысымызға кезек берейік. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімін тексереміз.

Ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді.

7 – жеті қазынаны ата. (Ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық,жүйрік ат,ұшқыр тазы,қыран бүркіт,ақыл- білім)

Неліктен? — Неліктен газдалған суды шайқап ашқанда ол атылады? (ішінде газ бар)

Тәжірибе – судың түссіз екендігін  және сүттің ақ екендігін қандай тәжірибе арқылы білуге болады? (Шыны стаканға су құйып оның ішіне қасықты саламыз. Қасық стаканның ішінен көрініп тұрады. Демек, су түссіз. Стаканға сүт құямыз. Ішіне қасықты саламыз. Ішінен қасық көрінбейді. Демек, сүттің түсі ақ)

Ұлы жеңіс — Биыл Ұлы жеңіске неше жыл? (72 жыл)

Сандар сөйлейді – Юрий Гагарин ғарышқа қай жылы ұшты? (1961 жылы 12 сәуір)

Олимпиада – Бокстан Рио  олимпиадасының  чемпионы кім? (Данияр Елеусінов)

Теңге құпиясы – Теңгенің қанша құпия қорғанысы бар? (16-ға жуық)

ЭКСПО-2017 – «ЭКСПО – 2017» тақырыбы қалай? (Болашақ энергиясы)

Төрт түлік – Төрт түліктің пірін ата. (Қой – Шопан ата, ешкі – Шекшек ата,түйе – Ойсылқара,жылқы – Қамбар ата, сиыр – Зеңгібаба)

Елбасы – Нұлсұлтан Назарбаев ең алғаш кім болып жұмыс істеді? (металлугр)

Жазушы – Бала кезінде «Қоңыр қозы»  атанған жазушы кім? (М.Әуезов)

Бейнелеу – Жансыз заттардың бейнеленуі қалай аталады? (натюрморт)

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреулер ән салыпты.

Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,

Жігіттер аянбай-ақ жан салыпты, дей отырып, сайысымыздың «Жігітке 7 өнер де аз» бөлімін бастаймыз.

 Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші. Келесі кезең – Секіртпе. (секіртпемен секіріп жарысу)

Келесі кезең – «Мен суретшімін». (көзді жұмып тұрып портрет салу)

«Қындық сандық»  (Екі бала біріне-бірі арқаларын тигізіп, құшақтасып тұрады. Жүргізуші белгі бергенде бір-бірлерін жерден арқалап көтеріп алу керек. Кім бірінші көтерсе, сол жеңеді.)

 «Полиглот» (жұмсақ шешіп, жауабын 2 тілде айту)

1.Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,

Қара тауды арқалап бара жатыр. (құмырсқа, муравей, ant)

2. Тұмсығымен қозғалар,

Соңынан аппақ із қалар. (бор, мел, )

3.Бірі – атасы, бірі – анасы,

Қаптаған мың баласы. (жұлдыз, звезда, star)

4.Өмірді өлшейді, тіліңді алмайды,

Ешкімнен сұрамай тетігін бұрамай. (сағат, часы, o’clock)

5. Ортақ болып туады,

Табақ болып тынады. (ай, луна, moon)

6.Торғын көкте қара құс,

Ағылып ұшып барады.

Қағып екі қанатын,

Күннің көзін жабады. (Бұлт, облака, cloud)

Келесі кезең – «Мен мергенмін». (Дәл тигізу)

Келесі кезең – «Тартыс». (қолдарына ұстаған оқтауды екі бала ұстап тұрып тартады. Сызықтан асырып тартқан  бала жеңеді.)

«Қол күрес»

Мықты болсаң тығырықтан шыға біл

Келді кезек тапқырлықты танытар

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей

Жүлде сенде, қуана бер, күлімде.

ІІІ. Қорытынды.  Жеңімпазды анықтау.

Өздеріңізбен бірге қызықтан, өнерлерің тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділ-қазылар алқасына сөз береміз. Әр номинациялар бойынша мақтау мадақтау қағаздары тапсырылады.

Осымен «Бала сұлтан» атты сайысымызды аяқтаймыз.

