Шурегалиева Самал Нигметуллаевна Мұғалім портфолиосы Есеп В2 №1-топ 3-деңгей Атырау қаласы

images (5)

Есеп В2

Оқушылардың білім алғандығының дәлелдемелері қамтылған

тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есеп

 

Соңғы жылдары елімізде білім мен ғылымның өсіп-өркендеуіне орай, білім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Кез келген оқыту технологиясы оқытушыдан терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді. XXI ғасыр-бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсібіи мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асыру үшін оны жаңашылдыққа қарай өзгерту қажеттілігі туады. Елбасымыздың «әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында Англия мен Қазақстан арасындағы білім мен біліктілік саласы бойынша тығыз байланыстың бұдан былай да өркендей беретініне үлкен сенім білдірді. Заман талабына сай болу үшін әрбір мұғалім өзін және кәсіби қызметін жаңашылдыққа қарай бағыттап өзгертуі керек. Мен осы оқу жылының наурыз айында педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының бірінші «Бетпе-бет» кезеңінен өттім. Бағдарламаның бірінші бетпе-бет кезеңінде алған теориялық білімімізді мектептегі тәжірибе кезеңінде іске асыру оқушылар түгіл өзімізге де үлкен қызығушылық тудырып, қанаттандыра түсті. Курс барысында дәстүрлі сабақта қатаң тәртіптен оқушы  бойында сенімсіздік болатынын, ойлануға мүмкіндік берілмейтінін, өз ойын жеткізуге дәрменсіздік танытатынын ұқтым. Сын тұрғысынан  ойлауды дамыту бағдарламасы-әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Сын тұрғысынан  ойлаудың маңыздылығының нәтижесі:

1. Әдіс түрлері;

  1. Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы;

3. Басқалармен қарым-қатынас жасай білу, қорғай  білу;

  1. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту;
  2. Топтық тұжырымға келе білу;
  3. Топ алдына шығып,өз тұжырымын айта білу;[1]

Мектептегі тәжірибеде өткізген сабақтарымның барлығында дерлік сыни тұрғыдан ойлауға үйрету технологиясы стратегияларын қолданып, белгілі нәтижелерге қол жеткізе алдым. Әрине, әр сабаққа дайындық керек, оқушыларға шығармашылық бағыт-бағдар бере отырып, үздіксіз іс-әрекетке жетеледім. Бұл бағдарламаны оқып, үйреніп оны өз жұмысымда қолданып мұғалімдік кәсіптің қыр-сырына тереңдей түстім. Бағдарлама стратегиялары оқушылардың бірін-бірі тыңдап, құрметтеуіне үйретті. Қуанышпен айта кететін жайт, бұрын үндемей отыратын балалардың сабаққа қызу араласуы. Дәстүрлі сабақта олар өздерін бұлай көрсетуге бара қоймас еді. Сабақтардың ерекше, жаңа технология жобасымен өтуі оларға еркін сөйлеп, ойларын ашық жеткізуге, сыншыл көзқарас байқатуларына мүмкіншілік туғызғандай. Бүгінгі қоғамға да, мектепке де керегі осылар. Енді осы технологияны қолдануда зерттеуге алған 8 «б» сыныбына өткізген бір сабағым туралы егжей-тегжей айта кетер болсам. Сабақтың тақырыбы: Bill Gates and computers. Билл Гейтс және компьютерлер. Жалпы мақсаты: Bill Gates-тің өмірі, шығармашылығымен таныстыру. Кәсіби қызмет жөнінде ұғындыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру. Сабақтан күтілетін нәтиже:

- Оқушылардың шығармашылық қабілеті арттады.

- Кәсіби қызметтің қасиеттері жөнінде ұғынады

- Пікірін ашық айтуға, сыни ойлауға машықтанады

- Өз бойындағы қабілеттерді байқауға,анықтауға үйренеді.

- есте сақтау қабілеті артады,

- ағылшын тілінде сөздік қорлары молаяды.

Негізгі идеялар: оқушылар Mr Microsoft-тың еңбек туындыларын білу, маңызды екенін түсінуі қажет деп ойладым. Сабақты ұйымдастыру кезінде оқушылармен амандасып, сынып оқушыларын түгендеп, сыныптың ережесін бір қайталатып алдым. Бірінші кезең -қызығушылықты ояту. Үйрену процесі -бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты- үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену- енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады. Бағдарламаның  бір модулі оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдері ретінде сынып оқушыларын үш тілде достық туралы мақал мәтелдердің қиындысы арқылы топтастырып топқа бөліп отырғыздым. Себебі мақал-мәтелдер халық ауыз әдебиетін сүйіп құрметтеуге, сөз өнерінің асыл қазынасын меңгертуге, тапқыр сөйлеуге, ретті жерлерде қолдана білуге, үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, айта білуге тәрбиелейді.

