Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы М.О.Әуезов атындағы №6 орта мектеп география пәні мұғалімі Жумабаева Шарбану Дарикуловна Тақырыбы: «Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға.»

Қызылорда облысы Байқоңыр қаласы
М.О.Әуезов атындағы №6 орта мектеп
география пәні мұғалімі
Жумабаева Шарбану Дарикуловна
Тақырыбы: «Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға.»
Мақсаты: ата-ананың бала өміріндегі орны, ата-ананың балаға деген қамқорлығы, сүйіспеншілігі, баланың ата-анаға құрметі жөнінде әңгімелеу. Барысы: Ұйымдастыру.
• Ән-ұран
• Кіріспе
Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы-жаман болса, бала солардан.
Бүгінгі таңда отбасы өнегесінің, тәрбиесінің кемшілігі болып жататын тұстары көп. Балаға тәрбие берудің тетігін біле бермейтіндігіміз де жасырын емес.
Баланың басты ұстазы – ата-анасы болғандықтан, олардың педагогтік білім мен тәжірибесі болуы міндет-ақ. Мейлі ол басқа мамандықтың иесі болсын, қосымша білім артық етпейді. Өйткені, бүгінгі таңда балалармен дұрыс тәрбие жұмысын жүргізе алмайтын ата-аналарда көп. Ата-ана бала тәрбиесіндегі негізгі тұлға. Сонымен қатар, олар балалардың жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде, олардың пікірімен үлкен адамдай санасқан орынды. Сонда тәрбиені қалай, неден бастау керектігі айқынырақ көрінеді.
Кейбір ата-аналар: «Кешке дейін жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге, сабағын қарауға уақыт жоқ» деп жатады. Баламен сөйлесуге арнаулы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Мысалы, қызы анасымен астың қамында жүргенде, ал әке баламен үй шаруасымен айналысу кезінде ортақ тақырыптар туралы пікірлесуге болады.
Ата-ана өз уақытын тиімді пайдаланса, ол да бала үшін үлкен өнеге. Жастайынан еңбектеніп үйренген бала өскенде де өз уақытын босқа жібермей, тиімді пайдаланатын болады. Кейбір отбасындағы жанжал, үлкендердің ойланбай дөрекі сөйлейтіндері немесе біреуді сыртынан жамандау, балаға теріс әсер етеді.. Ал, кейбір ата-аналар балалары мектептен келгенде сұрақтың астына алатындары да бар. «Мектепте не істедің?», «кім қалай сөйледі?», «қалай жүрді?», «сабақ өтті ме?», «қай мұғалім қалай сабақ берді?» дегендей. Бұл өте жаман қасиет. Бұл ата-ананың сауатсыздығында. Сонымен қатар, қазіргі балаларға үйге қалай келеді есіктен кірген жерінен сөмкесін тастап, сол жерден ертеңіне алып кетеді. Сабақ оқуға түк мойынсұнбайды. Әсіресе, ересек сыныптарда оқитындар.
Қазіргі таңда жасөспірімдер көбіне компьютер ойнап дағдыланған. Оның ішінде ылғи кісі өлтіретін ойындар, атыс,

Қызылорда облысы Арал ауданы №21 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Садуақасова Райхан Нуршадиновна Математика 3-сынып

