«Шығыс Қазақстан облысы ,Семей қаласының білім бөлімі»

«Шығыс Қазақстан облысы ,Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шүлбі жалпы орта білім беретін эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шағын орталық «Айгөлек» ІІ-кіші топтың тәрбиешісі

Сүлейменова Аяулы Тоқтарбекқызы

 

 

Ашық оқу іс-әрекеті:Сүлейменова Аяулы Тоқтарбекқызы

 

Тақырыбы: Бәйшешек

Мақсаты: Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1.Сурет салудағы іскерлік дағдыларды еркін меңгеруді үйрету.Бояу түстерін ажыратуға үйрету.

2. Көркемдік талғамын қалыптастыру, тіл байлығын дамыту.

3.Ұқыптылыққа, табиғаттың сұлулығын сезінуге  тәрбиелеу. Әдемілікке баулу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, тосын сәт, тақпақ, жылулық шеңбері,сергіту сәті, саусақ жаттығуы, ойын, сұрақ-жауап, қорытынды.

Көрнекілік: Гүлдердің, бәйшешектің, көгершіннің суреті.

Барысы:                                 Жылулық шеңбері:

Біз гүлдерше өсеміз

Жапырағы жайқалған

Сабақтары салалы

Желге ырғалып шайқалған

Тәрбиеші: Балалар, қазір қай мезгіл?

Балалар: Көктем мезгілі

Тәрбиеші: Көктемде қандай табиғат өзгерістері болады?

Балалар: Күн жылынады,қар ериді, ағаштар бүршік жарады, құстар ұшып келеді.

ТОСЫН СӘТ: Көгершін бәйшешекті аузына қыстырып алып, ұшып келеді. (Музыка ойнап тұрады.)

Тәрбиеші:  Балалар, қараңдаршы, бізге Көгершін қонаққа келіпті. Өзімен бірге гүл ала келіпті. Қандай гүл әкелгенін табу үшін мен сендерге тақпақ оқып берейін.     Бәйшешектен білеміз

Көктем келіп қалғанын

Мәз боламыз, күлеміз

Көрсек гүлін жарғанын

- Көгершін бізге қандай гүл әкеліпті?

Балалар: Бәйшешек

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Басқа қандай гүлдерді білесіңдер?

Балалар: Қызғалдақ, бақбақ.

Тәрбиеші: Ендеше, қазір біз «Өз гүліңді тап» ойынын ойнаймыз.(1топ-қызғалдақ,2 топ- бәйшешек, 3 топ- бақбақ.Музыка ойнап тұрады.Әр топ балаларынан қолдарындағы гүлдерінің аттарын сұраймын.)

Тәрбиеші:  Бәйшешек — көктемнің алғашқы гүлі. Оның тамыры, сабағы болады, жапырағы – жасыл, сопақша,  күлтесі – күлгін, ақ, көгілдір болады. Кәне, қайталайықшы.

Тәрбиеші: Неше күлтесі бар, санайықшы?

Балалар: 1,2,3,4,5

Тәрбиеші: Неше жапырағы бар?

Балалар: 1,2.

Тәрбиеші: Кәне, балалар, Көгершіннің әкелген бәйшешек гүлінің суретін бояйық.

Саусақ жаттығуы:   Жер қазайық(саусақтармен жер қазған әрекетті көрсетеді)

Дән салайық  (сұқ саусақпен дән салады)

Гүл өсірейік (гүлдің өскенін көрсетеді)

Су құяйық (тамшылатып су құяды)

Сурет  бояуды ары қарай жалғастыру.

Сергіту сәті:  Шаршағанда  ырғалып

Гүлге ұқсап дем аламын

Қанатымды бір қағып

Гүлдей болып жайқаламын

Ойын: «Қай гүл екенін тап?»

Тәрбиеші: Балалар, қандай гүлдің суретін боядық?

Балалар: Бәйшешектің

Тәрбиеші: Гүлдер туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Балалар:   Мен қызғалдақ гүлімін

Жапырағы жайылған

Сұлулық бар бойымда

Тамырым кең тараған

 

Үлпілдеген бақбақ

Үлбіреген аппақ

Уф! Десең бақбақ

Ұшасың ғой қаптап

 

Бақбақ бақта бар

Басқа да бақта бар

Тәрбиеші: Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Барлығың жақсы қатыстыңдар.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>