Қостанай облысы Рудный қаласы

Қостанай облысы        Рудный қаласы

«Рудный қалалық білім беру бөлімі» ММ

«№7 орта мектебі» ММ

Домбыра — дастан

Секция: тарих, өлкетану, этномәдениет

Әубәкірова Айша-бибі

1 сынып         №7 орта мектебі

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі:Молдабекова Бахтжамал Қоренқызы

 

№ 7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

 

 

 

 

 

2014 ж.

МАЗМҰНЫ

I.            Кіріспе……………………………………………………………………………4 бет

II.            Негізгі бөлім

1.1.Дыбыс құдыреті туралы…………………………………………….5-6 бет

1. 2 Аспаптану ………………………………………………………………….. 7 бет

1.3 Домбыра қалай пайда болды?………………………………………..9-11 бет

1.4 Домбыраның Қазақстанда кездесетін    үлгілері………………………………………………………………………………12-13бет

1.5. Домбыраның түрлері………………………………………………….. 13-16 бет

1.6 Домбыраның бөлшектері………………………………………………16-19 бет

1.6. Музыка аспаптарын сақтау…………………………………………. 20бет

ІІІ. Қорытынды……………………………………………………………………….21 бет

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………..22 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Андатпа

Оқушы зерттеу жұмысында  қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары, соның ішінде домбыраның шығу тарихы мен түрлерімен таныстырылған. Жас ерекшелігіне қарамастан   сыныптастарын қазақ өнеріне баулу, музыка құштарлығын арттыру өнерге деген қабілеттері мен сезімдерін тәрбиелеуге өзіндік үлесін қоса білген. Қазақ халқының ұлттық аспабы қасиетті домбыра  адамға рухани көмек береді деп тұжырым жасаған.

Нағыз қазақ – домбыра демекші домбыраны  қадір тұта білген халық, қазақ халқының қуанышын да қайғысына ортақтасып ерекше дыбысымен әйгілі екендігін дәлелдеуге тырысқан. Әр қазақтың шаңырағының төрінен орын алған домбыраны дәріптеп төкпе күй, шертпе т.б түрлерін де толық қамтыған.Оның дауысы қазақ даласымен, ауылымен бірге ұштасып келеді. Әр шаңырақтың қайғысы мен мұңын осы қасиетті домбырамен өрнектеген.Сондықтан домбыраны киелі деп төрге ілген.

Заманнан заман өтіп, ел жаңарып, жер жаңғырғанда да, небір қысталаңды жылдарда да халықтың рухани жан серігі болған музыкалық дыбыс бүгін де ертең де өз мән-маңызын жоғалтпақ емес.

Домбыраны күтіп-баптау, сақтау жағдайына да тоқталған. Домбыраның үнділігін сақтау үшін ішектері алты айда бір ауыстырылып отыруы керек. Суыққа ұрындырмай, күн қызуында қалдырмай, суға тигізбей бірқалыпты температурада ұстаған жөн. Қағылып, соғылып, шытынап – сынудан аман ұстау қажет. Ол үшін арнайы қорап жасалады. Домбыраны күтіп ұстау әр домбырашы- өнерпаздың міндеті. Бүгінге дейін домбыралар қорапсыз шығарылып келеді. Болашақта дүкендерде қорабымен сатылуы сөзсіз. Ал, қазіргі сатып алынған домбыраларды қалай сақтау керек? Әр үйде домбыра бар. Бірақ көбі оны күтіп ұстауды ескере бермейді құбылыстар болмас үшін жел қақпайтын, суық ұрмайтын, сыз бармайтын жерге, ең жақсысы керегеге іліп ұстаған жөн.Оқушы теориялық жұмыстан гөрі практикалық жұмыстарға көбірек көңіл бөлген. Салыстыру жасаған. Гитараман салыстырып, домбыраны дәріптеген. Басқа ұлттың аспабына еліктемей, өз ұлтымыздың аспабын қадірлеуге шақырған. Жобаның мазмұны ашылған.

