Ақтөбе облысы , Әйтеке би ауданы, Талдысай орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сотқарова Ләззат Әутайқызы.

images (5)

Ақтөбе облысы , Әйтеке би ауданы, Талдысай орта мектебінің  бастауыш класс мұғалімі  Сотқарова Ләззат Әутайқызы. Тәрбие сағаты Тақырыбы «Ауылым – алтын бесігім:» Мақсаты: Оқушыларды ауыл тарихымен таныстыру. Табиғатын қорғауға,елін,жерін сүюге, құрметтеуге  тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайд, плакаттар,сөзжұмбақ. Топқа бөлу .Оқушылар әріптер жазылған стикерлерді алу арқылы 3 топқа бөлінеді. Алған әріптерден 3 топта сөз  құрайды. Құраған сөздеріне ассоциатсия жасайды. 1-      Топ : Ауылым      2- топ: алтын    3 – топ: бесігім   Туған жер                                         Түсті метал                                  баланың төсегі Балалық шағым                                                         Ағаштан жасалады бағалы                                          қымбат                                        тазалық БЕСІГІМ                                                 жылу Киелі жер                                                                                    ата-баба мұрасы атамекен                                      әшекей   Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы Бұдан артық рахат табылмайды. Бұлдырасын сағымдай өткен бір күн, Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы. М. Мақатаев.. 1-      оқушы Ауыл адамзаттың кең дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Бізге дейін сан толқын ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған мекені.Дүниедегі ең құдіретті АНА болса, ауылда -барлық халықтың анасы. 2-оқушы Жүгі нарда, қазаны теңде болып, көшпелі ғұмыр кешкенқазақ халқының ертеден-ақ ежелгі мекені- ауыл болғаны анық.Яғни ауыл ұлтымыздың ұйытқысы.3 — оқушы Елбасымыздың :Біз кез – келген ұлттың түп тамыры ауыл жұртында жатқанын  естен шығармауға тиіспіз. – деген  сөзі өте дұрыс айтылған. 4-оқушы Ауыл – қазақтың алтын бесігі,салт- дәстүрі,өлең – жыры,өнері, мәдениеті мен адамгершілік ортасы.Сөз өрнегін оймақтап, жырдан кесте тіккен ақын – жазушыларымыз  да, ән өрнегін айшықтаған сазгер, күйшілеріміз де, аты аңызға айналған даналарымыз дасол қарапайым  ауылдың қара шаңырағынан шыққан. 5-оқушы : Менің ойымша ауыл әр адамның ата — тегінің бесігі, арқа сүйері, балалық шақтың мекені. Атамекенге деген махаббат, Атамекенге деген сағыныш ауылдан басталса керек.     : 6-оқушы Қазақтың хандары мен батырлары, ғалымдары, ғылымдары мен қаламгерлері осы ауыл даласынан қанат қағып қияға ұшқан. 7-оқушы Қазақтың ұлы ақыны Абай, ұлы жазушы Мұхтар ауылдан шықса, батыр Бауыржан Момышұлы ауыл баласы. :8-оқушы Осы кең даладан тұңғыш ғарышкер ұшырылды, Қаһарман батыр Қасым Қайсенов, тіпті Елбасымыз Нұрсұлтан ата да ауыл перзенті. Арқа тұтпас тегін адам туған жерін, Тарихымен аты шығар туған елдің – дей келе ауылымыз Талдысайдың тарихымен танысайық.  Слайд- 1. Тыныштық .Мүлгіп  жатқан мидай жазық дала.Қыбырлаған жан жоқ.,меңіреу тыныштық. Игерілмеген жерлерді игеру мақсатында біздің жерімізге  жан – жақтан, жер – жерден ағылып жұмысшылар келіп жатты. Сөйтіп мидай дала қайнаған еңбек алаңына айналып шыға келді. Міне, Талдысай ауылы осындай қайнаған өмірден бастау алған еді. Талдысай – Әйтеке би ауданының солтүстік – батысында орналасқан. Тың және тыңайған жерлерді игеруге байланысты 1955 жылы « Щербаков « кеңшары құрылды. Жерінің ауданы – 6,572 га,  халқының саны – 1716 адам.