«Шығыс Қазақстан облысы ,Семей қаласының білім бөлімі»

«Шығыс Қазақстан облысы ,Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Шүлбі жалпы орта білім беретін эстетикалық білім және тәрбие беру мектеп-кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шағын орталық «Айгөлек» ІІ-кіші топтың тәрбиешісі Сүлейменова Аяулы Тоқтарбекқызы  Ашық оқу іс-әрекеті:Тақырыбы: Сүт өнімдері Мақсаты:  Сиыр сүтінен жасалатын ұлттық тағам түрлерімен таныстыру.Міндеті: Сүт өнімдерінің түрлерін, дәмін ажырата білуге үйрету. Сүттің адам ағзасына пайдалы екенін түсіндіру. Ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Cүт өнімдерінің,сиырдың  суреттері,слайд.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап,шаттық шеңбері, тосын сәт,ойын, сергіту сәті.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:

Шаттық шеңбері

Бала, бала, баламыз

Біз дүкенге барамыз

Дәруменді тағамды

Таңдап-таңдап аламыз

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз сүт өнімдерімен танысамыз.Сүт өнімдеріне  қаймақ, май, айран,сүзбе, ірімшік, қатық,құрт, иогурт,балмұздақ жатады. Сүттен жасалатын  өнімдерді  ұлттық тағамдар дейміз. Бесін аста не ішеміз?

Балалар: Сүт ішеміз

Тәрбиеші: Сүтте  дәрумендер бар, денсаулыққа пайдалы, ауырмаймыз. Сүтті қайдан  аламыз?

Балалар: Сиырдан

Тосын сәт: Қонаққа Сиыр келеді.

Сиыр: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырамын. Кім шешуін табады?

Өзі аппақ, қар емес

Қаймақ, айран жасалар

Ол не?  (Сүт)

Тәрбиеші: Сүттен қандай ұлттық тағамдар жасалады?

Балалар: Қаймақ, май, айран,сүзбе, ірімшік, қатық,құрт, иогурт,балмұздақ

Тәрбиеші: Сүтке байланысты тыйымдар бар:

1.Жерге төгілген ақты басуға болмайды.

2. Малды теппе, сүтті төкпе.

- Балалар, қараңдаршы  сүттің түсі қандай?

Балалар: Аппақ

Тәрбиеші: Сүт сұйық, су сияқты. Айран қандай, дәмі ше?

Балалар: Қою, тәтті

Тәрбиеші: Құрт қандай, дәмі ше?

Балалар: Ашты, қатты

Тәрбиеші: Ендеше, ойын ойнайық «Дәміне қарай ажырат»

-Сендер жақсы көретін құрт неден жасалады?

Балалар: Сүттен жасалады.

Тәрбиеші: Сүттен айран, айраннан қатық, қатықтан құрт жасалады. Қазір біз құрт жасаймыз.  -Қатықтан не жасадық?

Балалар: Құрт жасадық

Сиыр: Мөңіреп, балалар, мен шаршадым, сергіп алайық.

 

Сергіту сәті:

Сиырды  сауайық

Одан сүт алайық

Сүтті біз ішеміз

Көбейер күшіміз

Сиыр:  Тағы бір ойын ойнайық. Ойын: «Не артық?»

Қорытынды: - Құрт неден жасалады?

-Қатықтан жасалады.

-Сүттен қандай тағамдар жасалады?

-Айран, қаймақ, май.

 

Сиыр: Барлығың жақсы қатыстыңдар. Сендерге құртты сыйлаймын. Сау болыңдар!

Тәрбиеші: Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>