«Шығыс Қазақстан облысы ,Семей қаласының білім бөлімі»

«Шығыс Қазақстан облысы ,Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шүлбі жалпы орта білім беретін эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шағын орталық «Айгөлек» ІІ-кіші топтың тәрбиешісі Сүлейменова Аяулы Тоқтарбекқызы   Ашық оқу іс-әрекеті:Тақырыбы: «Біз не үйрендік?»Мақсаты: Балаларға  кеңістік қатынастары, заттың көлеміне қарай салыстыру туралы түсініктерін бекіту.

Міндеті: 1. 1-5 –ке дейінгі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Геометриялық пішіндерді ажырату. Логикалық есептер шығаруға дағдыландыру.

2. Ойлау қабілетін, байқампаздығын, есте сақтау қабілетін, сабаққа қызығушылығын дамыту.

3. Ұжыммен жұмыс істеуге, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, көрсету, салыстыру, санамақ, логикалық есептер, жылулық шеңбері, сергіту сәті, ойын, мадақтау, қорытындылау.

Көрнекіліктер: Геометриялық пішіндер, цифрлар, таратпа материалдар,»Шалқан» ертегісінің кейіпкерлері, слайд.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:    Жылулық шеңбері

Кәне, кәне тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Оң жақтағы досыммен

Сол жақтағы досыммен

Құшақтасып шығайық

Амандасып  үлкенмен

Көңілді күймен бастайық

Тосын сәт:  Назар ата қонаққа келеді.

Назар ата: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен бақшама шалқан егіп едім, шалқаным дәу болы өсіп, жұла алмадым. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Балалар: Иә, көмектесеміз

Назар ата: Шалқанды жұлуға көмектесуге апа келді. Апаның тапсырмасын орындап беріңдерші, бірге жұлып алармыз.

І. Апаның тапсырмасы:  «Көп пе, аз ба?»

Тәрбиеші: Балалар, ненің суретін көріп тұрсыңдар?

Балалар: Алмалардың

Тәрбиеші Қай жақтағы алмалар көп?

Балалар: Оң жақтағы алмалар көп.

Тәрбиеші: Кәне, санайықшы

Балалар: 1,2,3алма

Тәрбиеші: Қай жақтағы алмалар аз?

Балалар: Сол жақтағы алмалар аз

Тәрбиеші: Сол жақта неше алма?

Балалар: 1,2 алма

Тәрбиеші: Ағашта қандай алма аз,қай жерде тұр?

Балалар: Қызыл алма аз,жоғарыда тұр.

Тәрбиеші: Ағашта қандай алма көп, қай жерде тұр?

Балалар: Жасыл алма көп,төменде тұр.

Назар ата: Жақсы,балалар. Апа екеуіміз де шалқанды жұла алмадық. Немере қызымның  тапсырмасын орындап берсеңдер, бірге жұлып алармыз.

ІІ. Немере қыздың тапсырмасы: Ойын: «Орнын тап»

5,3,1,4,2

Тәрбиеші: Өте тамаша,жарайсыңдар.

Назар ата: Бәрін дұрыс тауып жатырсыңдар. Әлі де күшіміз жетпей тұр. Күшіктің тапсырмасын орындап  берсеңдер, шалқанды жұлып алармыз.

ІІІ. Күшіктің тапсырмасы:

 

 

Тәрбиеші: 1-ші тұрған  не?

Балалар: Үшбұрыш.

Тәрбиеші:2-ші тұрған  не?

Балалар: Дөңгелек.

Тәрбиеші: 3-ші тұрған не?

Балалар: Шаршы.

Тәрбиеші: Біз оларды қалай атаймыз?

Балалар:  Пішіндер.

2- тапсырма: «Үйшік құрастырайық»

Тәрбиеші: Балалар, алдарыңдағы пішіндерден ит пен күшікке үйшік құрастырып берейікші.  Қандай үйшік құрастырдық?

Балалар: Үлкен үйшік, кішкентай үйшік құрастырдық.

Тәрбиеші: Қандай пішіндерден үйшік құрастырдық?

Балалар: Үшбұрыш, шаршы, дөңгелектен.

Назар ата: Тамаша, өте жақсы. Енді мысықтың тапсырмасын орындап берсеңдер, шалқанымыз жұлынғалы тұр.

ІҮ. Мысықтың тапсырмасы:   Сергіту сәті:

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады

Бойын жазып, керіліп

Беті-қолын жуады.

Назар ата: Ой, сендер тапқыр екенсіңдер,тышқанның тапсырмасын орындап жіберсеңдер, тіпті тамаша болар еді.

Ү. Тышқанның тапсырмасы: «Бәріміз бірге шешейік?»

      1.Табақта екі алма

Саламын үш алма

Қосқанда болады

Неше алма? (5алма)

 

  1. Үйге кірді Алдияр

Оған қоса Мадияр

Кейін келді Айдана

Қанша болды бар бала? (3 бала)

Шалқанды барлығы жұлып алады.

Назар ата: Рахмет, балалар! Сендер тапқыр, ақылды балалар екенсіңдер. Сендердің көмектеріңнің арқасында шалқанды жұлып алдық. Осындай тату, дос болыңдар. Тәрбиеші: Шалқан қандай екен, жапырағы қандай, түсі қандай? Шалқан ертегісінің кейіпкерлерін атаңдаршы.

Балалар: Үлкен, жасыл, сары. Ата, апа, қыз, күшік, мысық, тышқан.

Біз ақылды баламыз

Пішіннен үй саламыз

Санауды біз білеміз

Бәрін үйреніп келеміз

 

Тәрбиеші: Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>