Біздің оқырмандар

28.02.2015ж «Қазақстандық патриотизм – «Мәңгілік Ел» идеясының түпқазығы» тақырыбында өтетін мұғалімдердің республикалық семинары

Өтетін мерзімі: 28.02.2015 жыл, сағат 09.00
Өтетін жері: Алматы облысы Қарасай ауданы Алмалыбақ ауылы Әл-Фараби мектеп гимназиясы
АЛМАТЫ — 2015
pbBOPjsXwdIСЕМИНАР — Патриотизм ЕРЕЖЕСІН жүктеу«Қазақстандық патриотизм – «Мәңгілік Ел» идеясының түпқазығы» тақырыбында өтетін мұғалімдердің республикалық семинары

Усембаева Д. К., отличник образования РК, школа-лицей №59, г.Астана

Усембаева Д. К.,
отличник образования РК, школа-лицей №59, г.Астана
МОТИВАЦИЯ УЧАЩИХСЯ
КАК ФАКТОР ПОВЫШЕНИЯ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ
В организации современного учебного процесса большую роль играет мотивация учащихся, которая является одной из самых сложных педагогических проблем настоящего. Возникает вопрос, можно ли помочь ученику приобрести интерес к знаниям и школе?
Еще Сократ разработал свой процесс мотивации, а Аристотель выделил ряд причин, побуждающих человека к действию. Говоря о мотивации, надо определить понятие мотива. Мотив – это внутреннее побуждение личности к тому или иному виду активности, связанной с удовлетворением определенной потребности. Мотивация – это процессы, определяющие движение к поставленной цели, это факторы, влияющие на активность или пассивность поведения. Главным звеном мотивации является побуждение – поведенческое проявление удовлетворения своих потребностей. Потребность в познании и понимании является когнитивной потребностью человека. Она связана с потребностью в истине, влечением к неопознанному. Эта потребность тесно связана с мотивацией обучения.
Мотивационными процессами в обучении учеников можно и нужно управлять: создавать условия для развития внутренних мотивов, стимулировать детей.
Как надо мотивировать ученика, чтобы его обучение принесло желаемые эффекты и пользу не только ему, но и обществу? Более сложными оказываются случаи, когда у ребенка ярко выражено
отрицательное отношение к школе и нежелание учиться.
Моя практика показывает, что это бывает в тех случаях,
когда ребенок не приучен ограничивать свои желания, преодолевать трудности, и у него сформировалась своеобразная установка на «отказ от усилия». А также у детей, в которых заранее сформировали страх перед школой; у тех, которым, напротив, рисовали школьную жизнь в радужных тонах. Столкновение с реальностью в этих случаях может вызвать настолько сильное разочарование, что у ребенка возникает резко отрицательное отношение к школе. Бывает, когда у детей более сильными остаются игровые мотивы. Это проявляется, в частности, в том, что во время выполнения заданий, ребенок часто отвлекается. Он производит впечатление крайне невнимательного, в то время как в игре, он может быть очень сосредоточенным.
Для формирования у детей учебной мотивации требуется специальная педагогическая работа, а именно, воспитание положительного отношения к учению. Таким образом, мощным инструментом выработки интереса к учебе у школьников является целенаправленная работа учителя по формированию внутренней мотивации ученика.
Ребенка можно мотивировать, используя методику «Семь главных ключей», которая включает в себя:
1) «Ключ согласования» — с помощью него, я организовываю процесс обучения с учетом потребностей, физиологических и возрастных особенностей детей.
Материал урока должен быть интересен детям. Согласование расписания с особенностями возраста. Согласование темпа урока со скоростью работы всех детей (возможность успешной работы медленнее реагирующих детей). Согласование моих усилий с усилиями родителей и всем окружением ребенка.
2) «Ключ разнообразия» — внесение мной неожиданных элементов в привычные схемы действий, заданий. Варьирование мной несущественных и существенных признаков в заданиях, подача заданий в сказочной, игровой форме. Изменение «внешней среды» класса (изменение расстановки парт для разных уроков, обновление наглядных пособий). Разнообразие ритма, тона, в котором я могу вести урок.
3)«Ключ опережения». «Перспективная подготовка» — начало попутного прохождения трудной темы. Задания за пределами школьной программы (выпуск тематических газет, участие в конкурсах, олимпиадах).
4) «Ключ наглядности». Достигаю наглядности учебного материала с помощью компьютера, мультимедийного проектора (в т.ч. видео и аудио-материалов). «Предметная наглядность» — использую реальные вещи и предметы, иллюстрирующие учебный материал. Использую сюжетную наглядность (задача в контексте сюжета). «Театрализованная» наглядность (использование элементов кукольного театра в обучении, создание театрализованных фрагментов урока).
5) «Ключ поэтапности» — материал изучается детьми поэтапно (технология поэтапного формирования умственных действий Гальперина). Основные этапы обучения: ознакомление с материалом, проговаривание, внутреннее оперирование знаниями. Шаги подачи материала: «закладываю ресурс» — опережающее обучение; «делаю эмоциональную подводку» — излагаю материал в яркой, увлекательной форме. Воспроизведение материала в работе с опорными конспектами, схемами, плакатами.
6) «Ключ самостоятельности». В ходе урока я передаю часть своих функций детям или сказочным героям. «Провожу» обучение и воспитание через «сказочных и живых посредников».
7) «Ключ коллективизма». «Эффект коллективизма» — правила, принятые коллективом. Они облегчают организацию работы на уроке.