Қызылорда облысы Арал ауданы
№21 орта мектептің
Бастауыш сынып мұғалімі
Садуақасова Райхан Нуршадиновна
Математика 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Алған білімді тиянақтау, бекіту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: көбейтудің қасиеттерін, санды бірнеше есе үлкейту не кішірейту тақырыптарында алған білімдерін тиянақтау мен жанама түрде есептер
шығаруға жаттықтыру.
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс жасауға, өзгені тыңдап, өз ойын еркін жеткізуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, топтықжұмыс, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, иллюстративті.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, семантикалық карта.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Біздің келер шамамыз,
Көбейтуге данамыз.
Төрт амалды тең білер
Өте зерек баламыз.
«Тәуелсіз ел тірегі –білімді ұрпақ»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
№ 2
6*8=48 54/9=6 52-20/5=48 36-4*9=0 24/8=3
7*6=42 48/6=8 49+30/6=54 40+7*5=75 18/6=3
6*6=36 42/7=6 18/9+58=60 60-8*4=28 42/6=7
ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
1-слайд. 6 санының қандай сандарға көбейтіндісі 12, 24, 18-ге тең болады?
ІV. Жаңа сабаққа кіріспе.
Қандай 2 бірдей санның көбейтіндісі 25-ке тең, 2 жүздіктен 4 ондықтан 8 бірліктен құралған үш таңбалы сан, ондығы 4-ке тең бірлігі ондығынан 2 есе артық санды жаз, 99 санынан тікелей кейін келетін сан, 5 санынан 2 есе артық сан, 5 санынан 2-ге артық сан, 40/5, 21/3.
(5,248, 48, 100, 10, 7, 8, 7)
Ойын «Сен –маған, мен –саған »
V. Жаңа сабақ.
2 –слайд.
№1
Волейбол ойнады -6 б.
Футбол ойнады -? б, 3 есе > (*)
Барлық бала -? (+)
6+6*3=24
Жауабы: барлығы 24 бала ойнады.
Логикалық тапсырма (топтық жұмыс)
Сағат бетіндегі цифрларды 13-ке тең болатындай етіп 6 бөлікке бөл.

Балымова Гулнар Сактаганқызы Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық №1 Әуез мектебінің Домбыра класының мүғалімі Сабақтың тақырыбы: «Штрихтармен жұмыс».

Балымова Гулнар Сактаганқызы
Қызылорда облысы
Байқоңыр қалалық
№1 Әуез мектебінің
Балымова Гулнар СактаганқызыДомбыра класының мүғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Штрихтармен жұмыс».
Оқушы: Отаров Нарұл 2 — класс
Мақсаты : Шығармада кездесетін әртүрлі штрихтарды ойнау арқылы, оқушының орындаушылық қабілеттерін орнықтыру, оқушының сабаққа деген ынтасын арттыру.
Білімділік : Оқушыға сауатты түрде музыкалық штрихтардың дұрыс орындалуын көрсету, сол штрихтардың шығарманың мазмұнын ашуға тигізетін ықпалын тусіндіру.
Дамытушылық : Таныс шығармалармен жұмыс жасай отырып оқушының қиялын, есте сқтау, ойлау қабілеттерін дамыту және орындаушылық – шығармашылық қасиеттерімен байланыстыру.
Тәрбиелік : Оқушының орындаушылық мәдениетін қалыптастыру шығармаларды өз ынта-жігерімен ойнауға тәрбиелеу,қазақ халық музыкасына , күйлеріне қызығушылығын арттыру.
Сабақтың әдіс – тәсілдері:
Түсіндіру, ойнап көрсету, комплексті қолма-қол ескертулер, сұрақ-жауап, білім алушының қабылдау қабілетін қадағалау.
Пән аралық байланыс: Музыка теориясы, сольфеджио,музыка әдебиеті.
Көрнекілік:1.Буклет
2.Композиторлардың суреттері,слайдтар.
3.Штрихтардың суреті
4. Күйші-композиторлардың кітаптары, карточкалар.
Техникалық жабдықтар: домбыра, фортепиано, ноутбук.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, дұрыс отыруын қадағалап, назарын сабаққа аудару.
Мақсаты: Штрих дегеніміз — не екенін оқушыға түсіндіріп, домбыра аспабында ойнауда қолданылатын штрихтармен таныстыру. Оқушының орындаушылық шеберлігін шыңдап, шығармаларда кездесетін штрихтарды түсініп, есте сақтау,меңгеру қабілеттерін дамыту.
Сабақты оң қол қағысы мен сол қол қойылымдарына арналған g – moll , гаммасын терцияда, әртүрлі штрихтарда және G — Dur гаммасын пиццикато штрихында ойнаудан бастадық, себебі гамманы ойнау, соның ішінде әртүрлі штрихтарда, ырғақта, екпінде түрлі аппликатурада әр тональдікте орындату, музыканттың техникасын арттыруға көп көмегін тигізеді. Гаммада мажор және минордың айырмашылығын айтып отыру. Мажор біркелкі, тұжырымды, ашық болып келсе, минор нәзік, жұмсақ кейде мұңды келеді.
Штрих –(нем.strich -cызықша) дыбыс шығару тәсілдері деп аталады.
Штрихтың түрлері: пиццикато, кіші тремоло, үлкен тремоло.
Міне, бүгін осы штрихтарға тоқталамыз. Оң қолдағы пиццикато штрихы. Шығармаларда оң қол саусақтарымен ішекті шертіп қағу пиццикато штрихы деп аталады.
Ол екі әдіспен орындалады.
1. Бас бармақпен төмен қарай орындау.
2.Сұқ саусақпен төмен және жоғары қарай орындау.
1.Сабақты оң қол қағысы мен сол қол қойылымдарына арналған
g – moll , гаммасын терцияда, әртүрлі штрихтарда және G — Dur гаммасын пиццикато штрихында ойнаудан бастадық, себебі гамманы ойнау, соның ішінде әртүрлі штрихтарда, ырғақта , екпінде , дұрыс аппликатурада, әр тональдікте орындату музыканттың техникасын арттыруға көп көмегін тигізеді. Гаммада мажор және минордың айырмашылығын айтып отыру. Мажор біркелкі, тұжырымды, ашық болып келсе, минор нәзік,жұмсақ кейде мұңды келеді.

