«Шығыс Қазақстан облысы ,Семей қаласының білім бөлімі»

«Шығыс Қазақстан облысы ,Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шүлбі жалпы орта білім беретін эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шағын орталық «Айгөлек» ІІ-кіші топтың тәрбиешісі  Сүлейменова Аяулы Тоқтарбекқызы Тақырыбы: «Ертегілер еліне» саяхат Мақсаты: Балалардың бойында ертегілер туралы түсініктерін кеңейту.Көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.Тілдерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Ертегі кейіпкерлерінің сөзін, дауысын интонациясын келтіріп айтуға дағдыландыру. Достыққа, татулыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ертегілердің кейіпкерлерінің қуыршақтары, суреттері, слайд

Әдіс-тәсілі: көрсету, сұрақ-жауап, жұмбақ, өлең, сергіту сәті, ойын.

Сөздік жұмыс:

Билингвалды компонент: Ертегілер — сказки, саяхат-путешествие

Барысы:

Тәрбиеші: Балалар қандай ертегілерді білесіңдер?

Балалар: «Мақта қыз бен мысық», «Үйшік», «Үш аю», «Маша мен аю», «Шалқан», «Бауырсақ», «Жеті лақ пен қасқыр»

Слайд арқылы балаларға «Ертегілер елінде»  бейнебаяны көрсетіледі. 

Тәрбиеші: Ендеше, біз пойызға отырып, «Ертегілер еліне» саяхатқа шығамыз.

І-аялдаманың атын тауып көрейікші.

-Бұл үйде кім тұрады? Кел, бірге тұрайық!

Балалар: «Үйшік» ертегісі

Тәрбиеші: Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

Балалар: Тышқан, бақа, қоян, қасқыр, түлкі, аю.

Тәрбиеші: Үйді қайсысы  сындырды?

Балалар: Аю

Тәрбиеші: Аюға үйді салысуға көмектескен  достары туралы тақпақ айтып беріңдерші.

Балалар:

Түлкі, түлкі, түлкішек                                                                                                                              Апам үйіне барамын

Түнде қайда барасың?

Апаң саған не береді?

Ешкі сойып ет береді

Оны қайда қоясың?

Тал түбіне қоямын

Ит жеп кетсе қайтесің?

Бақан ала қуамын

Жеткізбесе қайтесің?

Жылай-жылай қаламын

Қоян, қоян тұршы                                      Бақа-бақа, балпақ

Беті-қолыңды жушы                                  Басың неге жалпақ

Айнаға қарашы                                          Темір телпек көп киіп

Шашыңды  тарашы                                   Басым содан жалпақ

Әйбат көйлек кисеңші

Дөңгеленіп билесеңші

Тәрбиеші: ІІ-аялдаманың атын тауып көрейік.

-Лақтарым, шұнақтарым

Есікті ашшы, қарақтарым

Балалар: «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісі

Тәрбиеші: Лақтардың енесі қайда кетті? Ешкі жабайы немесе үй жануары ма? Ешкі мен лақтарын қасқырдан құтылуға көмектесеміз бе?

Балалар: Үй жануары. Иә, көмектесеміз.

Тәрбиеші: Бір ойын ойнайық. Ойынның аты: «Дауысынан таны»

ІІІ- аялдамамыз қалай аталады екен?

-Ападан да қаштым

-Атадан да қаштым

-Енді, сеннен қашу оңай

Балалар: «Бауырсақ» ертегісі

Тәрбиеші: Дұрыс таптыңдар. Бауырсақ қандай аңдардан қашты? Енді, оны түлкіден құтқаруға көмектесейік.

Балалар: Ападан, атадан, қояннан, қасқырдан, аюдан қашты. Иә, көмектесеміз. Тәрбиеші: Ол үшін сергіп алайық.

 

Сергіту сәті:

Көлбең-көлбең, көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем

Қоян қалай жүреді?

Кім көрсете біледі?

Көлбең-көлбең, көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем

Аю қалай жүреді?

Кім көрсете біледі?

Көлбең-көлбең, көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем

Түлкі қалай жүреді?

Кім көрсете біледі?

 

Тәрбиеші: Бауырсақты түлкіден құтқарып алдық. Келесі ІҮ-аялдамамыз қалай аталады екен, тауып көріңдерші.

- Ертеде ата мен апа өмір сүріпті. Ата  көмекке апаны, немере қызын, күшікті, мысықты, тышқанды шақырыпты.