 

 

                                                      Аннотация

         В нашем научном проектедаетя   понятие о казахском ноциональном инструменте, а именно виды  и  происхождение домбры. Главная цель этой работы повлиять на повышение чувств  и способности  детей к музыке и исскуству казахского народа. Это помогает повысить любовь к народным инстументам  и духовным нравам.

Настоящий казах- это народ ,который старался особыми звуками радости и печали мог выразить в ритмах музыки домбры. На почётном месте  в казахской семье висит домбра.Звучание домбры развивается вместе  со звуками казахской степи и аулов.

Печаль и горе  каждой семьи украшали звуками  святой домбры ,поэтому домбру, как священную, вешали на почётном месте.

Проходили века ,всё менялось,но звуки домбры и её значение не потерялись до  сегоднешнего дня.Чтобы сохранить звучность  домбры струны меняли каждые полгода.Не оставляли  на холоде ,на жаре.

Сохранение домбры- обязанность каждого домбриста.

Ученик в своей работе  уделил большое внимание практической работе . Сравнил домбру  с гитарой и призывает беречь свой национальный инструмент .Очень хорошо и внятно раскрыта тема проекта .

 

 

Рудный қаласының № 7 орта мектеп 1А сынып оқушысы  Әубакірова Айша-бибі жазған «Домбыра — дастан» атты ғылыми жұмысына

Алғы сөз

«Нағыз қазақ қазақ емес.

Нағыз қазақ – домбыра»,  — демекші, қашанда қазақ халқы өнерді сүйген, қадір тұта білген халық, соның ішінде домбыра қазақ халқының қуанышына да, қайғысына да ортақтасып, ерекше дыбысымен әйгілі. Әр қазақтың шаңырағының төрінен орын алған домбыраны Әубәкірова Айша-бибі бұл жұмысты теориялық жағынан саралап, практикалық жағдайда дәлелдей білген.

 

 

Ғылыми жұмыс жетекшісі:Молдабекова Бахытжамал Қоренқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Ғылыми жұмыстың өзектілігі

Қай халықтың да болмасын музыкалық өнері сол халықтың тұрмыс-салтына әдет – ғұрпына, тіршілік тынысына орай қалыптасары белгілі. Ғасырлар бойы көшпелі тұрмыс кешкеннен бері, қазіргі заманға дейінгі қасиетті қара домбыраның орны ерекше. Оның ерекше дауысы қазақ даласы, ауылы, елімен бірге ұштасып келеді. Әр қазақ өз қайғысы мен мұңын, қуанышын осы қасиетті домбыра арқылы жеткізе білген. Сондықтан болар әр қазақтың шаңырағының төрінен орын алған осы домбыра болған.

  • Зерттеу жұмысының мақсаты:

Ұлттық музыкалық аспабымыздың тарихын анықтап, олардың түрлерімен таныстыру. Домбыраның жаңа үлгілерін зерттеу, жас жеткіншектерді өнерге баулып, музыкаға, домбыраға деген құштарлығын арттыру.

  • Міндеті: Мақсатқа жету  жолында  төмендегі  міндеттерді шешуді  алға қойдық Қазақ халқының музыкалық аспаптарының топ-тармағын білу.

Домбыраның шығу тарихын әр деректерге сүйене отырып білу, домбыра түрлерімен таныстыру.

Қазақстанның әр аймағында кездесетін домбыра үлгілерімен танысу, айқындау.

Қасиетті домбыраны жасауға қажетті материалдармен  танысып, музыкалық аспаптарды қалай сақтау керектігінің жолдарын білу.

 

       

 

 Тақырыптың теориялық және практикалық маңызы:

Жұмыстың негізгі тұжырымдарын, ұлттық музыкалық аспабымыз домбыраның тарихы мен жасалу жолдарын, түрлерін біле отырып, күнделікті өмірде пайдалану.

Жұмыстың құрылымы:

Ғылыми жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды бөлімнен және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, сызбалардан тұрады.