%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d0%b0-%d1%81%d2%b1%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%bd

Ақтөбе облысы , Әйтеке би ауданы, Талдысай орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сотқарова Ләззат Әутайқызы.

images (5)

Ақтөбе облысы , Әйтеке би ауданы, Талдысай орта мектебінің  бастауыш класс мұғалімі  Сотқарова Ләззат Әутайқызы. Тәрбие сағаты Тақырыбы «Ауылым – алтын бесігім:» Мақсаты: Оқушыларды ауыл тарихымен таныстыру. Табиғатын қорғауға,елін,жерін сүюге, құрметтеуге  тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайд, плакаттар,сөзжұмбақ. Топқа бөлу .Оқушылар әріптер жазылған стикерлерді алу арқылы 3 топқа бөлінеді. Алған әріптерден 3 топта сөз  құрайды. Құраған сөздеріне ассоциатсия жасайды.

педагогикалық кеңес

DSC_1935

DSC_193520.03.2015 жылы «Оқушылардың  білімге  деген  құштарлықтары мен оқу сапасын жоғарылату мақсатында оқу мотивациясын дамыту жолдары» атты қалалық педагогикалық кеңес бағдарламасы негізінде   Алматы  қаласы №142 жалпы  білім  беретін мектептің  ұйымдастыруымен және  www.orleu.kz,www.gylym-bilim.kz  интернет ресурстарының ақпараттық қолдауымен өткізілген педагогикалық кеңес

Отан отбасынын басталады Жуманбаева Айгүл Оразқызы Ақмола облысы Көкшетау қазақ лицейі

ждло

Отан отбасынын басталады

Жуманбаева Айгүл Оразқызы

Ақмола облысы

Көкшетау қазақ лицейі

         «Отанды сүю отбасынан басталады» отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тәрбиесінің маңызы өте зор.  Баланың  өзінің тіліне, діңіне, ұлтына деген сүйіспеншілік  әкенің көзқарасынан, анасының сүтімен беріледі. Бала туғаннан өзінің тілінде әлдилеген ән тыңдаса, тілі шыққаннан мақал — мәтелдер естіп өссе баланың патриоттық сезімі оянбағанда қайтеді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм», ұғымдары өмір сүріп отырған заманның наным — сенімінен туындайды. Еліміз егемендік  алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы — қазақстандық патриотизм болып табылады. «Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін білдіреді.

«Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас» деген ха­лық нақылы тегіннен-тегін айтыла салмаған. Өйткені, Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған же­рі­нен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Отан­сүй­гіштік пен патриотизм бір-бірімен егіз ұғымдар. Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу- білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың ғана емес, әр жан ұяның бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана — қабілетінде, түсінік- талғамында, мінез- құлқында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген. «Баланы жастан» деген қазақта нақыл сөз бар, сондықтан да ата-аналар өздерінің жастығына сүйеніп, балаларының тәрбиесін өткізіп алып, жасы ұлғайғанда «қап, әттеген –ай» дегендер қаншама. Өзімнің ұстаздық тәжірибемде қарттардың немерелерін сүйреп, қазақ мектептеріне оқуға беріп, домбыра үйретіп жүргендер көп. Сондағы «Балаларымызға бере алмаған ұлттық тәрбиемізді, немерелерімізге беріп кетейік деп жүрміз» дегендер талай кездесті.

Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарына жан-жақты өнегелі тәрбие беру- қоғамымыздың алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі.  Балабақшада  сәбилерді ертегі арқылы, өлең, ойын арқылы Отансүйгіштікке тәрбиелейді. Мектепте жастарды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің  аса маңызды әрі жауапты да қадірменді парызы болып саналады. Мектеп жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізеді. Жас ұрпақтың «Жас қыран», «Жас ұлан» деп аталуының өзі балалардың патриоттық сезімін оятады. Мектепте өткізілген іс-шаралар балалардың есінде мәңгі сақталады, сондықтан сал-дәстүрлерге арналған қойылымдар балаларды қызықтырады, мағынасын түсінуге көмектеседі. «Отан- от басынан басталады» дейді халық даналығы. Лицейде өткізілетін сайыс балалар үшін ғана емес,ата-аналар үшін де өте маңызды іс- шара болып есептеледі. Демек, бала тәрбиесі- Отан мен ел мүддесі. Бүгінгі күні ата-аналардың кінәсі қыздарының басқа ұлтқа шығып, басқа мемлекетте қалуға рұқсат беруі. Біз ұлт тазалығын да сақтауымыз керек, жас кезінде байқалмаған ұлттық ерекшеліктер, жас ұлғайған сайын айқындала бастайды. Ал біздің өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз ше, сол сияқты әр ұлттың өз құндылығы. Ал дүниеге келген баланың құндылығы не болмақ. Сондықтан да еліміздің болашағы жас ұрпақ десек онда біз ата-аналар ұлттық сана- сезімі оянған, адамгершілігі және рухани ойлау дәрежесі жоғары дамыған, мәдениетті, парасатты, ар- ожданы мол, салауатты, бойында жоғары патриоттық санасы, өз елі үшін мақтаныш сезімі қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуге тиістіміз.

«Патриотизм»- ғасырлар бойы жинақталған ең терең сезімдердің бірі. Отанға деген сезім болмаса, патриот болу мүмкін емес. Біздің ата- бабаларымыз Отанын сондай сүйіп, оны барлық жаулардан қорғап, бүгінгі ұрпаққа сый ретінде ұсынды десек болардай. Ұлы Отан соғысынан келген атамыздың көзінен Отанына деген мақтанышы мен сүйіспеншілігін көріп,  әңгімесін естіп өскен біздің ұрпақ, сол патриоттық сезімді келесі ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз.    Отанның гүлденуіне және оны қорғауға деген патриоттық сезім адам жүрегінде өмір сүрген, өмір сүре бермек. Бірақ патриоттық сезім адамда өзінен өзі не болмаса туа пайда болмайды. Ол ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм ортаның, отбасындағы тәрбиенің, мектептің, мектепке дейінгі мекеменің және түрлі қоғамдық ой- пікірлердің әсер етуімен қалыптасады. «Патриотизм, – дейді ұлтымыздың батыры Б.Момышұлы, – Отанға, мемлекетке деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, яғни патриотизм дегеніміз – мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан өткені мен бүгінгі күні және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді». Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешегіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ, жандары таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті отанның қадірін ұғындыру, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір ұстаздың міндеті. Қорыта айтқанда тарих сабағында оқушылардың елін, отанын сүю сезімін қалыптастыру, ерлік рухын ояту – тарих пәні мұғалімінің басты борышы.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы Ы. Сулейменов атындағы № 37 орта мектебі Жоба авторы: Берікбосын Медетхан Жоба жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі Кокымбаева Гүлжан Сармамбетовна

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Ы. Сулейменов атындағы № 37 орта мектебі

Жоба авторы: Берікбосын Медетхан

Жоба жетекшісі: математика пәнінің мұғалімі Кокымбаева Гүлжан Сармамбетовна

 

Математиканың қазақ халқының тұрмыс — тіршілігінде қолданылуы.

 

Гипотеза: Жаратылыстану пәндерінің элементтері — қазақ халқының танымдық мұрасы мен мәдениетінде бірге дамыған ілім.

Өзектілігі: Қазақ халқының танымдық мұрасы, мәдениетінде математика пәнінің маңыздылығын көрсету. Қазақ халқының сәулет өнеріне жаратылыстану (математика, физика) пәндерінің қолданылу даналығы.

Мақсаттары:

1. Қазақ халқының салт — дәстүрлерімен танысып, математиканың қолданылуына зерттеу жүргізу

2. Ата — бабамыздың қолданған бұйымдарының жаратылыстағы белгілі бір жүйелігі мен заңдылықтарын зерттеу

Зерттеу әдістері:

1. Жаркент қаласындағы Уәлибай мешітіндегі сақталып келе жатқан бұйымдарды суреттеп, зерттеу

2. Аудандық және мектеп кітапханаларынан кітаптар алып, мәліметтер жазу

Зерттеу бөлімі: математика ғылымының қазақ халқының күнделікті тіршілігіндегі жоғарғы орны зерттелді.

