Декабрь 21, 2017

ТӘУЕЛСІЗДІК ШҚО, Жарма ауданы, Әди ауылы Бастауыш сынып мұғалімі: Искакова Эльмира Ерлановна

20161214_172545

Мерекелік іс шараның көрінісі

Тәрбие сағаты: «Тәуелсіз елім, Қазақстан!»

Тақырыбы: «Тәуелсіз елім, Қазақстан!»
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларға Қазақстан туралы, оның тәуелсіздігі туралы мәлімет беру. Тәуелсіздікке қалай жеткендегін баяндау, көрсету.
Білімділік: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: танымдық сағат
Тәрбие сағатының типі: өнеге сабақ
Тәрбие сағатының әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, ҚР-ның рәміздері: Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті. «Туған ел» суреті
Нақыл сөздер, слайд.
Тәрбие сағатының жоспары:
І. Кіріспе бөлім
Топтастыру
ІІ. Негізгі бөлім
Әдеби монтаж
ІІІ. Қорытынды бөлім
Қорытынды сөз
Тәрбие сағатының барысы:
І. Кіріспе бөлім

Мұғалім сөзі. Қазақстан туралы не білеміз?

демократиялы зайырлы

құқықты көпұлтты

әлеуметті біртұтас

Тәуелсіз елімізге биыл 25 жыл. Осы жылдар ішінде Қазақстан талай жетістіктерге қол жеткізді. (слайдқа назар аудару). Міне, оқушылар, біздер елімізбен мақтанамыз.
1991 жылы желтоқсанның 1-інде Республика жұртшылығы тұңғыш рет Н.Ә.Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
1991жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы жоғарғы сессиясы елімізді «Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет» деп жариялады.
1992 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады. 4 маусымда Президент ҚР –ның мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы ҚР –сы заңдарына қол қойды.
1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
1994 жылы 10 маусымда қазақ халқының екінші қыраны, ғарышкер – Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.
1998 жылы 20 мамырда Қазақстан Республикасының астанасы –Астана (Ақмола) қаласы болып бекіді. Ал10 маусымда жаңа кіндік қала ретінде Астананың тұсаукесері болды.
2006 жылы Дүниежүзілік қазақтар құрылтайы болды.
2008 жылы Астанаға 10 жыл.
2010 жылы ҚР Европа Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы Саммитіне төрағалық етті.
2011жылы Тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл.
2011 жылы Қазақстанда тұңғыш рет 7-қысқы Азиада ойындары өтті.
2015жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы тойланды
2015 жылы қазақтың үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов ғарышқа ұшты.
2015жылы Қазақстан халықтары Ассамблеясына 20 жыл
2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланып жатыр
2015 жылы ҚР Конституциясына 20 жыл
2015 жылы Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жылдығы тойланды.

Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды.
Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
Нұрай:16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Әділет: Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
«Тәуелсіздік жарығы» атты шағын көріністі тамашалаңыздар.
Немересі: Әже, әже далада адамдар салют атып, қуанып жатыр, ол ненің мерекесі?
Әже: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой, балам.
Немересі: Онда маған өткен өміріңізді айтып бересіз бе?
Әже: Мен өткен өмірімді айтсам, басым ауырады.
Немересі: Онда тынығып алайық. (немересі түс көреді)
Немересі: Әже, әже мен түсімде жарық күннің көзін көрдім.
Әжесі: Ол тәуелсіздіктің белгісі ғой.
Немересі: Онда мен достарымнан сүйінші сұрап келейін. Сүйінші, сүйінші тәуелсіздіктің жарық күні шықты.

Тілек: Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын Қазақстан!
Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Маржан: Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

Аяулым: Бостандық құтты болсын ерікті ел,
Айдын көл, көк майсалы көрікті жер
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
Батырхан: Тәуелсіз ел азаттығың құтты болсын !
Ынтымақ пен бірлігің мықты болсын .
Өрлесін ұлылық пен қазақтығың,
Басыңнан арылмасын шуақты күн .

Данель:Тәуелсіз ел атандық,
Биік даңқың .
Бар әлемге әйгілі
Мәлім атың .