М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің арнаулы пән оқытушысы Омарова Боранкүл

М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің арнаулы пән оқытушысы Омарова Боранкүл
Ашық сабақ жоспары
Пән: «Жолда жүру ережесі және жолда жүру қауіпсіздігінің негіздері»
Омарова  БоранкүлСабақтың тақырыбы: Жол тәртібін сақтайық .
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға реттелетін жол қиылысын сауатты оқып үйрету,
жол белгілерінің мәнін ашу, жол сызықтарының түрін оқып
үйрену, оларға қойылатын талаптармен танысу, жүргізушінің
әрекетін, ойлау қабілетін жетілдіру туралы толық
мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, тапсырылған
жұмысты жылдам орындауға және де алған білімдерін іс-
жүзінде қолдана білуге, сабақ үстінде ақпараттық-
коммуникациялық технологиямен тиімді жұмыс жасай
білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар
бере отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін , қиялдарын,
жадысын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Ойын түрінде..
Сабақтың өтілу әдісі. Сұрақ-жауап, тест сұрақтары.
Пәнаралық байланыс: Автомобиль құрлысы, сызу, а/ш машиналары
Сабақтың көрнекілігі Интербелсенді құралдар, электрондық оқулық, плакат,
тапсырма қағаздар, оқулық және оқушыларға көмекші
материалдар топтамасы.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
-оқушылардың сабаққа қатысуы.
-оқу құралдарын түгелдеу.
-сабақ тақырыбы мен мақсатын ұғындыру.
2. Өткен сабақты пысықтау.
Тест сұрақтары:
1. Бағдаршамның жасыл жыпылықтауық сигналында жол қиылысына кіруге рұқсат
етіледі ме?
А) Рұқсат етіледі, басқа бағыттан келе жатқан көлік құралдарына жол бере отырып
В) Рұқсат етіледі
С) Рұқсат етілмейді.
2. Бағдаршамның қызыл және сары сигналдар үйлесімі нені білдіреді?
А) Қозғалысты бастауға рұқсат етеді
В) Қозғалысқа тиым салынады және жасыл сигналдың жанатынын мәлімдейді.
С) Бағдаршамның бұзық екендігін мәлімдейді .
3. Бағдаршамның сары жыпылықтаған сигналы не туралы мәлімдейді?
А) Бағдаршамның бұзық екендігін
В) Бағдаршаммен реттелмейтін көше қиылысын немесе жаяу жүргінші өтпесін
білдіреді, қауіптен сақтандырады?
С) Қозғалысты жалғастыруға тиым салынады .
4. Мотоциклдің жүргізушісіне қай бағыттарда қозғалысын жалғастыруға рұқсат?
А) Тек солға
В) Тура және солға
С) Солға және кері бағытқа .
5. Ай түстес ақ және қызыл жыпылықтайтын сигналдар қосылғанда теміржол өтпесінен
қозғалуға рұқсат етіледі ме?
А) Рұқсат етіледі
В) Рұқсат етіледі, көрінетін шекте жақындап келе жатқан поезд жоқ болса
С) Тиым салынады .
6. Жол полициясының талабы бойынша жүргізуші көрсетілген орынға тоқтауға тиіс пе?
А) Иә
В) Жоқ .
Жаңа сабақ
Балалар, жолдар мен көшелерде күндіз де, түнде де, ыстықта да, суықта да транспорт құралдары толассыз ағылып жатады. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделене түсуде. Қауырт шақта ересектер жұмысқа асығып, балалар мектепке баратынтәңертеңгілік және жұрттың бәрі жұмысынан, оқуынан үйге қайтадан кешкілік жүріс ерекше жиілейді. Осы кездерде жаяулар мен жүргізушілер ерекше мұқият және сақ болуы тиіс.