Қорытындылар: Ұлттық тұрмыстың бұйымдар жасалуы мен бала тәрбиесіне математика кеңінен қолданылғанын, қазақ халқының танымдық мұрасы, мәдениеті қазіргі математика пәніне қызығушылығын арттыруға үлесі көп екенін көрсеттік. Қорыта келгенде біз өмір сүріп отырған тылсым дүние құпия күштерге толы, ол белгілі бір заңдылыққа бағынады. Оны зерттеп, ашу ұрпақ міндеті.

 

Жұмыстың мазмұны

Кіріспе бөлімі

I тарау

1. Жұмыстың мақсаты мен міндеті

2. Зерттеу жаңалығы

II тарау

1. Қазақ халқының тұрмыс — тіршілігінде математиканы қолдану

2. Ұлттық тұрмыстық бұйымдар жасалуы, бала тәрбиесіне математика кеңінен қолданылуы

 

Жұмыстың мақсаты

Қазақ халқының танымдық мұрасы, мәдениетінде математика пәнінің маңыздылығын көрсету. Қазақ халқының сәулет өнеріне математика пәнінің қолданылу даналығы.

Жұмыстың міндеттері:

1. Қазақ халқының салт — дәстүрлерімен танысып, математиканың қолданылуына зерттеу жүргізу

2. Ата — бабамыздың қолданған бұйымдарының жаратылыстағы белгілі бір жүйелігі мен заңдылықтарын зерттеу.

 

Бізге келіп жеткен салт — дәстүр мен әдет — ғұрыптардың, мәдени мұралардың өзінен қазақ халқының асқан даналығын көруге болады. Қазақ халқының танымдық мұрасының молдығы кімді болса да таң қалдырғандай. Сол мол мұраның кей біреулерінде жаратылыстану элементтерінің қолданылуына тоқталып өтейік. Қандай да бір құбылысты түсіну үшін адам ғылымды меңгеру керек. Табиғаттағы кез — келген құбылысты қарастырғанда оны нақты бір бейнеге келтіреді. Нәрсенің табиғи — физикалық кескінін геометриялық денелер арқылы бейнелейді. Қандай нәрсе болса да бұйым немесе құбылыс ғарыштағы алып нысандар, яғни көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектер бәрі белгілі бір геометриялық пішінмен сипатталады.

Тақырыбы: Қазақ даласы- ұлы түркі елінің қара шаңырағы Тегі, аты-жөні: Жағыпар Амина Оқу орны: Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп Жасы: 14 Мекен-жайы: Май ауданы, Көктөбе ауылы, Торайғыров 21/1

Мақала

Тақырыбы:  Қазақ даласы- ұлы түркі елінің қара шаңырағы

Тегі, аты-жөні: Жағыпар Амина

Оқу орны: Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп

Жасы: 14

Мекен-жайы: Май ауданы, Көктөбе ауылы, Торайғыров 21/1

Отан, ел-жұрт тарихы бір дәуірден, бір күннен басталмайды. Бүгінгі егемен қазақ елінің мәдени мұраларының бастау бұлағы сан ғасырға созылған ежелгі түркілер мәдениетінен бастау алатын көне процесс.

Қазақ халқы- ерте заманда еліміздің Батыс өңірін, Алтай, Тянь-Шань таулары мен Жоңғар ойпатын, Жетісу өңірі мен Сырдария алқабын және Дешті Қыпшақ даласын мекендеген сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, алан, қимақ-қыпшақ, дулат, түркеш, оғыз т.б. тайпалардың түрліше тарихи даму кезеңдерін бастан кешіре отырып, бірте-бірте этникалық бірігуі және этногенездің жалпы заңдылықтары бойынша табиғи түрде дамуы арқылы халық болып қалыптасқанын бұрын-соңғы тарихшы ғалымдардың бәрі растап отыр.