Жанель: Ата-баба қанымен,
Келген бізге .
Тәуелсіздік құт болып,
Қонды еліме.

Шуақ: Қорғап сені өтетін
Өле-өлгенше ,
Мақтанамын әлемге
Мен –азатпын.

Айша: Тәуелсіздік –достығымыз
Ынтымағы жарасқан.
Тәуелсіздік –ел бірлігі
Асқақ арман таласқан.

Талас: Тәуелсіздік өткеніміз
Саулардан сан асқан .
Тәуелсіздік-ертеңіміз.
Арайланып таңы атқан .

Естай: Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын елге ашқан
Көк байрақ, көк аспан
Алтын күн нұр шашқан.

Азамат: Әлемге танылған,
Тәуелсіз Қазақстан!
Менің туған жеріме,
Бақыт құсы қонды ғой.
Би: «Қазақ биі»
Ернұр: Тәуелсіздік ардагерім
Ұрпақтармен жалғасқан .
Тәуелсіздік –аға жолы
Болашаққа нық басқан.

Шұғыла: Егемен елімнің ертеңі деп,
Елбасы баға берді жастарыма
Оқу оқы, білім ал, елің үшін
Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.
Нұрай: Жаңарған берекелі еліміз бар,
Даласы гүлге толы жеріміз бар.
Кең өлкем байлығы мол, ынтымақты,
Шалқыған айдын-шалқар көліміз бар.

Ләззат: Ел болдық ерік алдық астаналы
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.

Жайдар:Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып
Қойнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

Ұлағат: Жаралдық молшылықтан толы ағыстан
Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан
Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,
Көркейген елім менің – Қазақстан!

Хор «Жаса Қазақстан»

Нұрхат: Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз, еркі жанбыз, азатпыз
Ел намысын ешбір жанға бермейміз,
Өмірді алға бастырамыз өрлейміз.

Көрініс: Атасы мен немересі. (Тілек, Олжас)
Атасы: Міне, балам, егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді.
Немересі: Ата, «Егемендік» деген не?
Атасы: Егемендік «иесі» мен деген сөз
Көптен бері естімеген ерең сөз
Егемендік ел болудың белгісі.
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші.
Немересі: Күн болды бұл керемет,
Ақ түйе қарны жарылған.
Ел болдық шүкір не керек,
Әлемге аты танылған.
Атасы:
-Енді, міне желбіреген Көкбайрағымыз, айбынды Әнұранымыз, жарқыраған Елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік еліміздің кешегісін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар, айналайын ұрпағым!
Немересі:
Мереке бүгін ұлы күн-
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлы мен
Теңескен төбем көкпенен.
Тұрағым Қазақстан елді мекен,
Сүйгем жоқ, сүйе алмаймын жерді бөтен.
Танытқан бар әлемге қазақ атын,
Туымды асқақтата желбіретем.
Хор: «Көк тудың желбірегені»
Олжас: Бабам тұлпар жаратты
Құлынын да танып-ақ
Тұлпар барда қанатты
Шайқалмасын шаңырақ.

Аяулым: Тәуелсіздік көркі ол да,
Өрке ниет өрінде
Нұр төгеді Елтаңба
Ақ Орданың төрінде.

Ернұр: Енді бүгін өлген Туым тірілді
Әнұраным жалғап алды ғұмырды
Босағада қалып келген Елтаңбам
Баяғыша төріме кеп ілінді.

Нұрай: Бақтың құсы әр адамға қонып бір
О, Тәңірім, бізді баққа жолықтыр…
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!

Ләззат: Көк жүзінде қалықтаған қыранмын,
Бейбітшілік пен бостандық жыр әнім
Самғап жүрсек бостандықта, биікте
Шарықтайды кең көлемде бұл әнім.
Хор «Әрқашан күн сөнбесін»
Қорытынды:
Құттықтау сөз мектеп директоры Сембинов Есен Қалиасқарұлына беріледі. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.
Бір ата, бір ананың түлегіміз
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам
Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! — дей отырып, ашық тәрбие сабағымызды қорытындылаймыз!
%d1%82%d3%99%d1%83%d0%b5%d0%bb%d1%81%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba