Ноябрь 2017

«Бала Сұлтан» байқауы Искакова Эльмира Ерлановна ШҚО, Жарма ауданы, Әди ауылы Бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы:  «Бала сұлтан »

Мақсаты: Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттермен таныстыру.
Міндеттері:

Білімділік: Сұрақтар қоя отырып білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: Әр баланың бойындағы қабілеттерін, ойлау әр түрлі жағдайлардан шыға білу,өнерін көрсету, тапқырлық , сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
Тәрбиелік: Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ойын, СТО
Көрнекілігі: Топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаздар, интерактивті тақта.
Құрылымы:

І. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық

ІІ. Негізгі бөлім

І. «Тегімді менің сұрасаң» өзін таныстыру.

ІІ. «Көркіне ақылы сай» (сұрақ- жауап сайысы)

ІІІ. «Жігітке жеті өнер аз» (өз өнері)

IV. «Мен суретшімін» (көзді жұмып портрет салу)

V. «Қындық сандық»

VI. «Полиглот» (жұмбақ шешіп, жауабын 2 тілде айту)

VII. «Мен мергенмін»  (дәл тигізу)

VIII. «Тартыс»

IX. «Қол күрес»

ІІІ. Қорытынды. Жеңімпазды анықтау

Барысы.
Ұйымдастыру кезеңі. (ұлттық музыка әуені ойналып тұрады.)

Әділдікпен баға берер жігітке,

Әділдікпен қара қырды жаруға.

Алқасын қазылардың біз сайлайық

Нағыз жігітті талдап бүгін алуға-деп бүгінгі «Бала сұлтан» байқауына қазылық ететін әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

Директор: Сембинов Е.Қ.

Оқу ісінің меңгерушісі: Искакова Р.А.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Оспанова Н.А.

Мұғалім:

Ортаға «Бала сұлтаны» байқауына қатысушыларды , сайып қырандарды шақырайық! Қарсы алайық !

Мұғалім:

Ақылы-көркі бойларына жетеді.

Әлі талай сынақтардан өтеді.

Мына отырған баршаңызды өзімен,

Тез арада таныстырып өтеді, — деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң…» деп аталады.

 

Сайысқа қатысушы бала  сұлтандары өздерін таныстырып өтеді.

Мықты болсаң сұрақтарға жауап бер.

Келді кезек тапқырлықты танытар.

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей,

Жүлде сенде, қуана бер, күлімде – деп «Көркіне ақылы сай» деп аталатын сайысымызға кезек берейік. Бұл сайыста сайыскерлеріміздің білімін тексереміз.

Ұяшықтарды таңдап, сұрақтарға жауап береді.

7 – жеті қазынаны ата. (Ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық,жүйрік ат,ұшқыр тазы,қыран бүркіт,ақыл- білім)

Неліктен? — Неліктен газдалған суды шайқап ашқанда ол атылады? (ішінде газ бар)

Тәжірибе – судың түссіз екендігін  және сүттің ақ екендігін қандай тәжірибе арқылы білуге болады? (Шыны стаканға су құйып оның ішіне қасықты саламыз. Қасық стаканның ішінен көрініп тұрады. Демек, су түссіз. Стаканға сүт құямыз. Ішіне қасықты саламыз. Ішінен қасық көрінбейді. Демек, сүттің түсі ақ)

Ұлы жеңіс — Биыл Ұлы жеңіске неше жыл? (72 жыл)

Сандар сөйлейді – Юрий Гагарин ғарышқа қай жылы ұшты? (1961 жылы 12 сәуір)

Олимпиада – Бокстан Рио  олимпиадасының  чемпионы кім? (Данияр Елеусінов)

Теңге құпиясы – Теңгенің қанша құпия қорғанысы бар? (16-ға жуық)

ЭКСПО-2017 – «ЭКСПО – 2017» тақырыбы қалай? (Болашақ энергиясы)

Төрт түлік – Төрт түліктің пірін ата. (Қой – Шопан ата, ешкі – Шекшек ата,түйе – Ойсылқара,жылқы – Қамбар ата, сиыр – Зеңгібаба)

Елбасы – Нұлсұлтан Назарбаев ең алғаш кім болып жұмыс істеді? (металлугр)

Жазушы – Бала кезінде «Қоңыр қозы»  атанған жазушы кім? (М.Әуезов)

Бейнелеу – Жансыз заттардың бейнеленуі қалай аталады? (натюрморт)

Ал кімнің өнері бар қаншалықты,

Би билеп, ал біреулер ән салыпты.

Сұлтандар жарысынан бәйге алуға,

Жігіттер аянбай-ақ жан салыпты, дей отырып, сайысымыздың «Жігітке 7 өнер де аз» бөлімін бастаймыз.

 Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Сұлтаны деп мектептің жүрейікші.

Қазыларға тек қана әділдікті,

Ал жігіттерге сәттілік тілейікші. Келесі кезең – Секіртпе. (секіртпемен секіріп жарысу)

Келесі кезең – «Мен суретшімін». (көзді жұмып тұрып портрет салу)

«Қындық сандық»  (Екі бала біріне-бірі арқаларын тигізіп, құшақтасып тұрады. Жүргізуші белгі бергенде бір-бірлерін жерден арқалап көтеріп алу керек. Кім бірінші көтерсе, сол жеңеді.)

 «Полиглот» (жұмсақ шешіп, жауабын 2 тілде айту)

1.Ине бел, қылқа мойын, қара батыр,

Қара тауды арқалап бара жатыр. (құмырсқа, муравей, ant)

2. Тұмсығымен қозғалар,

Соңынан аппақ із қалар. (бор, мел, )

3.Бірі – атасы, бірі – анасы,

Қаптаған мың баласы. (жұлдыз, звезда, star)

4.Өмірді өлшейді, тіліңді алмайды,

Ешкімнен сұрамай тетігін бұрамай. (сағат, часы, o’clock)

5. Ортақ болып туады,

Табақ болып тынады. (ай, луна, moon)

6.Торғын көкте қара құс,

Ағылып ұшып барады.

Қағып екі қанатын,

Күннің көзін жабады. (Бұлт, облака, cloud)

Келесі кезең – «Мен мергенмін». (Дәл тигізу)

Келесі кезең – «Тартыс». (қолдарына ұстаған оқтауды екі бала ұстап тұрып тартады. Сызықтан асырып тартқан  бала жеңеді.)

«Қол күрес»

Мықты болсаң тығырықтан шыға біл

Келді кезек тапқырлықты танытар

Бұл сыннан да өтсең егер сүрінбей

Жүлде сенде, қуана бер, күлімде.

ІІІ. Қорытынды.  Жеңімпазды анықтау.

Өздеріңізбен бірге қызықтан, өнерлерің тамашалаған сұлтандар сайысы да аяқталды. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні тірелер болсақ «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін әділ-қазылар алқасына сөз береміз. Әр номинациялар бойынша мақтау мадақтау қағаздары тапсырылады.

Осымен «Бала сұлтан» атты сайысымызды аяқтаймыз.

%d0%b1%d0%b0%d0%bb%d0%b0-%d1%81%d2%b1%d0%bb%d1%82%d0%b0%d0%bd