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы М.О.Әуезов атындағы №6 орта мектеп география пәні мұғалімі Жанибекова Светлана Айдыновна

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы
М.О.Әуезов атындағы №6 орта мектеп
география пәні мұғалімі
Жанибекова Светлана Айдыновна
Жанибекова Светлана Айдыновна2
Тақырыбы: БАҚЫТ КІЛТІ — ЕҢБЕКТЕ
Мақсаты: оқушыларды мамандық таңдай білуге, заман талабына сай, қазіргі
заманға қажетті түрлі мамандыққа байланысты ұғымдарын
тереңдетіп, мамандықтар таңдауына ықпал жасау және
қоғамдағы проблемаларды жеңе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер, суреттер, шарлар.
Барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе (мұғалім сөзі).
III. Негізгі бөлім
1. Қазіргі заманға сай мамандықтар.
2. Менің болашақ мамандығым! (Оқушылардың дайындаған жобалары).
3. Маман иелерімен пікірлесу.
ІV. Қорытындылау
Мұғалім сөзі: мамандақ таңдау – жас өспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басатын жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.
Жүсіпбек Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді.
1– жүргізуші:
Мандық алғың келе ме,
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық
Айналаң толған өнеге
Тыңдайық, кәне, ойлайық,
2– жүргізуші:
Білімге терең байлайық
Оқыған маман – шын маман,
Мамандық сырын анықта
Қолыңнан жұмыс келмесе,
Тие ме пайдаң халыққа?
Еңбектің бәрі – мамандық.
Білуге бәрін талаптан,
Танытып нағыз адамдық.
1– жүргізуші:
Мамандықтың сөзі жоқ, тек оны дұрыс таңдай білген жөн. Кейбіреуіне әрине қабілет керек. Дегенмен ең бастысы қалаған мамандықтың иесі болу үшін мынадай ережелерді ескерген жөн деп ойлаймыз:
1) Дұрыс таңдау керек
2) Икемділік
3) Үлкен өнер, зір шеберлік
4) Еңбексүйгіштік
5) Білім
6) Халықыңа көмегің тию керек.
2 – жүргізуші:
Осындай ережелерді өздеріне мамандық таңдаған сыныптастарымыз да ескерген болу керек деп ойлаймыз. Олай болса сыныптастарымызға сөз берейік.
1– жүргізуші:
Ұланының талабын,
Білмейді ғой әлі де ел
Ер жетем де боламын
Қолы жеңіл дәрігер – деп, 9 «Д» сынып оқушысы Шынарбаева Ұлболсын дәрігер мамандығы туралы айтып береді.

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы М.О.Әуезов атындағы №6 орта мектеп география пәні мұғалімі Жанибекова Светлана Айдыновна Жасыл шырша жанында!!!

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы
М.О.Әуезов атындағы №6 орта мектеп
география пәні мұғалімі
Жанибекова Светлана Айдыновна
Жасыл шырша жанында!!!
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін.
Жанибекова Светлана Айдыновна1-жүргізуші:
Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.

2 – жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
1 — жүргізуші: Ал, балалар, балалар,
Күні ертеңгі даналар.
Жаңа жылға арналған
Кешімізді ашайық,
Әсем әнге басайық.

