Қызылорда қаласы № 5 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Жанжігітова Анар Көбекбайқызы

Жанжігітова Анар КөбекбайқызыҚызылорда қаласы  № 5 мектеп-лицейінің бастауыш   сынып  мұғалімі
                                                             Жанжігітова Анар Көбекбайқызы 
                                Сыныбы:  1-сынып
Пәні:     Ана тілі
Сабақтың тақырыбы:       «Өз Астанам-өз ордам». Тасымал.
Сабақтың мақсаты:
    Білімділік: Оқушылардың өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу және
                        жазу дағдысын жетілдіру; тасымал туралы  түсінік беру.
   Дамытушылық:    Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін  дамыту

  Тәрбиелік: Өз Отанына құрмет, мақтаныш сезімін ұялату,  ұлтжандылыққа

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                    Жаңа білімді игерту.

Сабақтың типі:                    Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                    сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын.

Сабақтың көрнекілігі:       Астана қаласының суреттері, слайд,ИАТ.

Сабақтың барысы: 

  1. I.      Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа назарларын аударту.

  1. II.   Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.

-  Балалар, біз буын туралы білімімізді жетілдірдік. Қане, буын туралы ережені еске түсірейікші.

-  Оқушылардың жауабы.

-  Бүгін біз жаңа ережемен танысамыз. Ережеміз не туралы екенін білгіміз келе ме? Ендеше «Білім еліне» саяхатқа шығайық. Картадан қандай жерлерді көріп тұрсыңдар?

●Талдықорған                                                  ●Сарыағаш

●Астана

●Маңғыстау

●Ыстықкөл                                                                     ●Леңгір

●Атырау

-         Ал, енді, балалар, осы көрсетілген сызықтар бойынша қалалардың бас әріптерін қосып оқимыз, қандай сөз шығады?

-         Тасымал сөзі шығады.

-         Дұрыс айтасыңдар. Сонымен тасымал дегеніміз – жазу жолына   сыймай қалған сөздің бөлігін буынға бөліп екінші жолға жазу. Сөздердің тасымалданған бөлігінен соң сызықша қойылады: ұс-таз, те-ре-зе, мек-теп.

  1. III.           Жаңа сабақ.

-        Оқушылар менің қолымда пойыз билеттері бар. Бүгінгі сабаққа жақсы араласып отырған оқушыларға сыйлаймын. Ал, осы билеттің қай қалаға сатылғанын білгіміз келе ме? Ендеше экранға назар аударайық. Бұл қай қала?

-        Астана қаласы.

-        Дұрыс айтасыңдар. Астана қаласына баруға билет алу үшін бірнеше тапсырмалар орындауымыз керек. Қане, іске сәт!

89-жаттығу

1) Өлеңді мәнерлеп оқып беремін

2) Өлеңді оқушыларға тізбектей оқытамын.

3) Өлең мазмұнына байланысты сұрақтар қоямын:

-Өлең не туралы?

-Өлеңде Астана туралы не айтылған?

-Астана жайлы не білесің?

-Астана сөзін қалай тасымалдауға болады?

( Сабаққа араласып отырған оқушыларға жетондар таратып отырамын)

V.Жаңа сабақты бекіту.

90-жаттығу

Сөздерді тасымалдау белгісін қойып, көшіріп жаз.

Ал-ма-ты,Ал-маты, Алма-ты, қа-ра-ғай,қара-ғай, қа-рағай,ше-бер-ха-на, ше-берхана, шебер-хана, шеберха-на.

 VI.Үйге тапсырма.

«Өз Астанам-өз ордам» өлеңін мәнерлеп оқу.

91 – жаттығуТасымал туралы ережені жаттау.

VII. Бағалау.

Жетон көп жинап, сабаққа ерекше араласып отқан оқушыларға билеттерді сыйлап, тиісінше бағалаймын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>