Дыбыс құдіреті

Айналамызға бір сәт құлақ түріңізші. Саумал самал тербеген жапырақтар сыбдыры, қыр мен ойды қуалап, құлдырай аққан сыршыл бұлақ сылдыры, бұлбұл үні, бозторғайдың шырылы, алып завод гуілі, самолеттің гүрілі, тұлпар тұяғының дүбірі… Бәрі дыбыс, бәрі үн… Әлем сан алуан әуенге толып, аспан асты, жер үстін дыбыс кернеп тұрғандай. Дыбыс – мынау ғажайып ғаламның көрінбес тірегі, бөлінбес бөлігі дерсің. Онсыз мына дүниені көз алдыңа елестету мүмкін емес. Ендеше, дыбыс ең әуелі тіршілік белгісі екен.

Адамдардың музыкалық дыбысқа құныққаны соншалық, бір аспаппен шектелмей, барша дыбысты толық қамтитын жаңаша, күрделі де сапалы аспап жасауға үнемі құлшынып отырған. Қанша аспап жасаса да олар бірінің үнін бірі қайталамаған. Осыдан келіп музыкалық аспаптардың алуан түрі шыққан. Соның арқасында адам ой-арман, қимыл – қозғалыс, көңіл – күй, нәзік сезім … бәрі-бәрін музыкалық дыбыс арқылы бейнелей алатын мүмкіндікке ие болған. Адам қолынан шыққан қобыз үнінде мұң, зар басым болса, сыбызғы үнінде қуаныш, шаттық бар. Домбыра байсалды дыбыс шығарса, шертердің үні салтанатты келеді.

Музыкалық аспап дыбыстың осы қасиетіне негізделіп жасалады. Дыбыстың жаңғыруы аспап жасалған затқа байланысты. Дыбыс қабылдап, оны қайта жаңғырту қабілеті әр түрлі ағаштардан құрастырылған аспапта мардымды болмайды. Тегінде аспап бөлшектері өте сезімтал материалдардан жасалады. Ол бөлшектер біз мысалға келтірген екінші камертор секілді кез келген дыбысты елеусіз қалдырмай, қайта жаңғыртып отыру керек.

Заманнан заман өтіп, ел жаңарып, жер жаңғырғанда да, небір қысталаңды жылдарда да халықтың рухани жан серігі болған музыкалық дыбыс бүгін де ертең де өз мән-маңызын жоғалтпақ емес.

Қазақтар осы құдіретті да қасиетті дыбысты шығару үшін бітімі бөлек, даусы ерек, тұлғасы алуан түрлі музыкалық аспаптар ойлап тапқан. Біз солардың дыбысын барлап, түсін түстеп, тегін тектеп көрелік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1 Аспаптану

Музыкалық аспаптардың шығу тегін, дамуын, құрылыс-құрылымын, жасалуын, дыбыстық ерекшелігін, әуендік-әуездік мүмкіндігін, қызметін, мақсатын, мән-маңызын зерттейтін ғылым саласы аспаптану деп аталатыны мәлім. Ол халықтың талғам танымының даму динамикасын,өре-ауқымын, бағыт-бағдарын саралайды; бір халықтың музыкалық аспаптарының басқа халықтар музыкалық аспаптарымен байланысын қарастырады; сондай-ақ өзінің даму жолын, тарихын да зерттейді.

Қазақ музыкалық аспаптары дегенде ойға оралып, тілге тиек болатын тарихи тұлғаның бірі – Қорқыт. Ол – қазақ музыкасының атасы. Композитор, қобызшы, аспап жасаушы, дана, білгір.

Заманында Қорқыт жалғыз болған жоқ. Оның өскен ортасы – туған жері, туған елі болды. Солардың асылынан нәр алды, жасығын адақтады.