Қазақ халқының шығу тегі туралы қазақтың байырғы шежіресінде де мол мәлімет сақталған. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабында да «Екі мың жылдық көне тарихы бар қазақ даласы- ұлы түркілердің қара шаңырағы» деп өте орынды атап өткен.

Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйімен, сыбызғы-сырнай үнімен, асқақтата салған әсем әнімен, ғашықтық жырларымен, мақал-мәтел, шешендік сөз, айтыс өлеңдерімен сан ғасыр бойы өз ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық.

Бүкіл әлемдік өркениет тарихына өшпес мұра қосқан екінші Аристотель атанған әмбебап ғұлама, ұлағатты ұстаз әл-Фараби бабамыздың да осы Қазақстан топырағында дүниеге келіп, артына ұлан-ғайыр рухани мұра қалдыруын да бүгінгі ұрпақ зор мақтаныш тұтады.

Түркі тілдес халықтарға ортақ асыл мұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары: Баласағұни, Қашқари, Йүгінеки, Иассауи трактаттары, сондай-ақ Алтын орда дәуірінің ойшылдары: Хорезми, Бабыр, Сарайи, Дулати, Жалайыри, Әбілғазы т.б. еңбектерінің де тәлімдік маңызы зор көне тарихи мұралар.

ХҮ-ХІХ ғ.ғ. Асан қайғы, Шалкиіз, Жиенбет, Доспанбет, Ақтамберді, Бұқар, Шал, Дулат т.б. қазақтың күміс көмей, жез таңдай ақын-жырауларының тұрмыс-тіршілік, қоғам туралы айтқан терме толғауларының бүгінгі ұрпаққа берер өнегесінің көптігі де дау туғызбаса керек. Негізінен түркі тілдес халық алты тәуелсіз мемлекетте: Түркия мен Қазақстанда, Өзбекстанда, Әзербайжанда, Түркіменстан мен Қырғызстанда тұрады. Соңғы жылдары түркі халықтарының тарихы түгенделіп, бұрын айтылмай немесе бұрмаланып келген ақтандақтары анықталып, түркі әлемі тарихының мәдениеті мен ғылымының  дамуына үлес қосылды.

Еуразия құрлығының дәл кіндік ортасына орналасқан қазақ жері- кең байтақ өлкеге шашырай қоныстанып келген бүкіл түркі халықтары мен ұлыстарнының ата жұрты, ежелгі тұрағы, қара шаңырағы іспеттес. Бір-бірінен алшақ жатқан географиялық аймақты мекендегеніне, этникалық өзгешелігіне қарамастан, түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігі мен болмыс- бітімінде, салт-дәстүрі мен кәсібінде ,өмірі мен рухани мәдениетінде ортақ ұқсастықтар аз емес.

Түркі тайпалырының тілі, әдебиеті, тарихы туралы алғашқы толық мәліметті Орхон-Енисей жазба ескерткіштер материалдарынан, әсіресе,  орта ғасырлық ғалым  Махмұт Қашғаридің «Диуани лұғат- ат-түрк» (11 ғ) еңбегінен аламыз. Орхон-Енисей жазба ескерткіштеріне «Күлтегін» мен «Тоныкөк» жырлары жатады. Бұл жырлар түркілердің ерлігін, елдігін дәріптейтін тұңғыш батырлар жыры болып саналады. Түркілердің өз елі, өз жері үшін жүргізген соғыстарын атап-атап көрсетеді де, сол жеңістердің оңайға түспегенін, оған Тоныкөктің ақыл-кеңесімен, ерлік істерімен үлес қосқаны суреттеледі. Тоныкөк жырында дидактикалық сарындағы қанатты сөздер, афоризмдер, мақал-мәтел болып халық тіліне мүлде сіңісіп кеткен сөз тіркестері жиі кездеседі. Әсіресе Тәңір, Түркі, Бек, Бай деген ұғымдар тілімізде күні бүгінге дейін алғашқы мағынасында қолданылады. Бұл жырларда қазаргі қазақтардың сөз саптау үлгісіне жақын шешендік өнердің дәстүрлі формалары айқын байқалады. Бұны көне түркі мәдениеті мен бүгінгі қазақ мәдениетінің сабақтастығының белгісі деуге болады.