1-топ. Қазақ мақалы: Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.

2 -топ. Орыс мақалы: Нет друга-ищи, а нашел-береги.

3-топ. Ағылшын мақалы: Tell me your friends, and I will tell you who you are.

Teacher: -He is an engineer. He is a rich man. He is an American.

Сыни тұрғыдан ойландыра отырып, логикалық сұрақтар қоюда, оқушылардың жауаптары арқылы сабақтың тақырыбы ашылды. Сабақ үдерісін жандандыру мақсатында сабақта рөлдік ойындарды қосу ерекше әсер қалдырды. «Bill Gates and computers» тақырыбында өткен сабағымда үштұғырлы тіл методикасын пайдалана отырып, оқушыларды үш тілде сабақ өткізу барысында оқушылардың ойларын еркін жеткізуіне  мүмкіндік бердім. Бұл сабақ кезінде «Сыр сұхбат» телебағдарламасын ұйымдастырдым. Бағдарламаның жүру барысында  1-оқушы шет елден келген инженер Билл Гейтс болса, 2-оқушы бағдарлама жүргізушісі рөлінде ойнап басқа оқушыларды  шет елден келген Билл Гейтспен сұхбаттастырады. Бағдарлама басында Bill Gates туралы видео ролик көріп, сол адамның өмірбаянымен, шығармашылығымен танысады. Қалған оқушылар сұрақтар қойып жауап алады. Сұхбат соңында смайликтермен алған әсерлерін білдірді. Сабақ өте әсерлі болды смайликтерге жазған әсерлерін оқып қарап оқушылардың да көңілінен шыққандығын байқауға болады. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда диалогты оқытудың маңызы зор. Мұндағы мақсат оқушының сөздік қорын байыту арқылы ағылшын тілінде дұрыс сөйлеуге, бір-бірімен еркін тілдік қарым- қатынасқа түсуге жетелеу, сол сияқты жаңа сабаққа деген оқушылардың ынтасын бұру. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің бірі жигсо оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйретеді. Сыни тұрғыдан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Бұл тәсілді орындау барысында әр топтан бір тайм кипер және бақылаушы және келесі топқа баратын баяндаушы белгіленеді. Үштұғырлы тіл методикасын пайдалана отырып оқушылар таңдаған тілдеріне қарай ортақ тақырыпта Билл Гейтсті өмірбаяны, шығармашылығы туралы топтастырып орындайды. Сосын әр топтың екі оқушысы келесі топтарға барып, пікір алмасады. Өздері оқыған мәтінді бір-біріне түсіндіреді, талқыға сала отырып, жазады, жұмысын қорғайды. Сабақ кезінде оқушылардың жетістіктерін жиі мадақтап, қолпаштап отыру арқылы формативті бағаладым. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай сергіту сәтін ұйымдастырдым. Алғашқы сабақтың сергіту сәтінде артқа тығылып билегісі келмеген Серікбол үшінші сабақтың сергіту кезінде алға шығып бастан аяқ билегенде, оқушылардың қызығушылығының артқандығын байқадым. «Қара жорға» биін билеген кезде оқушылар сергіп қалды. Содан кейін оқушылардың қабілеттеріне қарай ашық тапсырмалар берілді. Оқушылардың тапсырмаларды таңдап алу барысында талантты, дарынды балалар тапсырманың қиындау түрлерін алып өз деңгейлерінің жоғары екендігін көрсетсе, қабілеті қанағаттарлық оқушылар жеңіл тапсырмаларды таңдады. Тапсырманың бірі Синквейн бес жолды өлең құрастыру болатын болса, Динара еш ойланбастан осы тапсырманы таңдап алып, өзінің білім деңгейінің жоғары екендігін көрсетті. Ал оқушыларда топқа бөлінгеннен кейін-ақ көшбасшы көріне бастады,  топта ерекше белсенділік танытқан оқушы–көшбасшы, ол әдетте  басқа оқушыға көмектесіп, соған жауап бергізуге тырысады, өйткені ол өзін емес, сыныптастарын, топты алға сүйрейді. Ағылшын тілі- дүние жүзінде ең көп таралған халықаралық тіл. Шетел тілін ана тілімен қатар оқыту, оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым-қатынас мәдениетіне үйретеді. Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, өйткені мұғаліммен, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым- қатынас барысында оқушының дүниетанымы кеңейеді. Шетел тілі деген пәннің ерекшелігі- барлық сабақтарда да сөйлеу әрекетінің төрт түрі, яғни сөйлеу, жазу, оқу және тыңдау қамтылып отырылуы тиіс. Сонымен қатар сұрақ қоюдың төрт түрі де, яғни жалпы сұрақтар, бөлшек сұрақтар, балама сұрақтар және арнайы сұрақтар қойылып отыруы тиіс.  Ағылшын тілі сабағында сөздік пен қатар грамматикалық анықтамаға көбірек көңіл бөлу қажет деп есептеймін. Шетел тілін оқытудағы негізгі аспектінің маңыздысы-грамматика. Өйткені адамдардың қарым-қатынасы, сөйлесуі сұрақ-жауап арқылы іске асады. Грамматикалық заңдылықтарға сүйене отырып, сөз  тіркесі жасалады, сөйлем құру арқылы мағыналы қасиетке ие болады. Сондықтанда қатесіз сөйлеу үшін, оқыған мәтінді немесе тыңдалған хабарды түсіну үшін грамматиканы дұрыс меңгеру қажет. Оқушыларға грамматикалық материалды түсіндіруде мен көбіне өз тәжірибемде индуктивтік тәсілді қолданамын. Яғни, грамматикалық материалды түсіндіргенде қазақша мысал келтіріп, берілген мысалды ағылшын тіліне аударып, екі тілдегі ұқсастық пен айырмашылықтарға тоқталамын. Содан кейін ағылшын тілінде жасалу жолын, ерекшелігін түсіндіріп өтемін. Оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану-заман талабы. Сондықтан мен интерактивті тақтаны қолдана отырып, Should+Perfect Infinitive грамматикасының құрылымын оның ережесі туралы баяндап өттім. Should етістігі перфекті инфинититивпен бірге қосылып жасалынбаған, іске аспаған немесе жүзеге асырылмаған іс- әрекетке деген өкінішті білдіреді және “солай жасау керек еді, солай болу керек еді” деп аударылатындығы туралы айта отырып мысалдар келтірдім. You should have helped them. Сіздің оларға көмектесуіңіз керек еді. But you should not help ”Бірақ сіз олай жасамадыңыз”. Грамматиканы толық түсіндіріп болғаннан кейін оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, «Milling» жұбыңды тап ойынын ойнаттым . Бұл әдісте оқушыларды екі А және Б топтарына бөліп, қолдарына сұрақ пен жауап жазылған қағаз қиындыларын бердім.