2 — жүргізуші: Ән айтайық, қол ұстасып
Би билейік жөңкіліп.
Біреу қуып, біреу қашып
Мәз болайық, біз күліп.
1 — жүргізуші: Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы М.О.Әуезов атындағы №6 орта мектеп география пәні мұғалімі Жанибекова Светлана Айдыновна Тақырыбы: Жігітке жеті өнер де аз

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы
М.О.Әуезов атындағы №6 орта мектеп
география пәні мұғалімі
Жанибекова Светлана Айдыновна
Тақырыбы: Жігітке жеті өнер де аз
Мақсаты: Балалардың білімін, өнерін тамашалап, салт-дәстүрді жетік білуге, өз өнерін көрсете білуге және Отанын сүйуге, адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: слайд, нақыл сөздер, шарлар.
1-жүргізуші:
Арыстандай айбаттым,
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандағы байрақтым,
Қанша жұлдыз жайнаттың,
Қанша бұлбыл сайраттың,
Қазақстан, ардақтым!
Армысыздар, құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар және бүгінгі ойынға қатысушы жас ұландар! Егеменді еліміздің тыныштығын және бейбітшілігін қорғау бұл әрбір азаматтың қасиетті борышы екендігі баршамызға әйгілі. Ал отанды қорғаушылар тек қана білектің күшіне сүйенушілерден ғана болмай, ақылы мен қайраты, күш-жігері мен зердесі бірдей мықты болғаны – бұл ел қорғаушы ерлерге ежелден қойылып келе жатқан талап. Сондықтан болар, халқымыздан өткен Наурызбай, Бөгенбай, Райымбек сияты хас батырлар шешен де, би де, ақыл-парасаты биік адамдар ретінде ел ішінде үлкен абыройға ие болған.
Біз де бүгінгі байқауымызды жігіттеріміздің білек күшін ғана емес, ақылы мен тапқырлығын бәйгеге салу ниетімен өткізбек болып баршаңызды осында жинадық. Ендеше бүгінгі «Жігітке жеті өнер де аз» атты интелектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Бала өсірген ата-ана,
Бала болып ойнайды.
Бала оқытқан ұстаздар,
Бала болып ойлайды.
Жүргізуші:
Ей, жігіттер!
Сендерге артар міндет көп,
Көтер биік ата салтын құрметтеп.
Ақтай білсең ата-баба үмітін,

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы М.О.Әуезов атындағы №6 орта мектеп география пәні мұғалімі Жумабаева Шарбану Дарикуловна Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен және менің құқығым.»

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы
М.О.Әуезов атындағы №6 орта мектеп
география пәні мұғалімі
Жумабаева Шарбану Дарикуловна
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мен және менің құқығым.»
Мақсаты: оқушыларға адам құқықтары жайлы түсінік беру, құқықтық нормативтік актілерді орындай білуге, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, силастыққа елжандылыққа үйрету, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту.
Көрнекілігі: слаид, суреттер, ситуациялық сұрақтар.

Барысы: 1.Ұйымдастыру
2. Ән-ұран
3.Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру
Кіріспе:
Құқық дегеніміз не? Біз ең алдымен осы сұраққа жауап берейік.
«Құқық дегеніміз – мемлекет шығарып бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы», ол заңмен қаралады. Адамның құқықтары мен бостандықтары туралы заң 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданды. 20.11.1989 ж БҰҰ-да «Бала құқықтары туралы» Конвенция қабылданды.
Жастардың саясатқа араласуына, өз ойларын ашық айтуларына, өз мүдделерін, құқықтарын қорғауына толық провасы бар. Ол үшін кез келген жас өз құқығын білуі қажет. БҰҰ Бала құқығы туралы Конвенциясының қабылданғанына 25 жыл, біздің елбасымыздың сол Конвенцияға қол қойғанына 22 жыл. Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғайтын Ата Заңымыз. Қыпшақ халқындағы «Куманикус Кодекісі», яғни кумандар заңдары, 16-ғасырдағы Тәуке ханның «Жеті жарғысы» сияқты заңдары қазіргі тәуелсіз қазақ елі Конститутциясының бастамасы болып табылады. БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы әрқайсысы белгілі бір құқықты сипаттайтын 54 баптан тұратын бала құқықтары туралы құжат. Конвенция бала ретінде 18 жасқа толмаған тұлғаны санайды.
Конвенцияның ережелерін бақылаудың халықаралық механизмі бар, ол бала құқықтары жөніндегі комитет. Қазақстан Республикасы осы Конвенцияны 1994 жылы 8-маусымында бекіткен.
Бала құқықтары туралы халықаралық конвенциядан үзінді:
Мемлекет әрбір баланың өсіп, жан-жақты дамуын қамтамассыз етеді.
Әрбір бала өз отбасында, ата-анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
Бала мәдени тынығуға және демалуға құқылы.
Бала өз ойын еркін айтуға құқылы.

