«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы «педогог қызметкерлерінің біліктілігінін арттыру институты».тәрбие және тулғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы. ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері: М.М.Жалелов.

Ұлағатты -ұстаз

                                                    Алматы  облысы Еңбекшіқазақ ауданы    

                                                Әймен ауылы «Әймен орта мектебі-

                                                мектепке дейінгі  шағын орталығымен »

                                                   КММ -нің  әкімшілігінен технология

                    пәні мұғалімі  Х. Кәкейге

Ұлағатты -ұстаз

Кәкейқызы  Хырғауыл 2005 жылдан бері Еңбекшіқазақ ауданы, Әймен ауылындағы Әймен орта мектебінде  технология пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді.  Осы жылдар ішінде Кәкейқызы Хырғауыл білім саласында аянбай еңбек етіп, көптеген жетістіктерге қол жеткізуде. Атап айтар болсақ,  Кәкейқызы  Хырғауыл «Өрлеу» БАҰО  АҚ филиалы, Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2005 жылдан бері «Технология» пәнінен «Термебау өнері» тақырыбында лекция оқиды, ұмыт болып бара жатқан дәстүрлі термебау өнерін педагогика саласына ендіруде.  Аталған жылдар ішінде аудандық, республикалық,  халықаралық ғылыми конференцияларға өзінің шығармашылық жұмыстарымен көрмелерге қатысты. Ғылыми конференциялардың көрмесіне Х.Кәкейдің  жетекшілігімен мектебіміздің оқушылары М.Селиханова, А.Имашхан, А.Сүйеніш, Б.Бердімұрат  қатысып, шығармашылық жұмыстары үздік деп танылып, он төрт оқушы облыстан, төрт оқушы  халықаралық конференциялардан жүлделі орындарға ие болды.

2012-2013 оқу жылдарында Еңбекшіқазақ, Талғар,Іле, Ұйғыр аудандары, Талдықорған қалалық мектептерінде, аудандарында « Өнерім- өмірім» атты авторлық семинар өткізді. 2012 жылы Х. Кәкейдің  екі ғылыми мақаласы, шығармашылық жұмыстарының альбомдары, «Мектептегі термебау» атты оқулығы жарыққа шықты.

2013 жылдың ақпан айында өткен республикалық  «Ең үздік шығармашыл мұғалім» байқауына қатысып жүлделі ІІІ орынға ие болды. 2013 жылдың 30-мамырда Талдықорған қаласында өткен «Үздік педагог» байқауына қатысып жүлделі ІІІ орынды иеленді. Астана күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Қазақ елі» алаңындағы  қазақ халқының ұлттық қолөнері көрмесіне қатысып, «Термебау» ұлттық қолөнерін дәріптеп, «Мастер класс» өткізді. 2013 жылы қазан айының үшінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов  қолынан  «Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласына ат салысқаныңыз үшін» атты граматасымен марапатталды, төртінші қазанда Облыстық білім бөлімінің басшысы Б.Далабаевтың қолынан «Үздік шығармашыл мұғалім, үздік шығармашыл педагог» атты марапат грамотасымен марапатталды. 2013жылдың қазан айының бесінші жұлдызы күні Аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың қолынан Республикалық «Үздік шығармашыл ұстаз» , «Үздік шығармашыл педагог» атағымен марапатталды. Талдықорған қаласының  Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінде облыстық семинар өткізді.2013 жылы  16-17 желтоқсанға байланысты «Халық қаһарманы» генерал лейтенант Ертаев Бақытжан Ертайлының қолынан «Еңбегімен елге сыйлы» орденімен марапатталды. 2014 жылдың қаңтар айының жиырма бірінші жұлдызында Монголия мемлекеті Баян-Өлгей аймағының Алтынцөгц ауылында аймақтық семинар өткізіп аудан әкімінің  марапатына ие болды. Біздің мектебіміздің  мақтанышы болған Кәкей Хырғауыл білімін одан әрі шыңдай отырып ағымдағы жылдың 20- мамырда Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткен  «Кәсіби  білім беру жүйесіндегі мәдени-интеллектуалдық мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында баяндама оқып, сертификатқа ие болды және. 2013-2014 оқу жылындағы жұмыстарының нәтижелері «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру иниститутында жарық көрген «Ең үздік шығармашыл мұғалім»  «Үздік шығармашыл педагог» каталогында жарияланды.  2014 жылғы наурыз айының үшінші жұлдызында Астана қаласында жарық көрген «Ұлт ұстазы» журналында еңбектері жарыққа шықты, 2014 жылы оныншы шілдеде Монголия Республикасында «Қазақ халқының ұлттық  қол өнері және терме тоқу»    атты семинар өткізіп, сертификатпен марапатталды,   және жоғарыда айтылғанбарлық еңбектері газет журнал, альбомдарда жарық көріп келеді. 2014 жылы Талдықорған қаласында И.Жансүгіров атындағы университетте     «ҒЫЛЫМ, БІЛІМ   ЖӘНЕ   ИННОВАЦИЯ-«ҚАЗАҚСТАН – 2050» СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ  ОРЫНДАЛУЫНЫҢ  МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЛАРЫ» атты   Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференциясына қатысып, мақалалары  жарық көрді.

2014 жылы қараша айында    «Зияткерлік»  журналында еңбектері жарыққа шықты.   2014 жылы 11-қарашадағы келісімге сәйкес  «Қолөнердегі  терме  бау  өнерін үйрету  әдістері»  атты кітабі   республика бойынша таратылып, 2015- оқу жылдарыннан бастап  қолданысқа енгізіледі.   2014 жылдың 15 – желтоқсанында «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчествалық бірлестігінің «Лидер образования» Алтын медалімен марапатталды.

2015 жылдың 5-17қаңтар аралғында ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ  АРТТЫРУ  ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ  «Технология» пәні мен «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбында біліктілікті арттыру  курсынан өтті.

2015жылдың 26 –шы ақпан күні Алматы облсы Еңбекшіқазақ ауданы «Ақши орта мектебі» комуналдық мемлекеттік мекемесіндегі «Инновацияалық технологияаларды дамыту мақсатындағы қазақтың сәндік қолөнері»атттехнология пәнінің мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті.

2015 жылдың 5-ші наурыз «Жыл әйелі 2015» басжүлде иегері.                          2015 жылдың 12-ші мамыр   «  Үздік педогог 2015»  басжүлде  иегері.

2015 жылдың 3-ші маусымнан бастап Мүмкіндігі шектеулі адамдрды «Қолданбалы қолөнер, мектептегі термебау өнері» өнерімен үйретіліп жастарды жұмыспен қамту.

2015 жылы 7-шілде «Еуразиялық дизайнерлер одағы» мүшелік билеті берілді.

2015 жылдың 31-ші шілде «Халық аралық деңгейдегі» Еңбекшіқазақ ауданы бойынша көрме ұйымдастырылды.

Қазіргі кезде Н.Адамқұловтың жетекшілігімен «Күнделікті қолданылатын қолөнер бұйымдарының технологиясы» атты электронды оқулықтарына ат салысып жүр.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру

 ұлттық орталығы  «педогог                              

қызметкерлерінің біліктілігінін

 арттыру институты».тәрбие

 және тулғаны әлеуметтендіру кафедрасының

аға оқытушысы.

 ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері:                    М.М.Жалелов.              

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>