  1.                                 B.

You should have helped them.        But you should not help

«Milling»  жұбыңды тап ойынында сыни тұрғыдан ойлау мен диалогтық оқыту маңызды орын алды. А тобында сұрақтарын оқыса Б тобында жауаптарын береді. Оқыту барысында оқушылар берілген сұрақтардың жауабын іздеп табу барысында жұптасып жұмыс жасады. Бұл жұптарын іздеу барысында уақыт алады десекте, Харгивс пен Гэлтон (2002) сұрақ қойылғанан кейінгі кідіріспен қатар, зерттеуде мұғалім оқушының жауабын алғаннан кейін де екі секунттай кідіріс жасау қажет [1] екені атап көрсеткендей ізденулеріне уақыт бердім. Тіл білімінің дыбыстық жағын зерттейтін фонетика саласы да назардан тыс қалмауын қамтамасыз ете отырып, оқушыларға рronunciation дыбыстардың айтылуы мен жазылуын түсіндірдім. «Адасқан дыбыстар» ойын элементтерін пайдалана отырып, жаттықтырдым. Сөздердің түрлерін бере отырып, дыбыстарға бөлгізіп жаздырдым.

(Rich, system, list, reach, least, her, heard, nerd, house, mouse, mountain)

[i]                         [i:]                         [ә:]                           [au]

Rich                   Reach                    Her                           Mouse

System               Least                     Heard                                Mountain

List                                                   Nerd                             House

«Memorizing» сыни ойлау тапсырмасын орындау  арқылы оқушылардың  милары жаттығады, есте сақтау қабілеті артады. Қай модульді алсақ та, оқушының ойлану қабілетінің дамуы, ой-өрісін кеңейтіп, әріден ойлануы, өз ойын бүкпесіз ашық айтуы, әрбір айтатын сөзін ой елегінен өткізіп жеткізе білуіне көп көмектеседі.

Бағалаудың басты мақсаттарының бірі жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс. Мұндай кері байланыс ретінде оқушылар манынаны тану барысында бүгінгі сабақта не үйренгендігі туралы  «БҮҮ» -ге жазады.