Балалар: «Шалқан» ертегісі.

Тәрбиеші: Осы ертегіні рөлдерде ойнап берейік.

Автор: Ертеде ата мен апа өмір сүріпті. Ата шалқан егіп, жаз бойы күтіп-баптайды. Күз түскенде шалқанды жинап алайын десе, шалқаны үлкен болып өсіп кетіпті. Ата ары тартады, бері тартады, жұла алмайды. Көмекке кемпірін шақырады.

Ата: Кемпірім-кемпірім, бері келші, көмектесші.

Апа: Жарайды, көмектесейін.

Автор: Кемпірі атаның белінен, ата шалқанның желегінен ұстап,ары тартады, бері тартады, жұла алмайды. Кемпірі немере қызын көмекке шақырады.

Апа: Қызым-қызым, бері келші, көмектесші.

Қыз: Жарайды, көмектесейін.

Автор: Қыз апаның белінен,апа атаның белінен, ата шалқанның желегінен ұстап,ары тартады, бері тартады, жұла алмайды. Қыз күшікті көмекке шақырады.

Қыз: Күшігім-күшігім, бері келші, көмектесші.

Күшік: Жарайды, көмектесейін.

Автор: Күшік қыздың етегінен,қыз апаның белінен,апа атаның белінен, ата шалқанның желегінен ұстап,ары тартады, бері тартады, жұла алмайды. Күшік мысықты көмекке шақырады.

Күшік: Мысығым-мысығым, бері келші, көмектесші.

Мысық: Жарайды, көмектесейін.

Автор: Мысық күшіктің құйрығынан,күшік қыздың етегінен,қыз апаның белінен,апа атаның белінен, ата шалқанның желегінен ұстап,ары тартады, бері тартады, жұла алмайды. Мысық тышқанды  көмекке шақырады.

Мысық: Тышқан-тышқан, бері келші, көмектесші.

Тышқан: Жарайды, көмектесейін.

Автор: Тышқан мысықтың құйрығынан,мысық күшіктің құйрығынан,күшік қыздың етегінен,қыз апаның белінен,апа атаның белінен, ата шалқанның желегінен ұстап,жұлып алады.

Тәрбиеші: Шалқанды жұлуға кімдер көмектесті?

Балалар: Апа, қыз, күшік, мысық, тышқан-деп жауап береді.

Тәрбиеші: Бір-біріңе көмектессеңдер, тату, дос болсаңдар, барлығын да жеңесіңдер. Тату, дос боламыз ба,бір-бірімізге көмектесеміз бе?

Балалар: Иә, тату, дос боламыз, көмектесеміз.

Тәрбиеші: Енді, тобымызға оралайық. Балалар, пойызбен қайда бардық? Қандай ертегілердің кейіпкерлерімен кездестік. Нелерге көмектестік?

Балалар: «Ертегілер еліне» бардық. «Үйшік», «Шалқан», «Бауырсақ», «Жеті лақ пен қасқыр» ертегілерінің кейіпкерлерімен кездестік. Аюға, бауырсаққа, ешкі мен лақтарына көмектестік.

Тәрбиеші: «Ертегілер елінде» әнін бәріміз қосылып, орындайық. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ: ІІ сәбилер

 Білім беру аймағы: «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық»

Бөлімдер: «Көркем әдебиет», «Тіл дамыту», «Сурет», «Құрастыру»

Тақырыбы: «Ертегі еліне саяхат»

Бағдарлама мазмұны: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға, есте сақтау қабілетін дамыту. Таныс ертегінің соңын басқаша құрастыру, көркем-тілдік және орындау қабілеттерін қалыптастыру, халық шығармашылығына қызығушылықтарын таныту.

Сөздік жұмыс:__ «Саяхат»

Билингвалды сыңары: _Саяхат — путешествие , ертегі – сказка

Заттық-дамыту орта: «Шалқан» ертегісіне арналған көстюмдер, «Шалқан» муляжі, «Шұбар тауық» ертегісінің мнемокестесі, «Бауырсақ» — доп, конструктор, сары түсті гуашь, ақ қағаз, «Лақтар мен қасқыр ертегісінің суреттері», Аю мен шұбар тауықтың костюмы, шырша мен ағаштар. Тәрбиеші: Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Қане, бәрімізпойызғаотырып, кетейік. Балаларбір-бірініңиығынанұстап «Пойыз» өлеңінайтыпжүреді.