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы М.О.Әуезов атындағы №6 орта мектеп география пәні мұғалімі Жумабаева Шарбану Дарикуловна Тақырыбы: «Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға.»

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы
М.О.Әуезов атындағы №6 орта мектеп
география пәні мұғалімі
Жумабаева Шарбану Дарикуловна
Тақырыбы: «Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға.»
Мақсаты: ата-ананың бала өміріндегі орны, ата-ананың балаға деген қамқорлығы, сүйіспеншілігі, баланың ата-анаға құрметі жөнінде әңгімелеу. Барысы: Ұйымдастыру.
• Ән-ұран
• Кіріспе
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала солардан.
Бүгінгі таңда отбасы өнегесінің, тәрбиесінің кемшілігі болып жататын тұстары көп. Балаға тәрбие берудің тетігін біле бермейтіндігіміз де жасырын емес.
Баланың басты ұстазы – ата-анасы болғандықтан, олардың педагогтік білім мен тәжірибесі болуы міндет-ақ. Мейлі ол басқа мамандықтың иесі болсын, қосымша білім артық етпейді. Өйткені, бүгінгі таңда балалармен дұрыс тәрбие жұмысын жүргізе алмайтын ата-аналарда көп. Ата-ана бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға. Сонымен қатар, олар балалардың жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде, олардың пікірімен үлкен адамдай санасқан орынды. Сонда тәрбиені қалай, неден бастау керектігі айқынырақ көрінеді.
Кейбір ата-аналар: «Кешке дейін жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге, сабағын қарауға уақыт жоқ» деп жатады. Баламен сөйлесуге арнаулы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Мысалы, қызы анасымен астың қамында жүргенде, ал әке баламен үй шаруасымен айналысу кезінде ортақ тақырыптар туралы пікірлесуге болады.
Ата-ана өз уақытын тиімді пайдаланса, ол да бала үшін үлкен өнеге. Жастайынан еңбектеніп үйренген бала өскенде де өз уақытын босқа жібермей, тиімді пайдаланатын болады. Кейбір отбасындағы жанжал, үлкендердің ойланбай дөрекі сөйлейтіндері немесе біреуді сыртынан жамандау, балаға теріс әсер етеді.. Ал, кейбір ата-аналар балалары мектептен келгенде сұрақтың астына алатындары да бар. «Мектепте не істедің?», «кім қалай сөйледі?», «қалай жүрді?», «сабақ өтті ме?», «қай мұғалім қалай сабақ берді?» дегендей. Бұл өте жаман қасиет. Бұл ата-ананың сауатсыздығында. Сонымен қатар, қазіргі балаларға үйге қалай келеді есіктен кірген жерінен сөмкесін тастап, сол жерден ертеңіне алып кетеді. Сабақ оқуға түк мойынсұнбайды. Әсіресе, ересек сыныптарда оқитындар.
Қазіргі таңда жасөспірімдер көбіне компьютер ойнап дағдыланған. Оның ішінде ылғи кісі өлтіретін ойындар, атыс,

Қызылорда облысы Арал ауданы №21 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Садуақасова Райхан Нуршадиновна Математика 3-сынып

