Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы М.О.Әуезов атындағы №6 орта мектеп география пәні мұғалімі Жанибекова Светлана Айдыновна

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы
М.О.Әуезов атындағы №6 орта мектеп
география пәні мұғалімі
Жанибекова Светлана Айдыновна
Жанибекова Светлана Айдыновна2
Тақырыбы: БАҚЫТ КІЛТІ — ЕҢБЕКТЕ
Мақсаты: оқушыларды мамандық таңдай білуге, заман талабына сай, қазіргі
заманға қажетті түрлі мамандыққа байланысты ұғымдарын
тереңдетіп, мамандықтар таңдауына ықпал жасау және
қоғамдағы проблемаларды жеңе білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер, суреттер, шарлар.
Барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Кіріспе (мұғалім сөзі).
III. Негізгі бөлім
1. Қазіргі заманға сай мамандықтар.
2. Менің болашақ мамандығым! (Оқушылардың дайындаған жобалары).
3. Маман иелерімен пікірлесу.
ІV. Қорытындылау
Мұғалім сөзі: мамандақ таңдау – жас өспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басатын жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.
Жүсіпбек Аймауытов «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді.
1– жүргізуші:
Мандық алғың келе ме,
Мамандық өзі немене?
Айналаң толған мамандық
Айналаң толған өнеге
Тыңдайық, кәне, ойлайық,
2– жүргізуші:
Білімге терең байлайық
Оқыған маман – шын маман,
Мамандық сырын анықта
Қолыңнан жұмыс келмесе,
Тие ме пайдаң халыққа?
Еңбектің бәрі – мамандық.
Білуге бәрін талаптан,
Танытып нағыз адамдық.
1– жүргізуші:
Мамандықтың сөзі жоқ, тек оны дұрыс таңдай білген жөн. Кейбіреуіне әрине қабілет керек. Дегенмен ең бастысы қалаған мамандықтың иесі болу үшін мынадай ережелерді ескерген жөн деп ойлаймыз:
1) Дұрыс таңдау керек
2) Икемділік
3) Үлкен өнер, зір шеберлік
4) Еңбексүйгіштік
5) Білім
6) Халықыңа көмегің тию керек.
2 – жүргізуші:
Осындай ережелерді өздеріне мамандық таңдаған сыныптастарымыз да ескерген болу керек деп ойлаймыз. Олай болса сыныптастарымызға сөз берейік.
1– жүргізуші:
Ұланының талабын,
Білмейді ғой әлі де ел
Ер жетем де боламын
Қолы жеңіл дәрігер – деп, 9 «Д» сынып оқушысы Шынарбаева Ұлболсын дәрігер мамандығы туралы айтып береді.

2– жүргізуші:
Сай гып заман салтына
Үлгісін жасап жобаның
Қуаныш сыйлап халқыма
Архитектор боламын – дейді, 9 «Г» сынып оқушысы Болатова Ұлболсын, сөз кезегі Ұлболсында.

1– жүргізуші:
Оқу – білім – бағдары
Заманының бағбаны
Боламын мен болашақ
Балалардың ұстазы – дей отырып, 9Б сынып оқушысы Күміскул мұғалім мамандығы туралы сөйлейді.

2– жүргізуші:
Бейімі жок білімге
Қырсызға күл, күлсіндер
Ара қайрай білу де
Өнер дейді үлкендер.

1– жүргізуші:
Көк жүзіне алаулы
Міндет емес ай болу
Ең бастысы қалауы
Кәсібіне сай болу – деп ақын жырлағандай, бүгінгі сынып сағатымызға қатысып отырған, өз мамандықтарын бес саусақтай меңгерген қонақтарға сөз берейік.

2– жүргізуші:
Олай болса Алтыншаш апай жанағы сыныптастарымыздың әңгімесін әрі қарай жалғастырып өзіңіздің мамандығыңыз туралы айтып берсеңіз.
Алтыншаш апайдың сөзі.
1– жүргізуші:
Келесі сөз кезегін, банкир мамандығын игерген – Эльдар ағайға берсек. Осы мамандықты таңдауыңызға не себеп болды? Онын қиыншылығы мен қызығы туралы айтып берсеңіз.

Эльдар ағай сөзі.

2– жүргізуші:
Адам жанын емдейтін,
Жойғым келеді кеселді,
Емдеуге тез көнбейтін – дегендейкелесі сөзді ақ халатты абзал жан – Гауһар апайға берсек.

1– жүргізуші:
Құрметті қонақтар, оқушылар тәрбие сағатымызды аяқтай келе қорытынды сөз кезегін мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Нуралиева Райхан апайға береміз.
Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп, бізбен пікір алысып, ой бөліскендеріңізге көптен-көп рахмет. Бүгінгі кездесуіміздің ескерткіші болсын деп өздеріңізге дайындаған сыйлығымызды қабыл алыңызда
2– жүргізуші
Құрметті қонақтар алтын уақыттарыңызды бөліп, бізбен пікір алысып, ой бөліскендеріңізге көптен-көп рахмет. Бүгінгі кездесуіміздің ескерткіші болсын деп өздеріңізге дайындаған сыйлығымызды қабыл алыңызда. Осымен «Бақыт кілті – еңбекте» атты мамандық таңдауға арналған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>