I аялдамағакелдік.Ата-аналардыңқатысуымен «Шалқан» ертегісінсахналау. Балаларжартышеңберқұрыпотырады.

II аялдама. «Сергітусәті» — балалар «Аңшы» сергітусәтініңсөзінеқимылдаржасайды.

IIIЕртегілердіңүзіндіаялдамасұрақтарқояды. Мынауаялдамағақызықсуреттерілініптұр. – Бұлқандайертегі? — «Лақтарменқасқыр» — Осыертегініайтыпберіңдерсуреттергеқарап. — Суреттенесалынған? — Ешкітамаққакеткенкезделақтарғанеайтыпкетті? — Алмынаусуреттенекөріптұрсыңдар? — Қасқырнеістептұр? — Олнеүшінаңдыптұр? — Алмынаусуреттенекөріпотырсыңдар? — Лақтарнеістептұр? — Еңсоңғысуреттенекөріпотырсыңдар? — Ешкілақтарыменнеістептұр? Балалар тағы да пойыз құрып келесі аялдамаға барады.

IV аялдама. «Орман». Сол орманда Аю жылап тұр. Тәрбиеші: Аю, сен неге жылап тұрсын, саған не болды? — Қалай мен жыламаймын, мына жерде үйшік тұрды, мен оған сыймай сындырдым, содан бәрі қашып кетті, кім маған көмектеседі? – деп балалардан сұрайды. Тәрбиеші: Жылама Аю, біздің балаларымыз сондай әдемі, үлкен үйшікті жасай алады. Бізбен бірге сиқырлы пойызға отырып келесі аялдамаға барайық, сол жерде біздің балаларымыз саған үйшік соғуға көмектеседі. Аю мен балалар пойыз құрып келесі аялдамаға жетеді.

V аялдама. «Шұбартауық». СолаялдамадаолардыШұбартауықкүтеді. Оларменсәлемдеседі. Мнемотаблицаныкөрсетеді. — Балалар, сендермынаумнемотаблицабойыншаертегініайтыпбереалысыңдарма? Бір-екібаламнемотаблицабойыншаертегініайтыпбереді. «Шұбартауық» рақметайтады. — Сендерменіңбалапандарыматарыжасайаласыңдарма? – депсұрайды. Балалар: Ия, бізоныжасайаламыз – дейді. Қыздарсуреттісалуғакетеді, саусақарқылыбалапандарғатарысалады. Тәрбиеші: Аю, сағанбіздіңұлбалаларымызүйшіксоғуғакөмектеседі. Аю мен ұл балалар конструктордан үйшік соғады. Аю мен Шұбар тауық балаларға рақмет айтады, ал балалар сиқырлы пойызға отырып, өз тобына кетеді.

VIСюрприз. Бауырсақ секіріп топқа кіреді. Балалардан сұрайды: — Мен кіммін? — Мен кімнен қаштым? Балалар: Сен бауырсақсын, атадан, әжеден, қояннан, қасқырдан, аюдан қаштын. Тәрбиеші: Ал сені түлкі жеп қоймады ма? Бауырсақ: Мен оны алдадым, түлкінің тұмсығына отырмадым деп айтып береді. Сіздің балаларыңыз өте ақылды екен, олар маған қайда барғандарын айтып бере алады ма? Сендер не көрдіңдер, не істедіңдер? Егер сендер маған толық жауап берсендер, мен сендерге сыйлық беремін. Балалардың жауабы: — Біз сиқырлы пойызға отырдық. — Ертегілер еліне саяхатқа бардық. — «Шұбар тауық», «Шалқан», «Үйшік» ертегісін еске түсірдік. — Шұбар тауыққа тары жасадық, Аюға үйшік жасадық, сергіту сәтін орындадық, қайтадан топқа келдік. Бауырсақ: Мен өз ертегіме барайын, ал есіктің артында сендерге сыйлығым бар, ол сендерді күтіп тұр.
Тәрбиеші: Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік.
Балалар бір-бірінің иығынан ұстап «Пойыз» өлеңін айтып жүреді.