ШҚО, Семей қаласы «№15 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ Бастауыш сынып мұғалімі: Асембаева Сая Капашевна

 БАЯНДАМА Тақырыбы:

Қазакстандық патриотизм- «Мәңгілік Ел»

идеясының түпқазығы» 

ШҚО, Семей қаласы

«№15 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі:

Асембаева Сая Капашевна 2014-2015 оқу жылы

«Қазакстандық патриотизм- «Мәңгілік Ел»идеясының түпқазығы»

 Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ежелгі ата-бабаларымыз – түркілердің Мәңгілік Ел идеясын Қазақ елінің ұлттық идеясы деп жариялаған болатын. Аталған идея «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жаңа Жолдауында да жаңа қырынан толықтырыла түсті. Бұл идеяны үлкен жауапкершілікпен дереу іске асырудың түпқазығы отандастарымыздың бойындағы адамгершілігі, туған елге сүйіспеншілігі десек, объективті тұжырым болар деп ойлаймын.

Қай заманда да әр адамның санасындағы аса мазмұнды және құрметті мәртебеге ие ұстаным – ол отансүйгіштік (патриоттық) сезім  болып келгені ақиқат. Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап Елбасы осы мәселені тұрақты көтеріп келеді. Ал патриот болу деген ел азаматының адамгершілік және саяси қағиданы, туған жерге, елге сүйіспеншілігі, қажет болса, мемлекеттік міндеткерлікті жеке мүддеден жоғары қоюды талап ететін әлеуметтік сезімі ретінде танылған. Туған елінің құндылықтарын, әсіресе, тілі мен мәдениетін әрдайым құрметпен жоғары ұстап, ол құндылықтарды басқа ұлттар мен ұлыстарға, мемлекеттерге тарату да отансүйгіштіктің белгісі. Отансүйгіштіктің тарихи негізін ғасырлар бойы жинақталған адами тәжірибе соның ішінде ұлт, ұлыс, жалпы этностың артықшылықтары қалайтынын, қажет болса, жанын салып отанды қорғау екенін көне тарих дәлелдеуде.

Патриоттық ұстаным ол жеке тұлғаның отанына, азаматтылығына, мәдениеті мен тіліне, ұлттық дәстүріне эмоциялық күйзелісінің айрықша түрі деп анықтауға толық келеді. Әлемдік тәжірибе мен бұл орайдағы теориялық тұжырымдар аясында патриоттық сезім этнос пен ұлттық мемлекеттің қалыптасу жағдайында қоғамдық сананың маңызды құрамдас бөлігіне айналуы негізінде жалпыұлттық тынысты сипаттайды. Әлемге танылған ғылыми мектептердің саяси-зерттеушілік тұжырымдары бойынша адамзат тарихында патриоттық ұстаным бірнеше түрге жіктеліп сипатталған.

Солардың бірінші қатарында полистік патриоттық ұстаным – тарихтағы белгілі полистік-қала мемлекеттері; екінші қатарында им­периялық патриоттық ұстаным, яғни им­­периялық мемлекет пен оның билік жүйе­сін қолдап-қорғау;  үшіншісі – этностық пат­риот­тық ұстаным негізінде әдетте ұлт, этнос, ру, ата-тек құндылықтарына әрдайым зор сүйіс­пен­шілікпен қарап қорғау; ал келесісі – мемле­кеттік патриоттық ұстаным, яғни мемлекет саясатын айрықша жауапкершілікпен қолдау; сусындық патриоттық сезім (уақытша қолдау, күнкөрістік сезім) – халық пен мемлекетті жеке басқа пайдалы мақсатта қолдау.