Топ мүшелері     Білемін       Үйрендім     Үйренгім келеді

Оқытуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, бірақ маңызды мәні бар тестілеу оқыту үдерісіне кері әсерін тигізуі мүмкін.[1] Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі біз үшін жаңалық болмаса да, осы курс нәтижесінде бағалауға деген мүлдем жаңа көзқарас қалыптасты десем, қателеспеймін. Балаларды ынталандыруда тәуекелге барып, оқушылардың жауаптарын жоққа шығармай, сол қателерін өзіне түзету арқылы жұмыстандыру қажеттігін, бағалау критерийлері арқылы әділ бағалауға қол жеткізудің мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімділігін ұғынып, аз уақыт ішінде болса да бағалау түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып, оң нәтижелерге қол жеткізе алдым. Оқушыларды әр тапсырмада критерий арқылы бағалау кезінде мынадай кестені пайдаландым.

Жиынтық бағалау  15-20 ұпай-“5”; 10-14 ұпай-“4”; 5-9 ұпай-“3”

Аты-жөні; жигсо; жұбыңды тап; топтастыру; жалпы ұпай; қорытынды баға.

Оқушылар бір-бірін бағалауда топ көшбасшысы Нұрлыбекке сен жигсода топтағы жұмысқа белсенді қатысқан жоқсын деп айтып жатты, ал белсене қатысқан оқушылар мен ана сұраққа жауап бердім, мен мен деп өз жұмыстарын саралап жатырған әңгімелерін естігенде олардың бағалауда шынайылық танытып жатқандықтарын байқадым. Оқушыларды бағалау – алға қарай ынталандыру, өз-өзіне сенімділігін арттыру, жасаған еңбегінің жемісін көрсету болып табылады. Бағалап болған соң сабақтан алған әсерлері туралы стикерге жазып, смайликке жарыса іліп жатты. Осылайша құрылған оқу мазмұны  арқылы мынадай нәтижелерге жеттім. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты. Көп сөйлемейтін тұйық оқушылар ашыла бастады. Оқушылар өзін-өзі және бірін-бірі бағалауы арқылы өз ісін ретке келтіріп, мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты түсінік және сенім қалыптасуын қамтамасыз етті. Осылайша сыныпқа көшбасшы бола отырып сабағымды қорытындыладым. Bill Gates туралы өткізген жаңа сабағымда материалдарды оқытқанда  және бекіту кезінде, жаттығуларды ұйымдастыруда, оқығанды және тыңдағанды тексеру үшін диалогтік әдісті көбірек қолдандым және сол дұрыс деп ойлаймын.  Себебі осының бәрін әңгіме түрінде іске асырып отырдым. Әңгімелесе білу диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтижеге жеткізетін біліктілік болып табылады, себебі сабақтың соңында ой бөліскенде барлық бала ағылшынша сөйлеуге талпынды, сөйлей алмайтындары жақсы сөйлейтіндер арқылы ағылшынша әңгімелесуге талпындырды. Бұл әдіс оқушылардың диалогты қайталап айтуына мүмкіндік жасайды. Диалогпен жұмыс істеген кездегі қолданылған лексикалық материалдар оқушылардың сөйлеу тілінің белсенді қорына айналады. Жатталған диалогтар оқушылардың жаңа диалогтар құруының негізі бола алады.

Жалпы сабақта диалогті пайдалану өте пайдалы, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, бір бірімен тіл табыса білуін қалыптастырады. Оқушылардың сөздік қорларын дамытып, оларды өз ойын анық  жеткізе білуге, мәнерлі, мағыналы  сөйлей білуге үйрету үшін сабақ үрдісінде диалогтық әдістің тиімділігін өз көзіммен байқадым. Келесі оқу жылында диалог, сұрақ жауап сияқты әдістерді әр сабағымда қолданып, тапсырманы күрделендіріп беремін. Тек қана екі үш оқушыны қатыстырып қана қоймай барлық сынып бірдей жұмыс жасайтындай етіп тапсырмаларды дайындауым керек екен. Ғалымдардың пікірі бойынша оқушыны сөйлету, диалогқа түсіру үшін сұрақтар қою, тапсырмалар беру кезінде болады дегендей, осы топтасып жұмыстанғанның өзі оқушыларды сөйлету, өз ойларын еркін қорғауға, дәлелдеуге тиімді екенін көре бастадым. Осы мектептегі тәжірибе барысында іс-тәжірибемді жетілдіре отырып, жаңа стратегиялық шешімдер қабылдау арқылы, жаңа тәсілдерді сабағымда пайдалануда оқушыларды сабағыма қызықтыра отырып, тәжірибеге алған сыныпта білім сапасының өсуінен байқалған нәтижелерге қол жеткізе алдым деп есептеймін.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басылым.

2. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті. «Педагогика және шетел тілдерін оқыту әдістемесі: бүгінгі ахуал, ертеңге сараптама» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жинағы.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>