М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің арнаулы пән оқытушысы Омарова Боранкүл Тракторлардың жалпы құрылысы және жіктелуі

М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжінің арнаулы пән оқытушысы Омарова Боранкүл
Тракторлардың жалпы құрылысы және жіктелуі
Омарова  Боранкүл Бөлімі Сағаты Сабақтың мазмұны, түрі Уақыты
Кіріспе 1 Блок құрылымын таныстыру, мақсаты:
• Тірек сызбамен түсіндіру
• Оқулықпен, дәптермен жұмыс
• Қорыту, үйге тапсырма 5мин
15мин
20мин
5мин
Сөйлесу бөлімі 2
3
4 «Өз жартыңды тап» ойыны (дамыту)
Қорыту, үйге тапсырма
«Алгоритм» ойыны (дамыту)
«Техниканы танып – біл» (пысықтау) қорыту, үйге тапсырма
«Не, қайда, қашан?» ойыны.
Шығармашылық жұмысты қорғау
Қорыту, үйге тапсырма 40мин
5мин
20мин
20мин
5мин
20мин
20мин
5мин
Қорытынды 5 Тест
Сынақ
Жалпы тарауға қорыту 15мин
20мин
10мин
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды ауыл шаруашылығында қолданылатын тракторлардың
құрылысымен таныстыру, салыстыру.
Тәрбиелік: Білімділікке, адамгершілікке, сүйспеншілікке тәрбие.
Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере
отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін қиялдарын, жадысын,
шығармашылық қабілеттерін арттыру. Оқушы нені білуі керек:
1.Ауыл шаруашылығында пайдалынылатын тракторлардың жалпы
құрылысын білуі керек.
2.Тракторлардың ауыл шаруашылығында қандай жұмыстар атқару
керектігін білуі керек.
Қосымша әдебиеттер:Мұғалімдер үшін: Әдістемелік нұсқаулар:
Момынбаев Б, К. Өстеміров «Тракторлар мен автомобильдер пәнін оқыту методикасы», Алматы. 1990ж
Оқушылар үшін: Б.Бектасов «Тракторлар құрылысы (технологиялық нұсқау карталар
жинағы)». Астана, 2010ж
Кіріспе бөлім. 1 сабақ.
Лекция тезис.
ТРАКТОР (жаңа лат traktor, лат trahj — тасымалдаймын, тартамын, сүйретемін) — тіркемелі, аспалы не өздігінен қозғалмайтын (стационар) құралдармен бір агрегатқа біріктіріліп, ауыл шаруашылығы, жол құрлысы, жер қазу, көліктік т.б. жұмыстарды атқаруға арналған өздігінен қозғалатын машина.
Ауыл шаруашылығында жалпы мақсаттағы тракторлардан басқа жер жыртатын бау-бақшалық, батпақта, тауда жүруге арналған, т.б. мамандандырылған тракторлар қолданылады. Өндірістік тракторлар ауыл шаруашылығы тракторларын қажетті жұмысшы жабдықтармен жарақтандыру жолымен модификациялау түрінде орындалады.
. Қозғалтқышының түріне қарай трактор «дөңгелекті» және «шынжыр табанды» болады. Шынжыр табанды тракторлардың негізгі артықшылықтары – жоғарғы тарту күші, жер қыртысымен жақсы ұстасуыжәне кез келген жермен жүруі, кемшіліктері – ауыр салмағы мен бастапқы құны, шынжыр табанды төменгі шыдамдылығы.