Әлемдік құнды қазыналар жинақтарында патриот, патриоттық ұстаным жөнінде жан-жақты негізделген арнайы тұжырымды анықтамалар жинақталған. ХХ ғасырда жарық көрген әдебиет пен ғылыми шығармаларда патриоттық туралы анықтама негізіне латындық, гректік түйіндер алынған. Сөз жоқ, сол жинақтардағы тұжырым түйіндерді негізге алу міндетті, неге десеңіз, олар – теңіз беті тәріздес ғасырлар бойғы шығармашылар, зерттеушілер, адами руханиятының тұжырымдары. Ол қазақтың даласы іспетті. Бұл далада көл де бар, асқарына көз жетпес шың да бар. Ызғарлы да шуақты қойнауында Менделеев кестесіне енген элементтердің басым көпшілігі орын тапқан Батыс Қазақстан өңірі, сирағын Cырға, құлашын Алтай мен Атырауға созған Сарыарқасы тағы бар.

«Павлодар қаласының № 35 жалпы орта білім беру мектебі» ММ Жумабаева Жаркынай Жасталапқызы Пән: дүниетану Сабақ тақырыбы: Адамның сезім мүшелері

«Павлодар қаласының № 35 жалпы орта білім беру мектебі» ММ
Жумабаева Жаркынай Жасталапқызы
Пән: дүниетану
Сабақ тақырыбы: Адамның сезім мүшелері
Сабақ мақсаты:
1.Оқушылар адамның сезім мүшелері туралы білім алады. Көз, мұрын, тіл, тері, құлақ-сезім мүшелері құрылысымен танысады.
2. Оқушылар танымдылық қасиеттерін дамытады. Оқушы сезім мүшелері арқылы өмірдегі маңызын түсінеді.
3. Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Сезім мүшелерін біледі, қызметі мен құрылысын түсінеді, жеке бас гигиенасын сақтайды.
Сабақ түрі: Қайталау сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Керекті құрал-жабдықтар: қораптар, маркерлер, әтір, суреттер, тұз бен қант, дискке жазылған жануарлар дыбыстары, доп, АКТ, интербелсенді тақта.

Кезеңдер Мұғалім әрекеті Оқушылар әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Психологиялық ахуал тудыру
• Ал, балалар, күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза, мөлдір көңіл-күймен
Бүгінгі сабағымызды бастайық.
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем шаттанам!

Тақырыпқа шығу
• Ал, енді, бүгінгі сабаққа үй тапсырмасы қандай?
Жұмбақтар жаттау.
1) Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін. (Көз)
2) Екі шырақтың арасында бір өзім. (Мұрын)
3) Күмбір, күмбір, қарағым, қартайғанша жарадың. (Құлақ)
4) Денесі жұмсақ, сүйір, көп сөйлеуге үйір. (Тіл)
5) Бунақты көсеу, тармағы бесеу.
(Қол мен саусақ)

• Сонымен, балалар, бүгінгі сабақ тақырыбы – сезім мүшелерін қайталау. Бүгінгі сабақта сендер нені білгілерің келеді? Алдарыңа

• Яғни ,бүгін адамның сезім мүшелерін, олардың құрылысын, қызметін білесіңдер.

-Топпен жұмыс істеуді;
-Топқа баға қоюды;
-Сезім мүшелері не екенін білгіміз келеді;
-Оларды қалай күту керектігін білгіміз келеді;
-Құрылысын білгіміз келеді.

Топқа бөліну • Балалар, маған қай топта жұмбақтың қай шешуі аталғанын айтыңдаршы.
• Ендеше әр топтың атауы осы жұмбақтардың шешуіне байланысты болады. Сонымен І топ – «құлақ», ІІ топ – «көз», ІІІ топ – «мұрын», ІҮ топ – «тіл», Ү топ – «тері».
• Енді топ болып топ басшыларыңды сайлап алыңдар. -Құлақ, мұрын, көз, тіл, тері.

Бағалау ережесі
• Балалар, сендердің парталарыңның алдында топ атауы жазылған қағаз бар. Топ атауларыңды есте сақтаңдар! Сендердің топ басшыларың әр тапсырмаға өз тобына баға қоятын болады. Бағалау үшін партада бағалау парағы бар. Әр тапсырмаға «+» немесе «-» қойып отырасыңдар. Егер барлығы дұрыс болса «+», толық емес немесе дұрыс емес болса «-» қоясыңдар.
Сонымен, бастайық!