Жақсы ісімен көрінген сондай абыздың бірі – Нысан еді. Нысан Абыз музыка аспаптарының тарихын ғана емес, ішкі сырын да жетік білген болса керек. Керней, сырнай, дабыл, даңғара, қобыз, адырна, домбыра ол кезде де бар еді. Ол сонымен бірге неден жасалатынын, қалай жасалатындығын, қалай ойналатынын, дыбыс ерекшелігін, үн ауқымын да білуі керек-ті. Білу аздық еді. Абыз білгенін басқаға үйретеді. Ұстаздық етеді. Халыққа жариялап отырады.

Қорқыт, Нысан сияқты абыздарды көзімен көріп, көңіліне тоқыған шәкірттер болды. Бұлардың осындай ұлағатты істері болмаса, Әл Фараби сияқты ірі музыкант, аспаптанушы ғалым шықпас еді. Қорқыт, Нысан, Әбунасыр замандас ұлылар. Бірін-бірі білген, көрген.

Әл-Фарабидің философиялық ой-көзқарастары ішінде қазақ музыка танушылары үшін аса құнды еңбегі, — «Музыканың ұлы кітабы».

Бұл кітабында Әл-Фараби музыкатану, оның ішінде аспаптану ғылымының да негізін қалайды.Оның бұл тұрғыдағы ой-тұжырымдары әлі де терең зерттеп, қажетке жаратуды керек етеді.

Әл-Фарабидің аспаптануға, аспаптық музыкаға қосқан үлесі барша ғалам еліне ортақ. Қазіргі аспаптанушылар назарынан да тыс қалуға тиіс емес баға жетпес мұра.

Қорқыт, Нысан, Әл-Фараби кезеңі – музыкалық аспаптану ғылымының практикалық-теориялық тұрғыдан өркендеп, өрістеген кезеңі деп білеміз. Бұл кезең ҮІІІ-Х ғасырларды қамтиды.

Әлбетте аспап төрешісі – әнші, күйші, жыршы, жырау. Аспап тек солардың бағыт-бағдарымен, қалауымен жасалды. Ал жасалған дүние сыншысы – қай уақытта да көпшілік қауым, тыңдаушы халық еді.

Халық музыкасының сан алуан классикалық шығармаларын туындырған әнші, күйшілер де аспаптардың дамуына себепкер болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Домбыра қалай пайда болды?

Аңыз және 1500 жыл бұрынғы домбыра

Домбыра аспабының қалай пайда болуына байланысты қазақ халқының ортасында сақталған аңыз аса мол. Солардың біразын Б.Сарыбаев (Қазақтың музыкалық аспаптары. Алматы, 1978), Қ.Жұбанов (Исследования по казахскому языку. Алма-Аты, 1966), Ө.Жәнібеков (Алтын домбыра // Қазақ әдебиеті. 1984, 6-қаңтар), А.Сейдімбек (Күй шежіре. Алматы, 1997) еңбектерінде жақсы көрсеткен. Домбыра және домбыра күйі туралы сөз қозғағанда осы зерттеуші¬лердің еңбектеріне сүйенеміз. Ақселеу Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде осы аңыздардың екеуіне ерекше назар аударады. Соның бірі Шығыс Қазақстан облы¬сындағы Күршім ауда¬нының тумасы Арғын¬бек Қилыбаев ақсақалдың айтуымен хатқа түскен «Қос ішек» күйінің аңызы.

«Ертеде бір аңшы жігіт болыпты, — деп айтылады «Қос ішек» күйінің аңызы. — Сол аңшы жігіт биік таудың қиясын, қалың қарағайдың арасын тұрақ еткен бұғы-маралды аулап, кәсіп етсе керек. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын алып тастайды. Содан, арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал жер еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі дейді. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұрғанын аңғарады. Қарағайдың бұтақтарына керіле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Оның өзі бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сыңсып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге бөлейді. Сол жер¬де аңшы жігіт «қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын» — деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн аңшы жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады» (А. Сейдімбек Күй шежіре. Алматы, 1997, 192-бет)

Домбыра қайдан шыққан деген сұраққа бүгінгі қазақ аспаптанушылары «ұрмалы аспаптар негізінде пайда болды» деп жауап беріп келеді. Бұны айтушылардың ой-пікірлерін саралап келгенде біздің көз алдымыздға домбыраның мынадай даму процесі елестейді.