Ертегілер еліне саяхат
Мақсаты: Балаларды ертегіні жақсы қабылдай білуге үйрету, сахналап беруге талпындыру. Болашақта кейіпкерлер рөлдерін сомдай алуға тәрбиелеу.
Балалар екі топқа бөлініп отырады.
Балалар , барлығың ертегілер еліне саяхат жасауға дайынсыңдар ма?
Олай болса мен қазір сендерге ертегі айтып беремін бәрің мұқият тыңдыңдар . Ертегінің жалғасын өздерің құрастырып, сол ертегіні сахналап көрсетесіңдер
… Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, көркі мінезіне сай, өзі батыр, әрі ержүрек бір жігіт болыпты. Ол бір күні ұйықтап жатып түсінде айдай сұлу бір қызды көреді. Ол қыз бір қиындыққа тап болыпты. Ұйқысынан шошып оянған жігіт қызға дереу көмек көрсетуге барады. Бірнеше күн жол жүріп ,шаршап отырған жігітке бір қойшы кез болады жігіт көрген түсін қойшыға баяндап береді. / жалғасын құрап, шағын қойылым ретінде көрсетесіңдер/
Балалар жігітке көмек көрсетуге аттанады.
“Айгөлек” тобын ортаға шақырамыз
Бұл топтың балалары ертегіні былайша жалғастырған Қойшы жігіт бір үңгірден жалмауыз кемпір айқайлаған дауысын естігенін айтып берді. Әлгі жігіт ойланбастан сол жаққа аттанды. Байлауда отырған қызды құтқарып қалды Қыз бен екеуі қосылып бақытты ғұмыр кешеді.
Бәрекелді! Тамаша! Сендердің тапқырлықтарыңның арқасында жігіт бақытты ғұмыр кешеді.
Ортаға “Көбелектер” тобын шақырамыз
Бұл топтың балалары ертегіні былайша жалғастырған Тыңдап көрелік.
Қойшы жігітке көмек көрсетуден бас тартады. Жігіт жол бойы көп ойланып алға қарай бет алды Көп қиыншылықтардан өтті Жалмауыз кемпірдің торына түсіп қалды. Кенеттен өзі іздеп жүрген сұлу қыз көмекке келді. Екеуі бірлесіп қиыншылықтан шықты. Қалған өмірлерін бақытты өткізді.
Өте жақсы. Сұлу қыздың өжеттілігіне бәріміз тәнті болдық.
Сайыстың келесі бөлімінде “ Ертегі оқи білеміз “ әр топтан екі сайыскер шығып , оқыған ертегілерінің мазмұнын баяндап береді.
Қошеметпен сайыскерлерді ортаға шақырамыз
Сайысқа қатысушылар3-4 сынып оқушылары
ІІІ- бөлім Қырық өтірік , өтірік өлең құрастыру/ сайысқа әр бала өз қалауымен қатысады/
Құрметті балалар, саяхатымыз сәтті аяқталды.

Ертегілер әлеміне саяхат

Ертегілерәлемінесаяхат
Ұйымдастырылғаноқуіс-әрекетініңтехнологиялықкартасы
Тобы:ІІсәбилертобы.
Білімберусаласы:«Таным»,«Қатынас»,«Шығармашылық»
Оқуіс-әрекеті:Көркемәдебиет
Мақсаты: Ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез — құлқын жеткізе білуге үйрету. Суретке көңіл қойып мазмұнын түсіне білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл — қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. Сөздерді анық айтуға дағдыландыру,естесақтауқабілетіндамыту.
Ермексазбен жұмыс істеуге үйрету, конструктордан өз еріктерімен жұмыс істеуге пысықтау.Достыққа,мейірімділіккетәрбиелеу.
Құрал — жабдықтары: «Шалқан» ертегісіне арналған костюмдер, «Шалқан» муляжі, ертегі мазмұнына сәйкес сурет — таблицалар, Шұбар тауық муляжі, ертегі мазмұнына сәйкес сурет — таблицалар, «Үйшік» ертегісінің мазмұнына сәйкес сурет — таблицалар, Аю костюмы,магниттітақта,үнтаспа.
Әдіс-тәсілдер:ертегіайту,сахналау,сұрақ-жауап.
1. Балаларды ынталандырып, сезімдерін ояту мақсатында сабақ Шаттық шеңберінен басталады.:
Күншығыпты,алақай,
Қуанатынкүнбүгін.
Қайырлытаң!Қайырлытаң!
Күліпшықтыкүнбүгін.
Сәлеметсізбе?
Бәрімізкүндейжарқырайық,
Бәрімізтатуболайық!
- Достығымыз жарассын,- деп келген қонақтармен амандасайық.(Балалар өлең жолдарын қайталапкелгенқонақтарменамандасады.)
- Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сыйқырлы поезға отырып барлығымыз Ертегілер еліне аттанайық.(балалар бір — бірінің иығынан ұстап, А. Қалаубаеваның орындауындағы «Ертегілер» әнінің ырғағымен поезд болып қозғалады.)
- І аялдамаға келдік — қане, мына аялдамадағы суреттерге қарап аялдаманың атын тауып көрейікші? (Магнитті тақтаға бекітілген ертегі кейіпкерлерінің суреттеріне қарап отырып балалар«Шалқан»ертегісідепжауапбереді.
- Қане, балалар, біз «Шалқан»ертегісін есімізге түсірейік. (Балалар жарты шеңбер құрып отырады. Ертегі кейіпкерлерінің костюмдерін киген балалар ертегіні сахналайды.)
-Ал,ендісаяхатымыздыжалғастырайық.
ІІ — аялдама – мына жерде қызық суреттер ілініп тұр, балалар. Қане, қарайықшы, бұл қандай ертегі? Суретте не бейнеленген? (Қабырғадағы суреттерге қарап, балалар бұл «Үйшік»ертегісіекенінайтады.
Сұрақ – жауап: — Үйшікке бірінші болып кім келді? Тағы кімдер келді? Үйшікте барлығы нешеу болып тұра бастады? 4 — ші болып кім келді? Соңынан кім келді? Аю не деді?
Ғажайып сәт:Есік қағылып, аю келеді, жылап тұр.(Аю костюміндегі бала)
-Аю,сағаннеболды?Негежылаптұрсың?
Аю үйшіктің құлап қалғанын айтып, балалардан үйшікті құрастыруға көмектесуді сұрайды.
-Аюғакөмектесемізбе,балалар?(Балалар«иә»депжауапбереді.
-Олай болса, алдымен аюды көңілдендіріп алайық, иә, балалар?
Сергіту сәті: — Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп — теріп алайық,
Қалтамызға салайық.(Балалар тиісті қимылдар жасайды)
- Аю, сен бізбен бірге саяхатқа жүр. Біз саған келесі аялдамаға барғанда үйшігіңді құрастыруға көмектесеміз.
ІІІ аялдама: — Магнитті тақта бұрышында орналасқан Шұбар тауықтың муляжі, тақтада сурет — таблицалар.- Балалар, мынау не? (тауық)
- Қандай тауық? ( балалар шұбар тауық деп жауап береді)
- Олай болса, бұл қандай ертегі? ( «Шұбар тауық» ертегісі)
Үнтаспадан Шұбар тауықтың дауысы: — Саламатсыңдар ма, балалар? Сендер мына суреттерге қарап ертегіні айтып бере аласыңдар ма? (Балалар суреттер арқылы ертегіні еске түсіреді)
- Енді сендерге өтініш: менің балапандарымның қарындары ашып қалыпты, соларға арнап тары дайындап бересіңдер ме? балалар жарыса «иә»деп жауап береді)
- Қане, балалар, бәріміз бірігіп аюға үйшік құрастыруға, шұбар тауықтың балапандарына тары дайындауға көмектесеміз бе? (Балалар екі топқа бөлініп, ұлдар құрастырмалы ойыншықтардан аюдың үйшігін құрастыруға, қыздар ермексаздан шұбар тауықтың балапандарына тары дайындауғакөмектеседі.
Риза болған аю мен тауық балаларға алғыстарын айтады.
Балалар поездарына мініп, көңілді әуенмен топтарына қайтады.
Сұрақ – жауап: Балалар, біз қайда бардық? Не көрдік? Не істедік? ( Біз сыйқырлы поезға мініп, ертегілер еліне бардық, «Шалқан», «Үйшік», «Шұбар тауық» ертегілерінің кейіпкерлерімен кездесіп, ертегілерді еске түсірдік, аюға, шұбар тауыққа көмектестік,- деп балалар жарыса жауап береді)
-Саяхатымыз ұнады ма?(Балалар ұнағандығын айтты)
Күтілетіннәтиже:
Білу: Суретке қарап мазмұнын айта білу.
Меңгеру: Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл — қозғалысын ойнап келтірді. Ермексазбен, конструктордан өз еріктерімен жұмыс дағдыларын көрсетті.
Істей алу: Сөздерді анық айтып, есте сақтау қабілеттерін дамытты.
Көрсете білуі: ертегіге еніп, қиялдауды үйренедійту

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>