Талдысай аймағында 12 ұлттың өкілі тату – тәтті өмір сүруде. Елді мекен тас жолы бойында аудан орталығынан 12 км, Ақтөбеден 300 км қашықтықта орналасқан. Щербаков кеңшарының жерінің жалпы ауданы – 34000 га, жайылымдық жері – 19 690 га, егістік – 14 360 га.  Жер бедері жазық, арасында өркеш төбелі биіктіктер кездеседі. Ірі өзені – Ырғыз өзені. Өзен негізінен көктемгі қар суымен толысады. Көктемгі су тасқыны кезінде судың 75 -80 % өтеді. Жаз айларында өзен арналары кеуіп, азаяды. Елді мекеннің топырағы – қызыл қоңыр. Топырақ құрамы сазды және тығыз сазды құм болып келеді. Жалпы топырақ құнарлығы аз және тұздылығы көптігімен ерекшеленеді. Өсімдігі : жусан, бетеге,боз, қамыс, бидай, арпа, тары, қияқ шөп, қызғалдақ, сарғалдақ. Жануарлары: қасқыр, түлкі, борсық, өоян, жабайы шошқа, қарсақ, күзен, саршұнақ. Құстары : торғай, қаз, үйрек,қарға, тырна, қарлығаш, аққу, шағала, қараторғай. Балықтары : алабұға, шортан, сазан, табан балық, аққайнар. 60 жылдық тарихы бар Талдысай ауылы бұл күнде жаңарып, жаңғыруда. Бұған куә ауылымыздың ортасынан бой көтерген зәулім мектеп, қайта жаңартылған балабақша осының куәсі. Береке мен бірлігім ауылымнан таралар, Ауылымыз көркейіп өркендеген ел болар. Ән: Ауылым 9-оқушы Сен де кеттің, мен де кеттім, ол да кетті ауылдан, Ұят болды, ұят болды — ау ауылдағы қауымнан,- деген өлең шумағында Мұқағали ағамыз не айтпақ болды екен. Я,осы бір өлең жолдарында Мұқағали ағамыз бәрімізге ой салып, ауыл жағдайын жырласа, Елбасы жолдауымен « Ауыл жылдары» жарияланғанын білеміз. Бұл тарих беттерінде қала береді. Ауыл десем, мал елестер көзіме, 10-оқушы                        Ауыл десем, дән елестер көзіме Ауыл десем, ер саламын құр атқа Ауыл десем, ән естілер құлақ. Ақын ағаларымыздың ауыл тақырыбына жазған өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту. Енді ауыл туралы мақал – мәтелдерге сөз кезегін берейік. Е- е,  сағынған ер елін аңсайды, Сарала қаз көлін аңсайды – деген. Я , туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас- дел бекер айтылмаған екен. Дұрыс айтасың, Ел іші – алтын бесік ,өз ауылымыздан алыстап қайда барамыз. Я, Пәлен жерде пайда бар,Өз жеріңдей қайда бар – кіндік қанымыз тамған жер қашанда ыстық қой! «Туған жердің жуасы да тәтті  ғой,  шіркін! Айтпа, досым! Әркімнің өз жері — жұмақ. Туған жердің жері де көрікті,Елі де сүйікті  деген рас – ау! Хормен : Әркімнің өз жері – алтын бесік . Бүгінің бар жарқын , ертеңің  бар айқын , Асырамыз  әлі ауылымыздың даңқын – дей келе оқушыларымыздың арнау өлеңдерін тыңдайық. Оқушылар шығарған өлеңдерін оқиды. Қортындылау .1 –топ. Ауыл туралы өлең құрастыру. 2 – топ. Ауыл туралы әңгіме жазу. 3 – топ. Ауылды суреттеу. Ән:» Кел, ауылға»   Слайд  « Ауыл келбеті « Сөзжұмбақ шешу Хор :» Атамекен» Сөзжұмбақ  “ ТАЛДЫСАЙ”

Т Ы Ң
А Қ Т Ө Б Е
Қ Ы З Ы Л Қ О Ң Ы Р
С А Р Ғ А Л Д А Қ
Ы Р Ғ Ы З
Ж У С А Н
Ж А З Ы Қ
Й Т Е К Е Б И
Ә

1.Игерілмеген жер 2.Облыс атауы 3.Ауылдың топырағы қандай ? 4.Ауылда өсетін гүлдің бір түрі 5.Ауылдың үстімен өтетін өзен 6.Ауылда өсетін өсімдіктің бірі 7.Ауылдың жер бедері қандай? 8.Ауданымыздың атауы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>