Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы М.О.Әуезов атындағы №6 орта мектеп география пәні мұғалімі Жанибекова Светлана Айдыновна Жасыл шырша жанында!!!

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы
М.О.Әуезов атындағы №6 орта мектеп
география пәні мұғалімі
Жанибекова Светлана Айдыновна
Жасыл шырша жанында!!!
Мұғалім: Армысыздар, құрметті ата-ана, қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Жаңа жыл елімізге, әр шаңыраққа тыныштық, бірлік, құт-береке әкелсін.
Жанибекова Светлана Айдыновна1-жүргізуші:
Кел, жаңа жыл,
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің еліме,
Үміт артып армандарға аяулы.
Шаттығына бөлегейсің бізді де.

2 – жүргізуші: Қош келдіңіз бүгінгі кешімізге,
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан жаңа жыл құт әкелсін,
Мына отырған барша жан бәрімізге.
1 — жүргізуші: Ал, балалар, балалар,
Күні ертеңгі даналар.
Жаңа жылға арналған
Кешімізді ашайық,
Әсем әнге басайық.

2 — жүргізуші: Ән айтайық, қол ұстасып
Би билейік жөңкіліп.
Біреу қуып, біреу қашып
Мәз болайық, біз күліп.
1 — жүргізуші: Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
Қыс қызығы басылмай ұласады,
Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

2 — жүргізуші: Сыныптың бишілерін шақырайық,
Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
Қол соғып биік шыңға самғатайық-дей отырып,
сыныбымыздың қыздарын биімен ортаға шақырамыз

1 — жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Құттықтау сөз кезегін ата-аналар комитетінің төрайымы Шолпан апайға береміз.

2 — жүргізуші: Ата-аналарымыздың құрметіне Алима, Ақерке, Айдананың орындауында «Ана» әнін қабыл алыңыздар.

1 — жүргізуші: Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келеді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
2 — жүргізуші: Келді Аяз атамыз,
Қасында Ақша қары бар.
Қызыққа әбден батамыз,
Қарсы аламыз баршамыз.
1-жүргізуші: Ал, енді құрметті халайық! Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонағы әрі сәні АЯЗ ата мен Ақшақарды шақырайық. Хормен: АЯЗ АТА, АҚШАҚАР. (3 рет)
2-жүргізуші: Қош келдіңіз АЯЗ АТА.

1-жүргізуші: Амаңсыңба АҚШАҚАР.
АЯЗ АТА:
Амаңсыңдар ма, ұлдарым,
Амансыңдар ма қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің.
Асулармен алыстым,
Асау желмен жарыстым.
Шыршамызға асығып,
Өздеріңмен табыстым.
АҚШАҚАР:
Армысыздар, оқушылар, ата-ана,
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын,
Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.Аяз ата, сіз алыс жолдан шаршап келдіңіз, енді отырып дем алыңыз. Біздің сізге арналған жаңа жылдық тартуларымызды қабыл алыңыз.
2-жүргізуші:
Жаңа жыл ауылдарды жарылқасын,
Қиналып әр отбасы тарықпасын.
Аяз ата бүгінгі келген күндей
Жүздеріңнен қуаныш арылмасын,- дей отырып кешімізді «Қарлы кесек» ойынмен жалғастырайық. Ортаға 6 оқушыны шақырамыз. Ойын шарты: Ойыншылар 2 топқа бөлінеді, бірінің артына бірі тұрады. Қағаз қарлы кесекті 2 метр қашықтықтан, шелекке дәлдеп салу керек. Шелекке әр оқушы 5- реттен қағаз кесекті лақтырады, қай топ шелекке «қарлы кесекті» көп салады, сол топ жеңімпаз болады.

1-жүргізуші:
Бойыңа бар сұлулық жиналғандай,
Мүсінің ақ мәрмәрдан құйылғандай.
Жарқ етіп, шыға келген ел алдына,
Биші қыз ғажап еді биің қандай!» дей отырып сыныбымыздың бишісі Венераны «Испан» биімен қарсы алайық!
2 — жүргізуші:
Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын. – дей отырып енді ойынға кезек берсек.
1- жүргізуші: Ойын шарты.Тақтада аққала суреті бейнеленген, ойынға шыққан оқушылардың көзі байлаулы, аққаланың мұрнын дәл тауып, орналастыруы керек.

2 — жүргізуші: Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.
1 — жүргізуші: Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықтың жаршысы да нұрысын.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың.
«Андижанская полька» биімен Алиманы қарсы алайық!

2 — жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр

1 — жүргізуші: Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын

2 — жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
(Аяз ата мен ақшақарды шығарып салу)
1 – жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алып,
Жасаймыз той жылда бір.
Жарқын-жарқын ән салып,
Жалғасады жырға жыр.
2-жүргізуші:Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күмбірлеген домбырасы барында» дегендей Пакизаттың орындауында «Жастар» күйін қабыл алыңыздар.

1 — жүргізуші: Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір,
Бақыт болып, жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!

2 — жүргізуші: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1 — жүргізуші:
Қымбатты ата — аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздердің алда келе жатқан Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
2 — жүргізуші:
Жаңа жыл сіздерге жаңа бақыт, жаңа нұр, жанұяларыңызға қуаныш әкелсін!

1 — жүргізуші:
Жаңа жыл сіздерге мол бақытымен, қуанышымен, үлкен — үлкен табысымен, ашық аспан, бейбіт күндерімен келсін!
2 — жүргізуші:
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын ағайын!
1 — жүргізуші:
Денсаулықтарыңыз мықты болсын ағайын!
2 — жүргізуші:
Арайлы таң ата берсін ағайын!
1 — жүргізуші:
Дастархандарыңыз нанға толсын ағайын!
2 — жүргізуші:
Ақ жүздерің гүлдей жайнап ағайын!
1 — жүргізуші:
Жаңа жылмен ақша қарың бірге жаусын ағайын!
2 — жүргізуші:
Жаңа жылда көгілдір от сөнбесін!
1 — жүргізуші:
Тек сіздермен гүлденейік, бір жүрейік ағайын! – дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>