Қызылорда облысы. Байқоңыр қаласы,Ю.А.Гагарин атындағы № 8 мектептің тарих пән мұғалімі. Ағыбаева Айгүл

Қызылорда облысы. Байқоңыр қаласы,Ю.А.Гагарин атындағы № 8 мектептің тарих пән мұғалімі. Ағыбаева Айгүл
Тарих, география және химия, биология пән бірлестігінің ұйымдастыруымен
болатын «Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы» атты әдеби — музыкалық кештің бағдарламасы.
Тақырыбы: «Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы»
Ағыбаева Айгүл Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның даму жолдарындағы жетістіктерін ұғындыру, ҚР-ның мемлекеттік рәміздеріне ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдылан-дыру, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолын үлгі тұтып, оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Түрі: әдеби-музыкалық монтаж.

Әдісі: мультимедиа, АКТ, сөздік әдісі.

Көрнекілігі: Н.Ә.Назарбаев портреті, тақырып жазылған плакат, Мемлекеттік рәміздер, туған жерге байланысты слайдтар, қанатты сөздер, шарлар, жалаушалар, мультимедиа құралы.
Барысы:
І.Кіріспе
Жауапты мұғалімдер:
- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары!
- Мектебімізде тарих, география және химия, биология пән бірлестігінің ұйымдастыруымен 18 желтоқсан күні «Тәуелсіздік — елімнің ерлік жолы» атты мектепішілік іс-шарасы жоспарланған.
Мақсатымыз:
- Тәуелсіз Қазақстанның даму жолдарындағы жетістіктерін ұғындыру;
- ҚР-ның мемлекеттік рәміздеріне ұлттық рух тұрғысында қарауға дағдыландыру;
— Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолын үлгі тұтып, оқушылар- ды ұлтжандылыққа, парасаттылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу;
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата — бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
-Тыңдаңыздар! Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Тәуелсіздік – тұғырым;
ә) Желтоқсан желі ызғарлы;
б)Тұңғыш президент; ә) Мемлекеттік рәміздер;
1-жүргізуші: Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқы- мыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік .
2-жүргізуші: Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық. «Тәуелсіздік – тұғырым» дегендей 6-сынып оқушыларының орындауында әдеби-монтаждарын тыңдайық.
1-оқушы: Менің елім-Қазақстан, жүрегім, Тек өзіңсің, Отан Ана, тірегім. Аман болсын елім, жерім, ұрпақтар Тәңірден бүгін осы менің тілерім.
2-оқушы: Менің елім-Қазақстан,Отаным, Жырлап жазып, өзіңді әнге қосамын. Мәңгілікке қымбаттысың туған ел, Арта берсін абыройың, атағың.
3- оқушы: Жаса елім, жаса достық бірлікпен, Көштен қалма, қалма және тірліктен. Елім менің-Қазақстан,Отаным Алға өрле үшінші мың жылдықпен.
4- оқушы: Мен қазақпын, ұланымын елімнің, Мен қазақпын, тірегімін жерімнің. Ұланымын туын көкке көтерген, Қиындығын қазағымның әрқашан Қайыспайтын қара нардай көтерер.
5- оқушы: Көз тойғысыз қазағымның жері бар, Ну орманы, өзен-көлі, тауы бар. Қазағымның жерін, елін қорғайтын, Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.
6- оқушы: Міне осындай егеменді еліміз, Кең жазира, ұлан-байтақ жеріміз. Туған елін, туған жерін сүйетін, Біз қазақтың ұланымыз,еріміз.
1-жүргізуші: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім,елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым,өр халқым!
2 — жүргізуші: Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің-деп ақын жырлағандай 4 «А» сынып оқушысы Шамбилова Назеркенің орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар!
1 — жүргізуші: «Қазақ» дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, — деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді.
2-жүргізуші:
Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың .
Тәуелсіздігі үшін күресе білген жалынды жастарымыз туралы оқушылардың орындауында тыңдасақ.