Байыппен бағдарлар босақ, бұл тұжырымның жаны бар секілді. Ең көне деп табылған алмұрт тәріздес ішекті аспаптың шанағынан мойынның созылып шыққандығы; оның келесі сатысы – шертердің пайда болуы, шертер әу баста бір ішекті болған. Бабаларымыз ұрмалы аспаптың үстіне ішек тартуы неліктен? Басқаша айтқанда, тағуға себепкер болған не?

Ұрмалы аспап өмірге алғашқы адаммен бірге келді, бірақ алғашқы адамның ұрмалы аспаптың үстіне ішек тағуды ойлауға санасы жетпейтін. Оны ойлап табуға уақыт керек еді. Иә, иә, көп уақыт.

Солай болса да біз домбыраның нақ қай ғасырда өмірге келегендігін  дәл басып айта алмаймыз. Дегенмен, кейбір тарихи деректер мен әр жылдарда жүргізілген жазба жұмыстары нәтижесінде табылған мәліметке, мүсіндерге ой жүгіртіп көруге болады.

Үстіміздегі ғасырдың елуінші жылдарында Согда, Қой қырылған қалаларының орнын қазғанда табылған мүсіндердің бірінде екі ішекті аспап домбыра ұстаған музыкант бейнеленген. Ғалым-зерттеушілер оның қолындағы аспапты қазақтардың домбырасы деп шешті. Мүсінге 2400 жыл. Иә, қазіргі ұстап жүрген домбырамыздың түр-тұрпаты біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғасырда-ақ ел ішіне кең тараған. Қазақ халық музыкасының аспаптану ғылымының негізін қалаушы академик Ахмет Жұбанов: «Кейбір деректерде «домбыра» сөзі арабтың «дунбахи бурра» тіркесінен,яғни «қозы құйрық» деген сөзінен қалыптасқан деген долбар айтылған» — дейді. Шындығында бір қарағанда домбыра тұрпаты қозының құйрығына ұқсамай ма?

«Домбыра» атауы «Дембира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп те топшылайды. Мұның да қисыны бар секілді. Өйткені Шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті нәрсеге немесе кейбір көпшілік орынға әйел адамның есімін беру жоралғысы бүгінге дейін сақталған.

«Домбыра» сөзі көптеген халықтар тілінде бар және олардың бәрі музыкалық аспап ретінде айтылады. Татарларда – думра, қалмақтарда-домр, монғолдарда – домбур, остяктарда – танбура, украиндарда – бандура, грузиндерде – пандури деп аталады. Бұлардың барлығы қазақтардың домбырасына ұқсас ішекті аспаптар. Айтылуы әр бөлек болғанымен бір сөзден тарағандығын аңғару қиын емес. Сонда ол қай сөз болуы мүмкін?!

Пішіні домбыраға ұқсас, төрт ішекті шертпелі аспап үнді халықтарында «тампура» деп аталады. Ішекті шертпелі аспап «пандура» гректерде де бар. Мінеки, осы деректердің бәрі де болашақ аспаптанушы зерттеушілерді ойландыруға тиіс.

 

 

2.1 Домбыраның Қазақстанда кездесетін үлгілері

Қазақ халқының төл аспабы-домбыра ұзақ уақыттан бері өзінің негізгі құрылысын, түр – тұрпатын сақтап келеді. Ел ішіндегі шеберлер, оның формасын өзгертуден гөрі дыбыстық ауқымын, мелодиялық мүмкіндігін арттыра түсуге үнемі күш салып отырған.

Батыс Қазақстан үлгісі. Бұл домбыралардың шанағы қақ жарылған алмұртқа ұқсас, көлемді болады. Перне саны 12-14-16-ға дейін жетіп олар тұрақты орнығады. Бұл пернелер төпке күйдің кең тынысын, дыбыстық ауқымын, иірім-қайырымдарын дәл беруге ыңғайлы келеді.