Қызылорда облысы Арал ауданы
№21 орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі
Садуақасова Райхан Нуршадиновна
Математика 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Алған білімді тиянақтау, бекіту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: көбейтудің қасиеттерін, санды бірнеше есе үлкейту не кішірейту тақырыптарында алған білімдерін тиянақтау мен жанама түрде есептер
шығаруға жаттықтыру.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс жасауға, өзгені тыңдап, өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, топтықжұмыс, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, иллюстративті.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, семантикалық карта.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Біздің келер шамамыз,
Көбейтуге данамыз.
Төрт амалды тең білер
Өте зерек баламыз.
«Тәуелсіз ел тірегі –білімді ұрпақ»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
№ 2
6*8=48 54/9=6 52-20/5=48 36-4*9=0 24/8=3
7*6=42 48/6=8 49+30/6=54 40+7*5=75 18/6=3
6*6=36 42/7=6 18/9+58=60 60-8*4=28 42/6=7
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
1-слайд. 6 санының қандай сандарға көбейтіндісі 12, 24, 18-ге тең болады?
ІV. Жаңа сабаққа кіріспе.
Қандай 2 бірдей санның көбейтіндісі 25-ке тең, 2 жүздіктен 4 ондықтан 8 бірліктен құралған үш таңбалы сан, ондығы 4-ке тең бірлігі ондығынан 2 есе артық санды жаз, 99 санынан тікелей кейін келетін сан, 5 санынан 2 есе артық сан, 5 санынан 2-ге артық сан, 40/5, 21/3.
(5,248, 48, 100, 10, 7, 8, 7)
Ойын «Сен –маған, мен –саған »
V. Жаңа сабақ.
2 –слайд.
№1
Волейбол ойнады -6 б.
Футбол ойнады -? б, 3 есе > (*)
Барлық бала -? (+)
6+6*3=24
Жауабы: барлығы 24 бала ойнады.
Логикалық тапсырма (топтық жұмыс)
Сағат бетіндегі цифрларды 13-ке тең болатындай етіп 6 бөлікке бөл.

Балымова Гулнар Сактаганқызы Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық №1 Әуез мектебінің Домбыра класының мүғалімі Сабақтың тақырыбы: «Штрихтармен жұмыс».

Балымова Гулнар Сактаганқызы
Қызылорда облысы
Байқоңыр қалалық
№1 Әуез мектебінің
Балымова Гулнар СактаганқызыДомбыра класының мүғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Штрихтармен жұмыс».
Оқушы: Отаров Нарұл 2 — класс
Мақсаты : Шығармада кездесетін әртүрлі штрихтарды ойнау арқылы, оқушының орындаушылық қабілеттерін орнықтыру, оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру.
Білімділік : Оқушыға сауатты түрде музыкалық штрихтардың дұрыс орындалуын көрсету, сол штрихтардың шығарманың мазмұнын ашуға тигізетін ықпалын тусіндіру.
Дамытушылық : Таныс шығармалармен жұмыс жасай отырып оқушының қиялын, есте сқтау, ойлау қабілеттерін дамыту және орындаушылық – шығармашылық қасиеттерімен байланыстыру.
Тәрбиелік : Оқушының орындаушылық мәдениетін қалыптастыру шығармаларды өз ынта-жігерімен ойнауға тәрбиелеу,қазақ халық музыкасына , күйлеріне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдіс – тәсілдері:
Түсіндіру, ойнап көрсету, комплексті қолма-қол ескертулер, сұрақ-жауап, білім алушының қабылдау қабілетін қадағалау.
Пән аралық байланыс: Музыка теориясы, сольфеджио,музыка әдебиеті.
Көрнекілік:1.Буклет
2.Композиторлардың суреттері,слайдтар.
3.Штрихтардың суреті
4. Күйші-композиторлардың кітаптары, карточкалар.
Техникалық жабдықтар: домбыра, фортепиано, ноутбук.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, дұрыс отыруын қадағалап, назарын сабаққа аудару.
Мақсаты: Штрих дегеніміз — не екенін оқушыға түсіндіріп, домбыра аспабында ойнауда қолданылатын штрихтармен таныстыру. Оқушының орындаушылық шеберлігін шыңдап, шығармаларда кездесетін штрихтарды түсініп, есте сақтау,меңгеру қабілеттерін дамыту.
Сабақты оң қол қағысы мен сол қол қойылымдарына арналған g – moll , гаммасын терцияда, әртүрлі штрихтарда және G — Dur гаммасын пиццикато штрихында ойнаудан бастадық, себебі гамманы ойнау, соның ішінде әртүрлі штрихтарда, ырғақта, екпінде түрлі аппликатурада әр тональдікте орындату, музыканттың техникасын арттыруға көп көмегін тигізеді. Гаммада мажор және минордың айырмашылығын айтып отыру. Мажор біркелкі, тұжырымды, ашық болып келсе, минор нәзік, жұмсақ кейде мұңды келеді.
Штрих –(нем.strich -cызықша) дыбыс шығару тәсілдері деп аталады.
Штрихтың түрлері: пиццикато, кіші тремоло, үлкен тремоло.
Міне, бүгін осы штрихтарға тоқталамыз. Оң қолдағы пиццикато штрихы. Шығармаларда оң қол саусақтарымен ішекті шертіп қағу пиццикато штрихы деп аталады.
Ол екі әдіспен орындалады.
1. Бас бармақпен төмен қарай орындау.
2.Сұқ саусақпен төмен және жоғары қарай орындау.
1.Сабақты оң қол қағысы мен сол қол қойылымдарына арналған
g – moll , гаммасын терцияда, әртүрлі штрихтарда және G — Dur гаммасын пиццикато штрихында ойнаудан бастадық, себебі гамманы ойнау, соның ішінде әртүрлі штрихтарда, ырғақта , екпінде , дұрыс аппликатурада, әр тональдікте орындату музыканттың техникасын арттыруға көп көмегін тигізеді. Гаммада мажор және минордың айырмашылығын айтып отыру. Мажор біркелкі, тұжырымды, ашық болып келсе, минор нәзік,жұмсақ кейде мұңды келеді.

