Январь 8, 2016

Шурегалиева Самал Нигметуллаевна Мұғалім портфолиосы Есеп В2 №1-топ 3-деңгей Атырау қаласы

images (5)

Есеп В2

Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған

тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есеп

 

Соңғы жылдары елімізде білім мен ғылымның өсіп-өркендеуіне орай, білім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Кез келген оқыту технологиясы оқытушыдан терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді. XXI ғасыр-бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсібіи мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асыру үшін оны жаңашылдыққа қарай өзгерту қажеттілігі туады. Елбасымыздың «әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында Англия мен Қазақстан арасындағы білім мен біліктілік саласы бойынша тығыз байланыстың бұдан былай да өркендей беретініне үлкен сенім білдірді. Заман талабына сай болу үшін әрбір мұғалім өзін және кәсіби қызметін жаңашылдыққа қарай бағыттап өзгертуі керек.

Атырау облысы, Атырау қаласы №31 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Жанар Сергеевна Пәні: Дүниетану Сабақтың тақырыбы: Қазақстан таулары

4f2a5b6f61e9579c21a71cd2fd2f4539_L