Орталық және Шығыс Қазақстан үлгісі. Бұл өңірге кең тараған домбыралардың шанағы күрек іспетті, жалпақ, мойны қысқалау болып келеді. Перне саны 7-8-11-ден аспайды. Халық шеберлері жасаған бұл домбыраның үні перне санына, шанағының көлеміне, мойынның ұзындығына қарай өзгеше әсерлі де әуезді. Шеберлер домбыра мүмкіндігін арттырудың басқаша жолын қарастырды. Батыс Қазақстан шеберлері перне санын көбейтсе, Орталық және Шығыс Қазақстан шеберлері ішек санын арттырды. Мұндай домбыраның өмірге келуі күйшілік, орындаушылық өнердің жаңа қырын ашуға себепкер болды. Үш ішекті домбыра жасау мен үш ішекті домбырада ойнау дәстүрі етек алды. Мысалы: Семей облысының Шұбартау, Абай аудандарында осы аспапта ойнайтын күйшілер аз болмаған.

Оңтүстік Қазақстан және  Жетісу үлгісі. Бұл домбыра тік бұрышты, мойны қысқа, пернелері жеті, тоғыз болып келеді. Шертпе күй, ән, айтыс ерекше дамыған осы аймақта жасалған домбыралар айтысқа қосуға, ән сүйемелдеуге, күй шертуге ыңғайлы. Әнші дауысының ауқымына қарай, айтыс ақынның мақам-нақышының күрделілігіне шертпе күйдің ерекше қайырымдарына қарай домбыра ішектері, пернелері әр алуан құбылып отырған. Пернелері кейде жылжымалы, кейде тұрақты ішектері кейде жұп, кейде тақ болып келеді. Жез перне орнату әдісін де осы өнер шеберлері қолданған. Бұдан біз домбыра жасаушылардың үнемі ізденісте болғандығын байқаймыз.

3. Домбыраның түрлері

Шіңкілдек. Халқымыз өз ұрпағын кенінен ойлаған. Оның бойына жастайынан еңбек тәрбиесін, адамгершілік сезімін, патриоттық рух себумен қатар, эстетикалық тағылым да беріп отырған. Тіпті, эстетикалық тәлім-тәрбие ең бірінші орында тұрған десек те болады. Нәрестесін жұбатқан ана «Әлди-әлди бөбегім» деп ән салады. Тілі шыға бастағанда түрлі сөздерді айтқызып үйретеді. Ес кіре бастағанда сан алуан оқиға, дастан жырлар, қызықты ертегілер айтып береді. Түрлі жұмбақтар, тақпақтар жаттатады. 4-5 жасқа келгенде ұстауға жеңіл, ойнауға ықшамды, дауысы сүйкімді шағын домбыра жасап берген. Оны шіңкілдек деп атаған.

 

 

 

 

 

 

Оның біріншісі 4-7 жас аралығындағы бүлдіршіндерге, екіншісі 7-10 жас аралығындағы жеткіншектерге арналған. Дыбысы құлаққа жағымды бұл домбыралар балабақша, бастауыш мектеп оқушылары үшін аса қажет-ақ. Қазірше жекелеген шеберлер жасаған азын-аулақ домбыралар болмаса, жаппай өндіріске шығару әлі қолға алынған жоқ.

Екі ішекті домбыра. Мұндай домбыралар күйші-композиторлар мен шебер-домбырашылардың ізденісінен туған. Аспаптың үнін, дыбыстық ерекшелігін жетілдірудегі халық өнерпаздарының бұл жаңалығы күйшілік, орындаушылық өнерге ерекше ықпал етіп, жаңа мектеп ашуға мұрындық бола алмаса да, домбыра жасау өнеріне, оның дамуына игі әсерін тигізгені даусыз. Екі ішекті домбыра жасаушы шеберлер ішекті кейде мойын мен шанақтың ішінен, одан кейін арнайы жасалған өкше түйме арқы