М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің арнаулы пән оқытушысы Омарова Боранкүл

М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің арнаулы пән оқытушысы Омарова Боранкүл
Ашық сабақ жоспары
Пән: «Жолда жүру ережесі және жолда жүру қауіпсіздігінің негіздері»
Омарова  БоранкүлСабақтың тақырыбы: Жол тәртібін сақтайық .
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға реттелетін жол қиылысын сауатты оқып үйрету,
жол белгілерінің мәнін ашу, жол сызықтарының түрін оқып
үйрену, оларға қойылатын талаптармен танысу, жүргізушінің
әрекетін, ойлау қабілетін жетілдіру туралы толық
мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, тапсырылған
жұмысты жылдам орындауға және де алған білімдерін іс-
жүзінде қолдана білуге, сабақ үстінде ақпараттық-
коммуникациялық технологиямен тиімді жұмыс жасай
білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар
бере отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін , қиялдарын,
жадысын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Ойын түрінде..
Сабақтың өтілу әдісі. Сұрақ-жауап, тест сұрақтары.
Пәнаралық байланыс: Автомобиль құрлысы, сызу, а/ш машиналары
Сабақтың көрнекілігі Интербелсенді құралдар, электрондық оқулық, плакат,
тапсырма қағаздар, оқулық және оқушыларға көмекші
материалдар топтамасы.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
-оқушылардың сабаққа қатысуы.
-оқу құралдарын түгелдеу.
-сабақ тақырыбы мен мақсатын ұғындыру.
2. Өткен сабақты пысықтау.
Тест сұрақтары:
1. Бағдаршамның жасыл жыпылықтауық сигналында жол қиылысына кіруге рұқсат
етіледі ме?
А) Рұқсат етіледі, басқа бағыттан келе жатқан көлік құралдарына жол бере отырып
В) Рұқсат етіледі
С) Рұқсат етілмейді.
2. Бағдаршамның қызыл және сары сигналдар үйлесімі нені білдіреді?
А) Қозғалысты бастауға рұқсат етеді
В) Қозғалысқа тиым салынады және жасыл сигналдың жанатынын мәлімдейді.
С) Бағдаршамның бұзық екендігін мәлімдейді .
3. Бағдаршамның сары жыпылықтаған сигналы не туралы мәлімдейді?
А) Бағдаршамның бұзық екендігін
В) Бағдаршаммен реттелмейтін көше қиылысын немесе жаяу жүргінші өтпесін
білдіреді, қауіптен сақтандырады?
С) Қозғалысты жалғастыруға тиым салынады .
4. Мотоциклдің жүргізушісіне қай бағыттарда қозғалысын жалғастыруға рұқсат?
А) Тек солға
В) Тура және солға
С) Солға және кері бағытқа .
5. Ай түстес ақ және қызыл жыпылықтайтын сигналдар қосылғанда теміржол өтпесінен
қозғалуға рұқсат етіледі ме?
А) Рұқсат етіледі
В) Рұқсат етіледі, көрінетін шекте жақындап келе жатқан поезд жоқ болса
С) Тиым салынады .
6. Жол полициясының талабы бойынша жүргізуші көрсетілген орынға тоқтауға тиіс пе?
А) Иә
В) Жоқ .
Жаңа сабақ
Балалар, жолдар мен көшелерде күндіз де, түнде де, ыстықта да, суықта да транспорт құралдары толассыз ағылып жатады. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделене түсуде. Қауырт шақта ересектер жұмысқа асығып, балалар мектепке баратынтәңертеңгілік және жұрттың бәрі жұмысынан, оқуынан үйге қайтадан кешкілік жүріс ерекше жиілейді. Осы кездерде жаяулар мен жүргізушілер ерекше мұқият және сақ болуы тиіс.