Қызылорда облысы. Байқоңыр қаласы,Ю.А.Гагарин атындағы № 8 мектептің тарих пән мұғалімі. Ағыбаева Айгүл

Қызылорда облысы. Байқоңыр қаласы,Ю.А.Гагарин атындағы № 8 мектептің тарих пән мұғалімі. Ағыбаева Айгүл
Сабақтың тақырыбы: Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Ағыбаева Айгүл Үйсіндердің мал шаруашылығы мен егіншілік және отырықшылық кәсіптері туралы түсінік беру. Олардың күнделікті тұрмыста қандай қажетті бұйымдар жасағанын айту. Түрлі суреттерді пайдалана отырып, үйсіндер жасаған қолөнер заттарына сипаттама беру.Оқушылардың қызығушылығы мен білімдерін жан-жақты арттыру.
Дамытушылық:
Оқушыларды мазмұнды , анық сөйлеуге үйрету, тіл байлығын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту. Алған білімін өмірімен байланыстыру.
Тәрбиелік:
Басқа елдердің мәдениетімен таныстыру арқылы, өз елінің мәдениетін білуге, еңбек етуге тәрбиелеу.

• Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
• Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
• Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.Сын тұрғысынан ойлау.
• Сабақтың көрнекілігі:
«Лэти» сызба кестесі, Қазақстан картасы, Үйсіндердің ыдыстарының суреттері. Техникалық құралдар.
Сабақтың барысы:
• Ұйымдастыру.
• Үй тапсырмасын тексеру.
• Үй тапсырмасын бекіту.
• Жаңа сабақ.
• Жаңа сабақты бекіту.
• Қорытындылау
• Үйге тапсырма
• Бағалау.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу. Белгілеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
• Топқа бөлу. Үш қатарды «Білімділер», «Тапқырлар», «Ойшылдар» бөлінді.
• Сұрақтарға жауап алу.
• «Білімділер» тобына — Картамен жұмыс. Үйсіндердің орналасқан жерлерін картадан көрсету.
• «Тапқырлар» тобына — Жазба деректермен жұмыс жасау.
• «Ойшылдар» тобына – Үйсіндердің қоғамдық құрылысы туралы кесте бойынша түсіндіру.

Абида Сапарова

Презентация1.pptx fffffffffПрезентация1.pptx fffffffff

Абида Сапарова « МӘТІН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ

« МӘТІН АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ПРАКТИКУМНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ
Мақсаты:Мұғалімдердің мәтін арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруіне ықпал ету, жаңалыққа құштарлығын ояту. Әріптестермен оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оларды оқу мен тәрбие жұмыстарында қалай қолдануға болатындығы жайлы, ол әдіс-тәсілдердің тиімділігі туралы тәжірибе алмасу.
Күтілетін нәтиже:
Мұғалімдер мәтін арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді меңгереді.Оқу процесінде жұмысты түрлендіру арқылы оқушылардың дарындылықтарын айқындай біледі. Жұмыс жасау тиімділігі жайлы мағлұмат алады, оны өз тәжірибелерінде қолданады.
Оқыту әдістері:
: 1.Топқа бөлу
2.Жағдаятты анықтау
3.Постер жасау
4.Сергіту сәті
5.Тренинг
6.Кері байланыс
Дереккөздері:
1.Әдістемелік нұсқау.
2.Үлестірме материалдары
3.Бейнебаян «Океан»
4. Бейнебаян « Туған елдің түтіні»

Тапсырмалар:
Топтық талдау, салыстыру, бірін-бірі бағалау.
Жүргізілуі:
1. Сергіту сәті «Сабаққа жиналу».

2. Топқа бөліну (Нақыл сөздер арқылы)

а ) Сөз қадірін білмеген
Өз қадірін білмейді.

ә) Даналық ойдан дән ізде

МАНСУРОВА АМИНА ШАКИРТОВНА, Тәрбиеші «Балауса» сауықтыру балабақшасы,Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылы Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық

ЕРТЕГІЛЕРГЕ САЯХАТ
МАНСУРОВА АМИНА ШАКИРТОВНА,
Тәрбиеші «Балауса» сауықтыру балабақшасы,Жамбыл облысы
Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылы
Білім беру саласы: Таным, Шығармашылық
Бөлімі: Тіл дамыту, Сурет
Мақсаты: Балалардың ертегі жайлы ұғымдарын тиянақтау,ертегілерді көрсету үшін сұрақ-жауап арқылы баланың тілін жетілдіру,тіл байлығын арттыру,дұрыс сөйлеуге баулу.Ойындар арқылы баланың ойлау қабілетін арттыру.Балалардың шығармашылық ынтасын ояту.Нүктелі әдісті пайдалану.саусақ жаттығуы арқылы саусақ моторикасын дамыту.Дыбыстық жаттығулар арқылы баланы дыбыстарды дұрыс айта білуге пысықтау.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,дидактикалық ойын
Көрнекілігі: бауырсақ ертегісінің конусты суреттері,жеті лақ ертегісінің суреті,дидактикалық ойын:”Орнын тап та атын айт!”
Билингвалдық компонент: Түлкі-лиса,Бауырсақ-колобок,қоян-заяц
Мотивациялық қозғаушы:
Шаттық шеңбері: Балалар қане бәріміз шеңбер жасайық.Шеңберіміз неге ұқсады? Ендеше шарымызды үрлейік те үлкен шар жасайық. Енді денеміз сау болсын деп бір-бірімізді емдейік
-Қайырлы таң көздерім!Көздерім сендер ояныңдар!
-Қайырлы таң құлақтарым! Сендер ояныңдар!
-Қайырлы таң саусақтарым!Сендер ояныңдар
-Қайырлы таң Алтын күн!,Күн сияқты күлімдеу.
!здену ұйымдастырушы
-Балалар сендер ертегілерге саяхат жасағыларың келеді ме? Ал енді олай болса бәріміз немен барамыз? (Осы кезде гуілдеген пойыздың дауысы естіледі)
-Балалар естисіңдер ме? Бұл пойыздың дауысы екен.Олай болса бәріміз пойызға мінеміз.
Қимылды ойын: “Көңілді пойыз”
1.Аялдама “Жеті лақ”(Суреттен көрсету)
-Балалар жеті лақ ертегісіндегі лақтардың анасы қайда кетеді? Оларды не жеп қояды?Анасы орманға не үшін кетті?Ешкі туралы кім тақпақ айтып береді?
Аслан: Лақ,лақ лағым, Секңдеген шұнағым
2.Аялдама: “Бауырсақ”
-Балалар мына жерде қандай ертегі кейіпкерлері тұрады екен? -Бауырсақ нелерден қашты? -Бауырсақты не жеп қояды?
Жұмбақ жасыру:Өзі қорқақ,құлағы ұзын Ол не?
Балалар: қоян
Олай болса сендер шаршаған шығарсыңдар Қане қоян сияқты сергіп алайық.
Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды Ойлы-қырлы жерлерден Ытқып-ытқып жүгірді
3.“Шұбар тауық” аялдамас
-Балалар мына жерлерде шұбар тауық көрінбейді ғой,бірақ -ыт-қыттаған дауыс естіледі.
Балапан: Қыт-қыт-қыт Балалар сәлеметсіңдер ме!Мен анамнан адасып қалдым.
Олай болса біздің балалар саған көмектеседі.Балапанға кім тақпақ айтып береді?
Рахат:Шөп-шөп,шөжелерім Сары алтындайбалапаным, тез жетіңдер жем беремін
Дәнге толы алақаным,
-Жарайсыңдар балалар! Балалар бәріміз пойызға мініп тобымызға қайтамыз.
Өнер орталығы
“Балапанға”жем сауыттың ішінде тары суретін салу.
Ақ қағазға гуаш,қол сүрткіш
Нүктелі әдіс арқылы балалар таяқшамаен нүктелі әдіс арқылы тары салу.
Саусақ жаттығуы:”Амандасу”
Жұмыстарын аяқтау.Сендердің салған тары суреттеріңді балапанға сый қылып тартамыз.
Дыбыстық жаттығу: Орманда жүр масалар ыз-ызы-ыз-ыз
Аралар жүр ыж-ыж-ыжы
Тауықтар жүр қыт-қыт
Жыландар жүр ыс-ыс-ыс
Рефлексивті түзету
Билингвалдық компонент:қоян-заяц,бауырсақ-колобоқ
Балаларды мадақтау мақтау
Балалар біз қандай аялдамалакрға бардық?Қандай ертегі кейіпкерлерімен кездестік.