Астана қаласы, №15 мектеп-лицей математика-информатика пәні мұғалімі Байдуллаева Маржан Жахудақызы Тақырып: «Математика ақыл-ой гимнастикасы» (жай бөлшектер)

gngАстана қаласы, №15 мектеп-лицей математика-информатика пәні мұғалімі

Байдуллаева Маржан Жахудақызы

 Тақырып: «Математика ақыл-ой гимнастикасы»

(жай бөлшектер)

Сабақтың мақсаты:

білімділік:           Оқушыларға жай бөлшектер  ұғымын түсіндіру. Жай     

                              бөлшектерді қосу, азайту, натурал санға көбейту,  

                              натурал  санға бөлу тақырыптарын жете меңгеруге 

                             үйрету.  Алған білімдерін, ережелерді есептер шығару 

                             барысында  қолдана білуге үйрету.                                                               дамытушылық: Оқушыларды логикалық ойлау  қабілетін қалыптастыру.       

                              Білім, білік, дағдыларын  дамыту.  

тәрбиелік:           Оқушыларды ұқыптылыққа,  жинақылыққа                                    

                              ұжымшылдыққа баулу.Оқушыларға адамгершілік еңбек 

                              тәрбиесін беру.

Сабақтың түрі: білімді пысықтау сабақ.

Сабақтың әдісі: өткенге шолу, білімді пысықтау.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: белсенді тақта, тесттер мен тапсырмалар, сұрақтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі::

а) сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқушылардың назарын сабаққа қаратып жоспармен таныстыру.

 ІІ.Ойымды жалғастыр ( өткенге шолу)

  1. Дұрыс бөлшек дегеніміз ……
  2. Бұрыс бөлшек деп ……
  3. Жай сан деп өзіне …….
  4. Құрама сан дегеніміз екіден ……

ІІІ.  МатФут (оқулық пен жұмыс)

№ 490-495 есептерді орындау

 

 

Деңгейлік тапсырмалар:

1-нұсқа 2 нұсқа
  1. Бөлшекті қысқартыңдар:

,          ,    ,

2.Бөлшектердің алымы мен бөлімін жай бөлшектерге жіктеу арқылы қысқартыңдар:

,     ,          ,

  1. 42 қызыл шар, 54 көк шар және 78 сары әр түсті шарлардың сандары бірдей болатындай неше топқа бөлуге болады?
  2. Бөлшекті қысқартыңдар:
,      ,     ,2.Бөлшектердің алымы мен бөлімін жай бөлшектерге жіктеу арқылы қысқартыңдар:

,

  1. Балаларға сыйлық дайындау үшін 200 жаңғақ, 240 кәмпит және 320 өрік алынды. Жаңғақ, кәмпит және өріктердің сандарын бірдей бөлгенде, сыйлық неше балаға жетеді?

ІV. «Кім мықты»? (сергіту сәті)

№1. Бірінші баланың әкесі ұлына 150 теңге, ал екінші әке баласына 50 теңге  берді.  Екі бала қолдарындағы ақшаны қосса , 150 теңге ғана болып шықты. Неліктен?

 

№2. Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12  лақ беруге  уәделеседі.  Байғұс малай  байдың жөн-жосықсыз  аямай жұмсағанына шыдамай 2  жылдан кейін кетіп қалады.  Бай малайына  бір бұзау және  6 лақ береді. Бұзауды қанша  лаққа бағалаған?

 

№3. Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда былай деп жауап берді:

«Ұл мен қыздарымның саны бірдей, ал әр ұлымның үш қарындасы бар». Бұл кісінің қанша баласы бар?

 

№4.Таяқшалардан 6 үшбұрыш құрастырылған. 4 таяқшаны алып тастап, осындай 3 үшбұрыш қалдыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

№5.Берілген фигурада неше үшбұрыш бар?

 

 

 

 

 

 

 

 

№6. Сұрақ белгісінің орнындағы санды тап

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VІ. Қорытынды:

Оқушыларды білімдеріне қарай бағалау.

“ЕХРО-2017”  (математикалық сөздерді құрастыру)

 

2 мин ішінде әріптерді ретке келтіріп, сөздерді табу керек.

РНКӨЕ                                         НСА
УБК                                              СЕҮЛ
ӨЕЙТКУБ                                   НБІТҮ

ТВКАРДА                                   ЛӨМБІ
АСАРЛА                                     УҚСО
ЛФАРОУМА                              ЗЙТАУА

ИРЕТПРЕМ                                ДНАУА

ШБЕӨКЛ                                    НҚЫДСЫО

Үйге тапсырма: № 499-501 есептер, ережелер жаттау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>