Октябрь 2015

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «педогог қызметкерлерінің біліктілігінін арттыру институты».тәрбие және тулғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы. ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері: М.М.Жалелов.

Ұлағатты -ұстаз

                                                    Алматы  облысы Еңбекшіқазақ ауданы    

                                                Әймен ауылы «Әймен орта мектебі-

                                                мектепке дейінгі  шағын орталығымен »

                                                   КММ -нің  әкімшілігінен технология

                    пәні мұғалімі  Х. Кәкейге

Ұлағатты -ұстаз

Кәкейқызы  Хырғауыл 2005 жылдан бері Еңбекшіқазақ ауданы, Әймен ауылындағы Әймен орта мектебінде  технология пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді.  Осы жылдар ішінде Кәкейқызы Хырғауыл білім саласында аянбай еңбек етіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізуде. Атап айтар болсақ,  Кәкейқызы  Хырғауыл «Өрлеу» БАҰО  АҚ филиалы, Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2005 жылдан бері «Технология» пәнінен «Термебау өнері» тақырыбында лекция оқиды, ұмыт болып бара жатқан дәстүрлі термебау өнерін педагогика саласына ендіруде.  Аталған жылдар ішінде аудандық, республикалық,  халықаралық ғылыми конференцияларға өзінің шығармашылық жұмыстарымен көрмелерге қатысты. Ғылыми конференциялардың көрмесіне Х.Кәкейдің  жетекшілігімен мектебіміздің оқушылары М.Селиханова, А.Имашхан, А.Сүйеніш, Б.Бердімұрат  қатысып, шығармашылық жұмыстары үздік деп танылып, он төрт оқушы облыстан, төрт оқушы  халықаралық конференциялардан жүлделі орындарға ие болды.